Известные имена

Есімдер

Хочу продать квартиру. Ипотека можно ли продать квартиру быстро. Можно продать долю в квартире. В каком банке брать ипотеку. Стоит ли брать ипотеку сегодня. На какой срок брать ипотеку. Утепление стен своими руками. Быстрое утепление стен пенопластом своими руками. Технология утепления стен. Ремонт видеокарты ноутбука. Быстрый ремонт видеокарты своими руками. Сколько стоит ремонт видеокарты. В каком банке взять автокредит. Где выгоднее взять автокредит без проблем. Бесплатный сервер wow. Рейтинг серверов wow сайт. Сервера wow mangos. Чертежи самодельных станков. Скачать чертежи станков для холодной ковки. Сверлильный станок чертеж. Договор аренды квартиры. Стоимость аренды квартиры в Москве. Снять в аренду квартиру.

Болатова Қ. Ә.

BolatovaБолатова Қарагөз Әбдікеқызы (1946) - шығыс өңірінен шыққан тұңғыш қобызшы

1946 жылы мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Балықшы ауылдық округіндегі Шиліқарын (бүгінде су астында қалған) деген жерде дүниеге келген. 

Қарагөз 1964 жылы Қаратоғай орта мектебінің 8 класын бітірген соң Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің қобыз сыныбына оқуға түсіп, оны 1968-ші жылы бітіріп шыққан. Училищеге алғаш түскенде-ақ нота білмесе де, қобызда бірден ойнап кеткен екен. Бұл қабілетіне ұстазы да таңғалса керек.

Училищені бітіргеннен кейін Күршім ауданындағы Құйған орта мектебінде еңбек жолын бастаған. Бір жылдан кейін Марқакөл ауданына қызметке ауысады. Таңның атысы, күннің батысы тек шығармашылықпен айналысқан жылдар болатын. Бала күнінен тігіншілік өнерге жақын болған Қарагөз спектакльдерге киетін костюмдерді де өз тігетін. Қарагөз үнемі басты рольдерде ойнады. М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклінде Қарагөздің, «Махаббат машақатында» Тегене ханымның, «Дауылдан кейін» қойылымында мұғалиманың рөлін, Қалтай Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын» атты комедиясында Әлиманың образдарын сомдады. Кез келген спектакльдің сөзін бірден жаттайтын, есте сақтау қабілеті өте жоғары болды. Шәкен Қабдолдина, Гүлнар Кемешева атты құрбыларымен бірлесе еңбек етіп, Халық театры атағына қол жеткізді..

1976 жылы Қарагөз Әбдікеқызы Өскемен қаласына ауысып, елге танымал режиссер Марат Сақатовпен бірге Металлургтердің мәдениет сарайында қазақ оркестрін құруға белсене араласады.. Бірақ қазақ оркестрін дамытуға ешкім құлық таныта қоймаған жылдар еді. Оның үстіне отбасы жағдай келіңкіремей, үйсіз жүрген Қаргөз Күршімге қайтады. Содан Күршімде 23 жыл мәдениет саласында, оның ішінде он бес жылдай аудандық Мәдениет үйінің директоры болып қызмет істейді. 

Кейіннен облыстық мәдениет басқармасының маманы Нұрбану Кісебаеваның фольклорлық ансамбль құру туралы ұсынысын қабыл алып, Алматыға өзі барып, қобыз, домбыра секілді ұлттық аспаптарды жасаттырып алып келеді. Осылайша 1986 жылы Күршім жерінде «Сарын» атты фольклорлық ансамбль дүниеге келеді. Ансамбльде Жомарт Әміренов, Марат Бүрлібаев, Серікхан Ахметов сынды жақсы музыканттар көп болды. Ансамбль облыстың барлық аудандарын аралады. Румыния, Молдавия секілді елдерге де гастрольдік сапармен барып қайтты. Бұл өнер ұжымы да халықтық фольклорлық ансамбль деген атаққа ие болды. Қарагөз Болатова 2001 жылы Ұлан ауданының Мәдениет үйіне жұмысқа орналасады. Осындағы «Бескөл» ансамблінің бірінші қобызшысы болады. Тумысынан бесаспап Қарагөз Болатова Ұлан ауданының да өнері мен мәдениетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. Костюмерша болып, таңертең керек деген дүниені түнімен тігіп, әртістерді сахналық киімдермен қамтамасыз етіп отырған кездері де бар. Қазіргі күні Қарагөз апайдың өзінің жеке тігін шеберханасы бар. Өнердің бір саласынан кеткенімен, екінші саласында аудандық Мәдениет үйінің тапсырыстарымен сахналық киімдер тігеді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Досхан Жолжақсынов бастаған шәкірттері бір төбе.

Қарагөз Болатова туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

Публикации о К. А. Болатовой в периодических изданиях

Иманғали, М. "Қобызшы Қарагөз" дегеннен басқа атағым жоқ [Мәтін] : [Шығыстан шыққан тұңғыш қобызшы Қарагөз Болатова туралы] / М. Иманғали // Дидар. - 2017. - 2 наурыз.- Б.12.

Қасым , А. Қаракөз дегеннен басқа атағым жоқ [Мәтін] : [Шығыс өңірінен шыққан алғашқы қобызшы Қаракөз Болатовамен сұхбат] / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2017. - 27 наурыз.- Б.9

Қайролданова Н. Өнер мен өрелі істі ұштастырған жан [Мәтін] : [Қолөнер шебері, қобызшы Қарагөз Болатова туралы.] / Н. Қайролданова // Алдаспан. - 2018. - 29 қараша.- Б.13.