Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Дәулетбай батыр

Дәулетбай батырСатыұлы Дәулетбай (1702 - ө.ж.б.) –қазақ батыры, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен

Дәулетбай Сатыұлы (1702 - ө.ж.б.) - Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей тайпасынан шыққан батыр. Қабанбайдың туыс інісі. Қабанбай батыр Дәулетбайды сегіз жасынан бастап жанына ертіп жүріп, он үш жасында жауға салған. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткір жанарлы, шымыр да жинақы әрі өте қарулы адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі білегін сыбанып тастап атып шығады да, Қабанбайды жекпе-жекке шақырады. Қалқанының быт-шытын шығарып, қалмақ батырын әп-сәтте жайратып салған қазақ қолбасына енді Долаңқараның кегін аламын деп атан өгіздей Түркеш батыр елеуреп тұра ұмтылады. Жағдайды аңдып тұрған інісі - Дәулетбай қайратын жиып алып, тортөбелге қамшы басып, ойнақтап топ ортасына шыға келеді. Жекпе-жекте Түркешті найзасымен шаншып өлтіреді.
Дәулетбай батыр сексен күнге созылған Шорға соғысына да, Маңырақ маңындағы ұрысқа да белсене қатысып, жау ортасын қақ жарып, арттағы әскерге жол ашып отырды. Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қаракерей Қабанбай батыр басқарған қазақ әскерімен бірге алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан.
Елдің намысын жоқтап, айбарына мінген Дәулетбай батыр Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Шығыс Қазақстан өңірлерін азат еткен.
Ел аузындағы жазылған деректерден Қаракерей Қабанбай бақилыққа дайындалған кезде немере інісі Дәулетбайды шақыртып: « Елді басқарып, жаудан қорға, мені жоқ деп айтқызба жауға!» - деп елінің туын өз қолымен ұстатқан екен дейді.
Дәулетбай батыр еліміздің шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған. Ер Дәулетбай ғұмырын туған халқының бостандығы мен азаттығына арнаған. Өзі қатарлас батырлармен бірге халқын тарихтың алмағайып зар заман тұсы, өлі ара кезеңінен алып шыққан.
Дәулетбай батыр Сатыұлы Шар өзені бойында жерленген.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылының Бозшы орта мектебіне Дәулетбай батырдың есімі берілген.2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында заманында дарабоз батыр атанған Қабанбайға сенімді серік болған, ержүректігімен, батырлығымен, шешендігімен дараланған Дәулетбай батырға ескерткіш орнатылды.

Дәулетбай Сатыұлы туралы:


Жанахметов А. "Жай отындай жарқылдап ..." [Мәтін] : [Дәулетбай батырдың 300 жылдығы қарсаңында. Дәулетбай батыр Ақжар ауданы Маңырақ ауылынан шыққан батыр] / Жанахметов А. // Дидар. - 2002. - 15 қаңтар.- Б.2

Игісін Ж. Ту алып, тұлпар мінген [Мәтін] : [Барқытбел баурайында ерлік көрсеткен саты баласы Дәулетбай батырдың 300 жылдығына орай] / Игісін Ж. // Дидар. - 2002. - 23 ақпан.- Б.2

Батханұлы, Қайрат. Батыр баба - Дәулетбай [Мәтін] / Қ. Батханұлы // Тарбағатай. - 2012. - 30 сәуір.- Б.5.