Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Шарабарин Н.А.

Sharabarin NikolAleksШарабарин Николай Александрович (1907 - 2001)Кеңес Одағының батыры.

Николай Александрович Шарабарин 1907 жылы 23 наурызда  Өскемен қаласында  жұмысшы отбасында дүниеге келді.  Бастауыш сыныпты   бітіргеннен кейін  тау- кен шебері курсын  аяқтады.

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы,  Құлынжы  кен басқармасында  забойшы, тау-кен шебері  жұмыстарын атқарды.  Қызыл Армия қатарында 1928-1930 жылдары болды. Майданға 1942 жылы аттанған.

Сталинградтан Берлинге дейінгі жауынгерлік жолдан өтті.  Орел-Курс иініндегі ұрыстарға, Киевті алуға қатысты. 1943 жылы қыркүйек айында алғашқылардың қатарында  Днепрден өтті. Дұшпанның қарсы шабуылын тойтару кезінде бөлімшені  басқаруды өз қолына алды. Жаудың пулеметшілер тобын жойды. Орлов-Курск иінін алуға,  Днепр өзенінен өту операциясына, Киевті азат етуге қатысты.

Қарулас достарын өзінің ептілігімен, әзілкештігімен, тапқырлығымен, өткірлігімен, үнемі таңғалдыратын. Төрт рет жараланды.Кустарево  деревнясын  азат ету кезінде Шарабарин Николай бірінші болып жау бекінісіне жетіп,  қарсыластарының окопына  граната лақтырды. Біздің бөлімшелерге қарсы оқ жаудырып жатқан неміс пушкасын байқай сала оның үнін граната лақтырып өшірді. Ромна қаласын азат ету кезінде жасырын өзен арқылы жүзіп,  көпірге шығып, күзетшіні өлтіреді.  Барлаушы  тез шешім қабылдар,  немістердің  көпірді жаруына мүмкіндік бермеді, сонымен 529-шы  атқыштар дивизиясын өткелден аман есен алып шықты.

1 қазан 1943 жылы барлаушылар тобымен Жуковка көлі  (Киевтің оңтүстік жағы) Днепр өзенінен алдыңғылардың бірі болып өтті.  Плацдармда жараланған бөлішме командирін ауыстырды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  жарлығымен  1943 жылдың 29 қазанында  Днепр өзенінен өткені үшін, әскери тапсырманы үздік орындап,  неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін  Николай Александрович Шарабаринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Демобилизациядан кейін  Никлай Александрович  Өскемен қаласына қайтып оралды. Тау кен шебері, кен бастығы қызметін атқарды.

Ленин, Қызыл Жұлдыз,  1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған. 2001 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б. 800
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – Б. 132
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 275.
  • Муратказин М. М. Өскемен қаласы Ұлы Отан соғысы жылдарында [Мәтін] / Муратказин М. М. // Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. - 2007. - №1.- Б.75-79.

Интернет-ресурстар: