Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Иванов Г.Ф.

ivanov1Иванов Григорий Федосеевич (1919-1945) – Кеңес  Одағының Батыры.

Иванов Григорий Федосеевич -2- Украина майданы, 18-танк корпусы, танк взводының командирі, кіші лейтенант.

1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарханка селосында туған. Буденный орта мектебін бітірген соң колхозда тракторшы болып істеген. 1939 жылы күзде әскери борышын өтеуге аттанған.

1942 жылдың мамыр айынан Жеңіс күніне дейін фашистік Германияға қарсы күрескен. Волга жағалауынан бастап, Кавказдың таулы тарамдарынан асып, Румыния, Венгрия  арқылы Берлинге дейінгі даңқты жауынгерлік жолдан өткен. 

1944 жылдың қазан айында гвардия лейтенанты  Ивановтың экипажы  қызмет ететін  181-Қызыл Тулы танк бригадасы кескілескен шайқаспен Венгрия территориясын жаудан босатып, Тисса қаласына шықты. Экипажға жау тылына өтіп, өткелді  басып алу, жаудың  шегіну жолын кесіп, плацдармды ұстап тұру тапсырылды.  Өткел Сентеш қаласынан солтүстік батысқа үш шақырымдай жерде еді.

Майдан газеттерінде «Совет әскерлерінің өткелге табандылықпен ұмтылғанын байқаған фашистер танк пен зеңбіректен оқ жаудырып, күшті тосқауыл қойды. Ал сол қанатта біздің бөлімшелердің тегеурініне шыдай алмаған жартылай талқандалған венгер дивизиялары кері шегінді. Олар да өз зеңбіректерін қері бұрып, біздің жаққа қарай оқ жаудырды. Совет танктері өткелге жақындаған сайын оқ нөсері күшейе түсті. Күші басым жау әскерімен кескілескен шайқас күні бойы жалғасты. Алған бетінен қайтпаған танктер  таңғы сағат бесте  өткелге жетті.»- деп жазды. Нақтысында тек үш совет танкісі жау шеңберін бұзып, жау тылына өтті. Сөйтіп олардың өткелге барар жолын қиып тастаған, Немістер біздің танкистерге оқты жаңбырша боратты. Шабуыл үсті-үстіне үдей түсті. Жау қайткен күнде де өткелге барар жолды тартып алып,  өз бөлімдерін Тисса өзенінің арғы жағалауына өткізуді, сөйтіп  Венгрияның  арғы ішіне шегінуді көздеді.  Григорий Ивановтың танкісі жолды бөгеді. Немістер сасқалақтай бастады. Олардың әбігерін пайдаланған совет танктері  пушка мен пулеметтен  оқ жаудыруды үдетіп, жаудың техникасы мен солдаттарының көзін жойды. Кенет Иванов танкке қарсы гранатпен өзінің машинасына қарай еңбектеп келе жатқан  бірнеше фашисті байқап қалды. Еппен танкті соққыдан алып шығып, пулеметпен жауды жер жастандырды. Сол кезде немістер «тигрді» іске қосты. Біздің танкистер одан да қаймықпады. Өткелге жақын жерде бірнеше жау машиналары, (оның екеуін лейтенант Иванов құртқан)  жанып жатты. Ұрыстың қызған шағында беті мен иығын өткір бірдеңе шарпып өткенін байқады. Қан аралас тер бетін жауып кетсе де Григорий ұрысты тоқтатпады. Снарядтың тура тиген оғынан пушканың діңі ұшып кетсе де, экипаж ұрыс даласын тастап кетпеді. Жау автокөлтері мен жаяу әсеріне пулеметтен оқ жаудыра берді.

Тең емес ұрыс он екі сағатқа созылды. Советтің үш танкисі жаудың бірнеше бөлімшелерінің қысымына төтеп берді.  Жаудың бірнеше шабуылының бетін қайтарып, өткелді негізгі күш келгенше ұстап тұрды.

1945 жылы 24 наурызда КСРО ЖОғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен кіші лейтенант Григорий Иванов Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Сонымен қатар 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. 1945 жылдың мамыр айында туған жеріне оралып, сол айда қайғылы қазаға ұшырады. Тарханка селосының бір көшесіне Батыр атағы берілген.

Г. Ф. Иванов туралы әдебиет

Литература о Г. Ф. Иванове

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.101.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.375.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 293-294.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 564.– Т.1

Интернет ресурстар

Интернет – ресурсы

Герои страны