Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Горельников Я.В.

Горельников Я. В.Яков Вениаминович Горельников (1947-2022) – актер, Семей қаласындағы Абай атындағы драма театрдың жетекшісі.

1947 жылы 8 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы театрмен байланысты. 12 жасынан бастап мектепте көріністерге қатысып, сахнада өлең оқыған. Ол педагог режиссер - Игорь Константинович Вишневскийден тәлім алған. Яков Вениаминович Новосібірдегі театр училищесі мен жергілікті институттың тарихи-педагогикалық факультетін сырттай тәмамдайды.

Ол Ф. М. Достоевский атындағы Семей облыстық орыс драма театрында әртіс болып қызмет атқарады. Алғашқы спектакльден-ақ оның актерлік шеберлігі байқалады. Қырықтан астам рөлде ойнап, театрдың жетекші әртісі бола жүріп, көрермен көңілінен шыққан. Ол Ф. М. Достоевскийдің «Униженные и оскорбленные», В. Шекспирдің «Оттело», О. Бодыковтың «Каракумская трагедия», Э. Володарскийдің «Самая счастливая», С. Кузнецовтың «Московские каникулы», Н. Думбадзенің «Обвинительное заключение» спектакльдерінде ойнаған.

1975 жылдан бастап режиссерлік қызмет атқарады. Оның қатысуымен: Р. Абдуллиннің «Тринадцатый председатель», В. Ткаченконың «Мишкины слезы», Г. Симонованың «Гуси» спектакльдері қойылып, ал П. Шармандидің «Три волшебных конверта» спектакльімен Халықаралық фестиваль Лауреаты атанады. Режиссерлік жұмыс арқылы ұйымдастыру, ойлап табу, қиялдау қасиеттері оянады.
1982 жылы театр ұжымының ұсынуымен Я. В. Горельников театр директоры болып тағайындалады. Жас директордың еңбексүйгіштігі, табандылығы мен білімділігінің нәтижесінде көрермендер залы еш толастаған емес. Ол тек Семей қаласы емес, сонымен бірге Волгоград қаласы, Кишинев, Мәскеу, Новокузнецкі, Алматы, Қарағанды қалалары көрермендерінің де көңілінен шыға білген.

Молдавияға жасаған үздік гастрөлі үшін театр ұжымы Молдавия Үкіметінің Құрметті грамотасымен марапатталады.
Бүгінгі күні театр венгр драматургиясының Халықаралық фестиваль Лауреаты, Жезқазған, Павлодар, Қостанай қалаларында өткен Республикалық фестивальдар Лауреаты.
Мәдениет пен өнер саласына қосқан үлесі үшін облыс пен қала әкімінің, ҚР Мәдениет министрлігінің Грамоталарымен, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталған.

Рухани-адамгершілікке баулып, Қазақстанның театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыка-драмалық театры мен Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театрына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген.

2022 жылы дүниеден озды.

Я. В. Горельников туралы әдебиет

Литература о Горельникове Я. В. 

Герасименко Я. Родом из Ирландии // Наше дело.- 2009. - 2 июля.- С. 7.
Гуляева Е. Лучшие из лучших // Спектр.- 2011. - 5 января. - С. 3.
Нуруллин Э. Лучшие из лучших // Вести Семей.- 2011. - 5 января.- С.1-2.

Горельников Яков Вениаминович : [некролог]. - Текст // Вести Семей. - 2022. - 20 сентября. - С. 7 : фот.

Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынған (Семей қаласы)