Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Батырханов Р.А.

Батырханов Р.А.Батырханов Раджан Армияұлы (1975-1994) интернационалист- жауынгер, батыр-шекарашы

Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катон –Қарағай ауылында туған. 1994 жылы 28 қыркүйекте қазақстан-тәжік шекарасында жауынгерлік парызын өтеу кезінде қаза тапты. Әкесі – Армия «Алтай» кеңшарының механизаторы, анасы – Қизат СЭС қызметкері болып еңбек етті. Раджан 1982 жылы Е.П.Рыков атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, он жыл оқып білім алды. Ынта жігері мол, білім алуға құштар, өзінің шыншылдығымен, адалдығымен достарының арасында беделді болды.
Көп балалы отбасынан шыққан Раджан айналасындағыларға көмек жасауға әрқашан да дайын еді.Сабағын жақсы оқыды. Раджан талантты суретші ғана емес, жақсы спортшы да болды. Волейболдан мектеп құрама командасының капитаны ретінде де мектепте спорттық бұқаралық шаралардың қызықты өтуіне зор үлес қосты. Раджан 1992 жылы орта мектепті бітіріп, орта білімі туралы аттестат алды.

Батырханов Раджан Армиевич Батырханов Раджан Армиевич

1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, әскери борышын Күршімдегі шекарашылар отрядында атқарды. 1994 жылы Тәжік-Ауған шекарасындағы Ресей Федерациясының әскери құрамасының сапында келісім - шартпен таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог деген қалашығының маңында топтастырылған Қазақстан шекаршылар батальоны құрамында пулеметші болып қызмет етті. Әскери борышын өтегеннен кейін Алматы қаласындағы Жоғарғы Құрылық Әскери училищісіне құжаттарын тапсырмақ ойы болды, себебі оның арманы әскери қызметкер болу еді....

1994 жылы 28 қыркүйекте Хакім бандасының 200-ден астам қарулы содырлары тоғыз автокөлікпен ТМД-ның оңтүстік шекарасын кесіп өтіп, Хорог қаласына бет алады. Олардың жолын қазақстан-ресей шекарашылары кеседі. Биіктік үшін кескілескен шайқаста ресей офицері Владимир Селюк пен Қазақстан қарулы күштерінің кіші сержанты Раджан Батырханов бірінше болып көзделген нысанды алады.

Ауыр жараланған лейтенантты 19 жастағы қазақ жігіті қарша бораған оқтың астынан алып шығып, өзі қол автоматынан содырларға оқ жаудыруын тоқтатпайды. Сөйтіп бөлімше жауынгерлерінің орын ауыстырып, моджахеттерді тылдан соғуға жағдай жасайды. Әскери тапсырманы орындау барысында қазақ батыры ерлікпен қаза тапты.

ҚР Президентінің жарлығымен ТМД шекарасын қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Раджан Батырханов қаза тапқанннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Батырдың туған жері Катонқарағай ауылындаРаджан атында көше бар, 2000 жылы 5 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» заставасына Раджан Батырхановтың есімі беріліп, обелиск орнатылды. Душанбе қаласында кіші сержант Раджан Батырханов атында мектеп және көше бар. Жарыс жеңімпазы ретінде берілген Батыр шекарашының қаруы - атақты конструктор М. Калашников автоматын- бүгінде ең үздік шекарашы ғана ұстай алады. Ең бірінші болып осы автоматты ұстаған үздік жауынгер- сержант Дидар Хамзин.

Батырханов Раджан туралы әдебиет

Литература о Р. Батырханове 

Тұманбайұлы, К. Қыршын ғұмыр [Мәтін] / Тұманбайұлы К. // Ақ желкен. - 2003. - №4. - Б. 14-15.

Молдахметова, Б. Пяндж өзеніндегі ерлік : тәжікстанда ерлік көрсеткен Катонқарағайлық Раджан Батырханов / Б. Молдахметова. - Мәтін // Егемен Қазақстан. - 2021. - 27 қыркүйек. - Б. 9.

Базар, Ж. Өрелі ел өз батырын ұмытпайды / Ж. Базар. - Мәтін // Егемен Қазақстан. - 2021. - 22 қазан. - Б. 5.

***

 

Кулев И. Именами героев [Текст] : [Орден "Айбын" вручен матери Р.Батырханова,погибшего на таджикско-афган.границе.Катон-Карагайс.р-н] / Кулев И. // Рудный Алтай. - 1997. - 11 февр.

Мартынов, Александр. Памяти пограничника [Текст] : [о герое-пограничнике, уроженце Катон-Карагая Раджане Бытырханове, награжденном посмертно орденом "Айбын"] / А. Мартынов // Луч. - 2012. - 14 марта. - С. 2.