Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Лут Н.Е.

Lut NikolEvseevЛут Николай  Евсеевич (1918-1944) - Кеңес  Одағының батыры

Николай Евсеевич Лут 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Митрофановка ауылында  шаруа отбасында туған. Соғысқа дейін Жданов атындағы колхозда жылқышы болып еңбек еткен. Соғыстың алғашқы күнінен армия қатарына шақырылып, 1943 жылдан майдан даласында.

Днепрдің оң жағалауындағы плацдармды басып алу кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлғы үшін аға сержант Н.Е. Лутқа 1944 жылы 15 қаңтарда Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

Бұйрық бойынша Днепрге шабуыл 1943 жылдығң 27 қыркүйекке қараған түні басталды.

Өзен үстінде қою түн еді. Ұрыстың алдында бірнеше сағат бұрын 218 гвардиялық атқыштар полкінің лейтенант Мелик Мегерамов басқаратын атқыштар ротасында ашық партия жиналысы болды. Рота парторгі Самсонов алда тұрған операцияның маңызы туралы қысқаша айтып берді. Коммунистер мен комсомол мүшелерінің сөздері қысқа болды. Олар бір ауыздан алға қойылған тапсырманы мүлтіксіз орындайтынын жеткізді. Аға сержант Лут жалынды сөз сөйлеп,  ұрыс алдында партия қатарына кіруге өтініш білдірді. Рота бір ауызан оын партия қатарына қабылдады.

Түнгі бір кезінде рота өзенге бет алды. Анда-санда ракета жарығы  тыныштықты бұзғаны болмаса, түн тыныш еді. Қайыққа отырған команда  жау орналасқан қарсы жағаға бет бұрды.  Немітер жүзіп келе жатқандарды байқап қойып, қорғанысқа көше бастады. Нөсерлеткен жау оғы – снаряд, мина, зеңбіректен атылған оқ- барлығы өткел маңайына төгілді. Асау Ертіс жағасында туып-өскен аға сержант Лут мінген қайық алға шыққаны сол еді,  дәл жанынан жарылған снаряд  қайықты төңкеріп тастады.  Мұздай суда қаруын төбесіне каөтерген Лут өз қарулас достарымен келесі жағаға ұмтылды. Жағалауға жетісімен шабуылға көшті. Жүгіріп келе жатып винтовкадан  олар жаудырған оқ түн ішінде керемет көп жауынгер келе жатқандай көрініс беріп,  немістердің зәресін ұшырды.

Лут алғашқылардың бірі болып жау траншеясына қойып кетті. Одан взвод жауынгерлері де қалысқан жоқ. Қояма-қолтық ұрыс басталып кетті. Ашу-ызыға булыққан Лут траншея ішінде аласұрып, немістердің жазасын берді. Немістер қаша бастады. Сәлден соң ес жиған жау қарсы шабуылға шығып, біздің автоматшыларды траншеядан гранатаның көмегімен қуып шығуға тырысты.  Лут осы жерде тапқырлық көрсетіп, немістердің лақтырған, әлі жарылып үлгермеген гранатасын асқан жылдамдықпен алып, олардың шабуылшы топтарына қарай қайта лақтырып тұрды. Одан үлгі алған басқа жауынгерлер солай істеді.

Немістер кері шегінуге мәжбүр болды. Біздің жаяу әскерлерді артиллерия қолдады.  Күшті атыс толқынынан кейін біздің жауынгерлер шабуылды үдетіп, екінші траншеяны басып алды. Гвардияшы Лут тағы да алдыңғы шепте. Ұрыс алдында қаруластарына берген сөзін орындап, ерліктің асқан үлгісін паш етті.

Николай Евсеевич Лут фашистік Германияны жеңген Ұлы Жеңісті көре алмады. 1944 жылы 14 сәуірде ерлікпен қаза тапты. Украинаның Житомир облысы Овручск ауданы Игнатполь станциясында жерленген.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б. 505.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.159.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Интернет- ресурстар: