Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Жарылғасынов Қ. (Жарылғасымов)

Жарылғасынов Қабыкен – гвардия ефрейторы, 121 Жеке Гвардиялық Сандомир Сапер батальонының сапері, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.Жарылғасынов Қабыкен (1920-ө.ж.б.) – гвардия ефрейторы, 121 Жеке Гвардиялық Сандомир Сапер батальонының сапері, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген.

1940 жылы қазанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Тарбағатай ауданы әскери комитеті Қызыл Армия қатарына шақырды.

1943 жылдың 19 шілдесінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Жауынгерлік жолы Брянск майданында басталды.

1943 жылы 31 шілдеде Жарылғасынов Қабыкен Новая жизнь (Ресей, Брянск облысы) ауданы үшін болған шайқаста ерлік көрсеткені үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1943 жылы 19 шілдеде десанттық топ құрамында неміс фашистерін жойып, жауға қарсы шабуылды жалғастырды..

1944 жылы 6 тамызда Жарылғасынов Қабыкен соғыста көрсеткен ерлігі және Сулимов селосын жаудан азат етудегі қайсарлығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Ол саперлік рота құрамында соғыса жүріп, 5 фашистің көзін жойып, неміс унтер-офицерін тұтқынға алды. Сондай-ақ, жаралы командирдің көмекшісін ұрыс даласынан алып шықты.

1945 жылы 17 қаңтарда қатты аязға қарамастан көпір құрылысын жалғастырып, басқа жауынгерлерге үлгі көрсетті.

1945 жылы 21 қаңтарда ұрыс кезінде 9 фашистің көзін жойып, жаралы рота командирін ұрыс даласынан алып шықты. 1945 жылы 10 наурызда Польшаны (Пилица ауданы) жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.

1945 жылы 10 наурызда № 037/н бұйрықпен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Кейінгі тағдыры белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

Жарылгасинов Кабыкен [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт. - Режим доступа: http://podvignaroda.ru/?#id=18554541&tab=navDetailManAward (01.04.2018)

Тарбағатай ауданы [Мәтін] : 80 жыл. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. -  Жарылғасымов Қабыкен: б 51.