Известные имена

Крепп А.В.

Крепп А.В. Крепп Анатолий Владимирович (1957-1986) - аға лейтенант, мотоатқыштар ротасының командирі.


1957 ж. 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха қаласында дүниеге келген. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітіреді. Қызыл тулы Орта Азия әскери округінде әскери борышын өтейді.
1984 ж. Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1986 ж. 23 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шемонайха қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін)

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 104.