Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Дүсіпов Ш.

Dusupov1946 жылы 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы (қазіргі Катонқарағай), Теректі ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Катонқарағай ауылындағы Алтай орта мектебін күміс медальмен аяқтаған. Сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, оны 1969 жылы сәтті тәмамдайды. Еңбек жолын Катонқарағай ауданының орталық ауруханасында терапевт болып бастаған.

1972-1976 жылдары терапия бөлімшесінің меңгерушісі болады. 1977 жылы бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. 1978-1984 жылдары орталық аудандық аурухананың бас дәрігері болып жұмыс істейді.

1984 жылдан бастап облыстық ауруханаға кардиолог-дәрігер болып ауыстырылады. 1985 жылы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, сондай-ақ облыстың бас терапевті болып тағайындалады. 2003 жылы облыстық ақпараттық медициналық орталықтың директоры болып тағайындалады. 2011 жылдан бастап диагностикалық орталықтың басшысы болады. Бас терапевт қызметін де қатар атқарады.

2014 жылдың бірінші желтоқсанынан құрметті демалыста. Терапия, кардиология, денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаттары бар. Келесі мамандандырулардан өткен: 1974 жылы – Алматы дәрігерлерді жетілдіру институтында, 1977 жылы Қазан қаласында – кардиология бойынша, 1982 жылы Ленинград қаласында – ревматология бойынша, 1986 жылы Алматы қаласында – клиникалық кардиология бойынша, 1990 жылы Мәскеуде – терапия бойынша, 1991 жылы Мәскеуде – шұғыл кардиология бойынша, 1995 жылы Мәскеуде – аритмияны диагностикалау және емдеу бойынша, 2000 жылы Мәскеуде – клиникалық кардиология бойынша, 2005 жылы Семей қаласында – экстрагениталды жүктілік патологиясы, 2012 жылы Астанада – инсультты емдеудің заманауи әдістері.  

Жалпы 15 мамандандыру және білімді жетілдіру курстарына қатысқан.

Стокгольм, Берлин, Мюнхен, Барселона, Париж, Пекин, Дубайдағы кардиология бойынша халықаралық конгрестің жұмысына қатысқан.

КСРО, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Денсаулық сақтау Министрінің, облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша ЮСАИД грантының иегері.

Денсаулық сақтау ұйымы бойынша келесі халықаралық тағылымдамалардан өткен: 1996 жылы Англияда, 1997 жылы, 2006 жылы АҚШ-та. Англия мен Голландияда пульмонология бойынша халықаралық конгреске қатысады.