Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Казаченко Н.И.

Казаченко Николай Иванович(1913-1944) – Кеңес Одағының Батыры.

Николай Иванович Казаченко - Қара теңіз флотының Одесса әскери-теңіз базасының теңіз жаяу әскерлері 384-ші жеке батальонының атқыштар ротасының пулеметшісі, қызыл флотшы.

1913 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысыПодгорненскі болысының Глубокое кентінде туған. 1936 ж. Ертіс мыс қорыту зауытында, 1938 ж. Жоғарғы Ертіс пароход өнеркəсібінде жұмыс істеген.

1941 ж. Қызыл Армия қатарына алынды. 384-ші жеке теңіз жаяу əскері батальоны (Қара теңіз флоты) атқыштар ротасының пулеметшісі Н. Казаченко 1944 ж. 26 наурызда десантшылар отрядының құрамында аға лейтенант К.Ф.Ольшанскийдің басқаруымен Николаев қаласының портына түсірілді. Олар Николаев қаласы маңында неміс əскерлерінің тылына өтіп, маңызды байланыс жолдарын талқандап, жауға тылдан соққы беруге, жау күшінің біраз бөлігінің назарын қаланы қорғаудан басқа жаққа аударып, шабуыл жасап келе жатқан 3-Украина майданы əскерлерінің қаланы азат етуіне көмектесу жөнінде тапсырма алды. Артиллерия мен танкілерді қосып, 2 күн бойы ұрыс жүргізіп, жаудың 18 қарсы шабуылын тойтарды. Жау осы ұрыста 700-дей əскері мен офицерінен айрылды. 

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 20 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. (20.4.1945). Николаев қаласында батырлардың құрметіне Теңіз десантшылары əскери даңқ мұражайы ашылып, ескерткіш қойылды. Осы қалада 68 батыр десантшылар атында көше бар. Глубокое кентінде бір көшеге Н.И. Казаченконың есімі берілген.

Н.И. Казаченко 1944 жылы 28 наурызда Украинаның Николаев обл. Николаев қаласында қайтыс болып, бауырластар зиратына жерленген.  

Оның есімімен қала көшесі аталды, теңізшілер-десантшылардың Жауынгерлік Даңқ Ұлттық мұражайы ашылды. Николаевта 68 десантшылар атындағы скверде ескерткіш орнатылған. Октябрьский кентінде Бугскі лиманының жағасында десантшылар тапсырмасына кеткен ескерткіш жазуы бар мемориалдық гранитті тас үйіндісі орнатылған.

Батырдың есімі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое қалалық үлгідегі кентіндегі көшеге берілген.

Н. И. Казаченко туралы әдебиет

Литература о Н. И. Казаченко

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.105.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.380.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.605 – Т.1

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 325-326.

 

Мақалалар - Статьи

 

Фоминых, В. Никто не забыт и ничто не забыто!!! / В. Фоминых // Огни Прииртышья. - 2009. - 4 сент. - С. 4.

 

Интернет ресурстар

Интернет – ресурсы

Герои страны

Letopisi.ru