Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Логвин П.И.

LogvinPetrIvan1Логвин Петр Иванович, (1918-1995) - Кеңес Одағының  Батыры,

Петр Иванович Логвин 1918 жылы Алтай өлкесінің Локоть ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Локоть әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылған. 1939-1942 жылдарда НКВД-ның  8- дивизия (1942 жылдың  11 ақпанынан -29-шы) 69- полктің Забайкальеге көшірілген теміржол күзетінде қызмет етті.

1942 жылы маусым айында майданға аттанған. 70-ші армияның 141-ші атқыштар дивизиясы 82-ші атқыштар полкінің  құрамында жаумен шайқасқан. 1942 жылдың наурыз айынан шайқастағы армия құрамында. Батыс, Орталық, Воронеж, 1-Украина майданында шайқасқан. Екі рет жараланған.
1943 жылы күзде Иваньково ауылының тұсында Днепрден өту кезінде ерен ерлік көрсетті. 23 қыркүйекке қараған түні корпустың  мотоатқыштары  қолда бар қайықтарға отырып,  Днепрден өте бастайды. Днепр өзені үшін   шайқаста  Букрин плацдармын ұстап кеңейті үшін гвардия старшинасы П.И. Логвин Григоровка селосы маңында кескілескен ұрыстарға қатысты. Көп ұзамай қыркүйектің аяғында Букрин плацдармына өткел арқылы 3- гвардиялық танк армиясының   танктері мен артиллериясы  өткізілді. 1943 жылдың 12 қазанында Воронеж майданының қолбасшылары бір мезгілде Букрин және Лютеж плацдармдарынан шабуылды бастады. Бұл шабуыл Киевті азат етудің басы болатын.  Осы шабуыл кезінде П.И. Логвин ерекше көзге түсті.1943 жылы 13 қазанда Черкаск облысы Канев ауданы Иваньков деревнясы (Григоровкадан 14 шақырым оңтүстікке) жанында Днепрдің оң жағалауына шабуыл кезінде гвардия старшинасы П.И. Логвин өз взводын үш рет қарсы шабуылға шығарып, жаудың 8 солдатының көзін жалғыз өзі жойды.  Онымен қоймай жау тылына өтіп, жаудың зеңбірегінің көзін құртып, зеңбіректі басып алған. Екінші шабуылда жаудың пулеметін қолға түсірген. Қаруластарына ерлік үлгісін көрсете отырып, жаяу әскердің алға жылжуына жол ашқан.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  1944 жылғы 10 қаңтардағы жарлығымен

 П.И. Логвинге Кеңес  Одағының  Батыры атағы берілді. 1945 жылы П.И.  Логвин НКВД –ның  Харьков шекара училищесін бітіріп, Прибалтика мен Молдавия  шекара заставасында қызмет етті.

1947 жылдың желтоқсан айынан – запаста. Армия қатарынан босаған соң Нальчик қаласында тұрған. 1950 жылы Өскемен қаласына қоныс аударған.  1980 жылға дейін облыстық автотресте автоколоннаның бастығы болған.  Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1985).

1995 жылы 22 маусымда  қайтыс болды. Өскемен қаласында батыр атында көше бар, Барнаул қаласында Даңқ Мемориалында батырдың есімі жазылған. Ленин  (10.01.1944), І-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985) ордендерімен, медальдармен марапатталған.

П. И. Логвин туралы әдебиет

Литература о Логвине П. И. 

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.504.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.157

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны

ЦБС г. Усть-Каменогорска