Известные имена

Қабылбаев Ш.

Қабылбаев Шырақбек Қабылбаев Шырақбек (1908-1976) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант


Шырақбек Қабылбайұлы 1908 жылы Семей облысы Абыралы ауданы №2 ауылда дүниеге келген. 1923 жылға дейін ауыл мектебінде оқып, 3- сыныпты аяқтайды. 1924-1929 жылдары Семейдің педтехникумында оқиды. Сол кездегі техникум директоры Әбікей Сәтбаев өзі қабылдап алған екен. Техникумды бітірген соң Семейдің ет комбинатындағы колхоз жастар мектебінде (ШКМ) математика пәнінің мұғалімі, қалалық білім бөлімінде нұсқаушы Жаңасемей колхоз жастары мектебінің директоры.
1932-1938 ж. Алматыдағы Ұлттық атты әскер полкінде қызмет еткен. 1954 жылы 9 тамызда КПСС ОК қаулысымен Ш. Қабылбаев 46 жасында Қазақстанның Ішкі Істер органдары тарихында жергілікті кадрлар ішінен алғашқы болып Қазақ КСР-інің Ішкі Істер министрі лауазымына тағайындалған.
1959 жылы Теміртау оқиғасына байланысты министрліктен босатылады. Сотта өзін-өзі қорғап, тағылған кінәлардың негізсіз екенін дәлелдейді. Ақыры шындық жеңеді.
1960-1966 ж. жергілікті әуеге қарсы қорғаныс саласында Алматы облыстық ІІБ қызмет етті. 1967 жылы қайтадан Қазақ ССР-нің Ішкі Істер Министрі болып тағайындалды. Үкіметтік кадр саясатында бұл сирек кездесетін оқиға еді. Ш. Қабылбаевтың бастамасымен Қазақстанның ІІМ-де кадрлар дайындайтын ведомстволық оқу орындары ашылды. 1956 жылы маусым айында Алматыда ІІМ арнайы орта милиция мектебі (бүгінгі ҚР ІІМ Алматы академиясы), 1969 жылы 10 қазанда Қарағанды қаласындағы КСРО ІІМ Жоғарғы мектебі (бүгінгі ҚР Б. Бейсенов атындағы қарағанды академиясы) ашылды. Осы жоғары дәрежелі оқу орнын ашу үшін Шәкен төрт рет мәскеу қаласына арнайы барып, КСРО Ішкі істер министрі, армия генералы Н. Шелоков Ш. Қабылбаевтың Қазақстан мен қырғызстанның ішкі істер органдарында ұлттық кадрлар даярлау үшін Қарағанды жоғары мектебін құру туралы ұсынысын қабылдады. Аталған оқу орындары заң кадрларын дайындаудағы нағыз флагман ретінде танылды. Осылайша Павлодар, Теміртау, Шымкент, Қлстанай қалаларында облысаралық оқу орындары-милиция мектептері ашылды. Облысаралық мектептер базасында Республикалық ішкі істер органдарында ұлттық кадрлар дайындайтын қазіргі ҚР ІІМ Қостанай академиясы да пайда болды.Ескерткіш
Отаны мен халқына көрсеткен қажырлы еңбегі үшін Шырақбек Қабылбаев «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, КСРО ІІМ Құрмет грамотасымен «мінсіз қызметі үшін» ІІІ, ІІ, І дәрежелі медалімен т.б. көптеген медальдармен марапатталды.
Генерал –лейтенант Шырақбек Қабылбаев 1976 жылы 5 шілдеде 68 жасында дүниеден өтті.
2014 жылы 9 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №1287 қаулысымен ҚР ІІМ Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбаевтың есімі берілді. 2015 жылы 6 маусымда Қостанай академиясының алдына орнатылған Ш. Қабылбаевтың ескерткішінің салтанатты ашылуы болды. Ескерткіштің авторы - Қазақ бас архитектуралық -құрылыс академиясының профессоры, генералдың жиені Ғалым Исабаев. Алматы қаласы «Қалқаман-2» шағын ауданында Ш. Қабылбаев атында көше бар. Көшенің ұзындығы- 1600 м.

Қабылбаев Шырақбек туралы:

Қызылов, Мирлан. Шырақбек Қабылбаев ол - кім? [Мәтін] / М. Қызылов // Заң. - 2015. - № 5.- Б.20-23

Мұсайынұлы , Ғабиден. Қазақтың мақтанышы - Қабылбаев [Мәтін] : [Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Ш. Қабылбаев туралы.] / Ғ. Мұсайынұлы // Ертіс өңірі . - 2015.- Б.8 шілде

Жалмұханбетов А. Шырақбек Қабылбаев - белгілі қоғам қайраткері [Мәтін] / Жалмұханбетов А. // Дидар. - 2008. - 6 мамыр.- Б.2.

Зәңгіров Е. Генерал Шырақбек Қабылбаев [Мәтін] / Зәңгіров Е. // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2002. - 23 мамыр.- Б.7

Интернет-ресурс