Известные имена

Есімдер

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Литвинов В.М.

LitwinowЛитвинов Василий Михайлович (1922—1974) - Кеңес Одағының батыры

Василий Литвинов  1923 жылы Новосібір облысы Черепанов ауданы Романово ауылында  туған. Жетіжылдық мектепті бітірісімен ФЗО-да токардің оқушысы болған. Ұлы Отан соғысының алдында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына қоныс аударды.

1941 жылдан майдан шебінде. 55 гвардиялық атқыштар дивизиясының 166 гвардиялық атқыштар полкі атқыштар бөлімшесінің құрамында соғысқан. Гвардия аға сержанты Литвиновтың ерлігі туралы тек 55 гвардиялық атқыштар дивизиясы ғана емес,  өзі еркімен сұранып майданға аттанған қаласы - бүкіл Өскемен өңірі құлағдар болып отыр еді. Дивизиялық «Комсомольская правда» газеті Литвинов туралы былай деп жазды: «Гвардияшыл Литвинов барлық шайқас кезінде ержүректілігімен ерекше көзге түсуде. Үнемі шабуылшылардың алдында жүріп, неміс траншеяларына алдымен кіреді. Автоматтың  дүмін, пышағын  шебер қолданып, әруақытта өзі құртқан немістермен өзінің әскери есебін толықтырып отырды». 1944 жылы 24 маусым күні Пружиница  ауданында мықты бекінген жау шебіне шабуыл кезінде Литвиновтың  бөлімшесі борап тұрған оққа қарамастан жау траншеясына басып кіреді. Окопта қояма-қолтық шайқас басталды. Литвинов автоматпен алты гитлершілдерді жер жастандырып,  үш дұшпанға  пышақ салды. Арасында мылтықтың дүмін де пайдаланды.  Шайқас жалғаса берді. Немістер қатты қорғанды, кенет көрші окоптан жаудың қол пулеметінің үні естілді. Аға сержант асқан жылдамдықпен жау окобына гранат лақтырады. Қатты жарылыстан соң пулемет үні өшті.                             1944 жылы маусым айында В.М. Литвиновтың бөлімшесі  Пруженице ауданындағы шайқаста Птичь өзенінен өту кезінде көзге түсті. Артиллерия мен пулеметтен қарша бораған оққа қарамастан аға сержант Литвинов пен лейтенант Лопатин біріші болып өзенді жүзіп өтіп, жаудың қайығын басып алады да, бораған оқ астынан кері қайтады.  Немістердің көз алдынан алып кеткен қайық операцияның беталысын өзгертті.  Көп кешікпей осы қайықпен екі станокті пулеметпен  бронебойшиктар, жаяу әскер взводы өткізілді. Гвардияшылдар өткелді күзетіп тұрған жау әскерлерінің сыртынан келіп, оқ боратты. Аға сержант Литвинов өз автоматымен оннан аса гитлершілдерді жер жастандырды. Өткел біздің әскерлердің қолына көшті. 1945 жылдың 24 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының Жарлығымен В.М. Литвиновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  В.М. Литвинов әскери жорығын Берлинде аяқтады. Екі рет жараланып контузия алған.

Армия қатарынан босағаннан кейін Өскемен қаласына оралып, 1954 жылға дейін мырыш зауытында жұмыс істеді. Одан кейін Орджоникидзе қаласында тұрып, еңбек етті. 1974 жылы  12 июльде Орджоникидзе қаласында қайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.503.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.155.

Интернет-ресурстар: