Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Полынин Ф. П.

PolyninFedPetПолынин Федор Петрович (1906-1981) – Кеңес Одағының Батыры.

Федор Полынин 1906 жылы Саратов облысы  Балаковский ауданы Сухой Отрог селосында туған. 1907 жылы отбасы Алтай өлкесіне, кейінірек Самар селосына (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы) қоныс аударған. Балалық шағы Самар селосында өткен. Қызыл Армия қатарына шақырылған соң алдымен Вольский сосын Орынбар ұшқыштар мектебінде жіберілген. Екі жылдан кейін ол өз еркімен Қытай-Жапон  соғысына кеткен.

Қызыл Армия қатарында 1928 жылдан бері. 1929 жылы біріктірілген Әскери Әуе Күштерінің  Вольск ұшқыш-техникалық мектебін бітірген. 1933 жылы Орынбордағы  3-ші ұшқыштар мектебін ұшқыш-бақылаушы болып бітірген. 1931-1933 жылдары – Н. Е. Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясының ұшқыш-инструкторы. 1933-34 жылдары қытай авиация мамандарын даярлайтын Синьцзян (Қытай) авиация мектебінің аға кеңесшісі. 1933 жылы Н. Е. Жуковский атындағы Әскери-Әуе академиясының  командалық құрамды жетілдіру курсын бітірген. Әскери-Әуе күштерінің бөлімшелерінде (Мәскеу әскери округі), корабль және авиациялық отряд командирі қызметін атқарған. 1935 жылы Н. Е. Жуковский атындағы Әскери Әуе академиясы командирлер дайындайтын жедел курсын бітірген.

1937 жылдың қарашасынан 1938 жылдың сәуірі аралығында Қытайда жапон агрессорларына қарсы ұрыстарға қатысып, бомбалайтын авиатопқа жетекшілік жасаған. Кеңес шабуылшыларынң Формоз аралында (Тайвань) жапон аэродромын бомбалаған авиа шабуылына қатысып, 40 жапон самолетінің көзін құртқан.  

Әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін полковник Полынин Федор Петровичке 1938 жылы 14 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

1938-1939 жылдары Қызыл Армияның  ұшу техникасының аға инспекторы қызметін атқарған. 1939 жылдан Әуе Қарулы Күштерінің  Киев ерекше әскери округі бастығының орынбасары. 1939-1940 жылдардағы Совет-Фин соғысына қатысушы, 1939 жылдың желтоқсан айынан Әскери әуе күштері   13-ші армия қолбасшысы. 1940 жылдың тамызынан Белорус ерекше әскери округінің 13-бомбалау авиация дивизиясының командирі. Авиация генерал-майоры (04.06.1940) 1941 жылдың тамызы-1942 жылдың мамыры аралығында Брянск майданы Әскери әуе күштерінің  қолбасшысы. Мамыр айынан 2-әуе армиясының қолбасшысының орынбасары, 1942 жылдың  қыркүйегінен 6- әуе күштері қолбасшысының орынбасары. Генерал–лейтенант (28.05.1943)

1943 жылыдң тамызынан 1944 жылдың қыркүйегінен 6-шы әуе армиясының қолбасшысы. 1944 жылдың қазан айынан Польша Әскери Әуе күштерінің қолбасшысы. Батыс, Брянск, Солтүстік батыс, Калинин, 2-1- Белорус майдандарында шайқасқан. Шекара ұрыстарында, Мәскеу түбіндегі  шайқастарға, 1942 жылғы Брянск, Воронеж бағытындағы,  Демян шабуылы операцияларына қатысқан. 1943 жылы Невельск-Городок, Полесья, Белорус, Варшава-Познань, Берлин операцияларына қатысқан. Соғыстан кейін 1947 жылдың шілде айына дейін Польша Әскери Әуе күштеріне қолбасшылық жасаған. Одан кейін Кеңес әскери әуе күштерінде қызмет еткен.

1947-1950 –13-ші ( 1949 – 76-) әскери әуе  (Ленинград әскери округі),  1950-1953 жылдары  – 30-әскери әуе (Прибалтика әскери округі) қолбасшысы.

1955 жылы К. Е. Ворошилов атындағы Жоғарғы Әскери Академияны бітірген. 1956-1959 жылдары 57- әуе армиясына (Прикарпат әскери округі)  басшылық жасаған. 1959-1971 жылдарыӘскери Әуе Күштері тыл бастығы. 1971 жылдан–запаста. Мәскеу қаласында тұрған. Орталық авиация және космонавтика  үйінде қызмет еткен. 1981 жылы 21 қарашада қайтыс болып, Мәскеудің Кунцево зиратында жерленген (участок 9-3).

Авиация генерал-полковнигі (11.07.1946). 2 мәрте Ленин , Октябрь Революциясы (20.10.1976), 5 мәрте Қызыл Ту, 2 мәрте – 1-Дәрежелі Кутузов, 2-дәрежелі  Кутузов орденімен , Еңбек Қызыл Ту орденімен, медалдармен, шетел наградаларымен  (7 орден, 9 медаль Польша, Монголия) марапатталған.  

Әдебиеттер

Герои Советского Союза [Текст] : историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. -С. 627. - Т. 2.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - Б. 115.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.

Полынин, Ф.П. Боевые маршруты [Электронный ресурс] / Ф.П. Полынин. - М.: Воениздат, 1972.

Полынин Федор Петрович [Электронный ресурс]. - Герои страны: сайт. - Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=593 (дата обращения: 17.09.2021)