Известные имена

Жанияров О.С.

Олег Сайынділдаұлы Жанияров (1945 ж.) - cазгер

Сазгер Жанияров Олег Сайынділдаұлы 1945 жылдың 5 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданындағы Лесная пристанінде дүниеге келген. 1965 жылы Өскемен қаласындағы музыка училищесінің музыка теориясы бөлімін, 1971 жылы Құрманғазы атындағы институтты бітірді. 2012 жылы 18 қыркүйекте қайтыс болды.

1967-1970 жылдары Алматыдағы Октябрь ауданының музыка студиясында, 1970–1971 жылдары Алматыдағы А. Жұбанов атындағы өнер мектеп-интернатында теориялық пәндерден дәріс берді. 1971 жылдан М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінде және «Семей» университетінде оқытушы болып қызмет істейді.
Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген мәдениет қайраткері. 1973 жылдан бастап КСРО Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы композиторлар Одағы бөлімшесінің төрағасы.