Известные имена

Қозыбаев Б.

Қозыбаев Бейсембек (1912 – ө.ж.б.) – аға лейтенант, 3- Украина майданы 52-ші атқыштар дивизиясы, 429 атқыштар полкының 4-ші атқыштар ротасының командирі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1912 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1931 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Өскемен РВК Қызыл Армиясы қатарына шақырылды.

Армияда аға лейтенант, 3-Украина майданы 52-ші атқыштар дивизиясы, 429 атқыштар полкының 4-ші атқыштар ротасының командирі болды.  

1944 жылы 5 наурыздан 6 наурызға қараған түні 9-шы атқыштар ротасының аға лейтенанты Қозыбаев Одесса облысы Вознесенка ауданы Александровка селосы ауданындағы Южный буг өзенінен арғы бетке өтіп, плацдармды басып алу туралы тапсырма алды. Ол рота құрамында алғашқының бірі болып өзеннен өтіп, ротаның қалған құрамын жедел арғы жағалауға өткізді.

Қозыбаев ротамен бірге 4 метрлік танкке қарсы қазылған ордан өтіп, «Отан үшін алға» ұранымен ротаны соңына ілестіре жау бекінісіне ұмтылды. Жау бекінісі ротаны қарша жауға оқпен қарсы алды, дегенмен, аға лейтенант Қозыбаев ротасы қашқан немістерді қудалай соғысып, қорғаныстың 2-ші шебін бұзып, Южный буг өзенінің арғы жағалауындағы Биіктікті азат етті.

Біздің әскер жау шабуылына соққы бере отырып, өткел мен өзенді басып алуға ұмтылды. Қозыбаев өз ротасымен жаудың бір унтерофицерін, 5 солдатын, 7 автоматы мен 4 пулеметін қолға түсірді.

Қозыбаев осы ұрыста жараланды.

«Кеңес Одағының батыры» атағына лайықты (1944 жылы 07 наурызда Южный бугты жаудан азат еткені үшін, 429-атқыштар полкының командирі, подполковник Азатьянның қолы қойылған).

Жоғары қолбасшылар мен Армияның Жоғарғы Кеңесінің 1944 жылы 13 наурыз және 1994 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен аға лейтенант Қозыбаев Бейсембекке «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді.

1944 жылы 30 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының №45 жарлығымен неміс басқыншыларымен күресте жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап, ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсеткені үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Өлген жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Козыбаев Бейсембек [Электронный ресурс] // Подвиг народа : сайт. – Режим доступа : http://podvignaroda.ru/?#id=20695899&tab=navDetailManAward (03.04.2018)