Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Попов А.Г.

PopovAleksGrigПопов Александр Григорьевич (1917-2004) - Кеңес Одағының Батыры.

Александр Григорьевич Попов –7- гвардиялық Далалық майданның 73 –гвардиялық атқыштар дивизиясы, 209-гвардиялық атқыштар полкінің штаб бастығы, гвардия майоры.

Александр Попов 1917 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. Орта мектепті  бітірсімен Қазақ мемлекеттік Университетінің биология факультетіне оқуға түсіп, оның төрт курсын бітіреді. 1941 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1942 жылы Алматыдағы жеделдетілген жаяуәскерлер училищесін бітіреді. Осы кезде университеттегі  оқуын да сыртай бітіріп, дипломын қолға алады.  Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың мамыр айынан бастап қатысқан. Алғашқы ұрысқа лейтенант Александр Попов 1942 жылдың 12 мамыр күні Харьков түбінде батальон командирінің адьютанты қызметінде кірген еді. Оңтүстік Батыс, Сталинград, Воронеж, Дала, Сталинград, Курск майдандарына қатысқан. Әсіресе Днепрден  (Чернигов-Припять операциясы,1943 ж.) өту кезінде айрықша көзге түскен. 209 гвардиялық атқыштар полкінің (73-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 7-гвардиялық армия, Дала майданы) гвардия майоры Александр Попов 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка селосы тұсында Днепр өзенінен өтуді  асқан шеберлікпен ұйымдастыра білді. Басып алған плацдармды жау шабуылынан қорғау кезінде үш шабуылға тойтарыс бере отырып, бөлімшелерді жақсы басқарды.  

КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының  1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен жауынгерлік тапсырманы бұлжытпай сәтті орындағаны үшін гвардия майоры Попов Александр Григорьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз » (№ 1363) медалі қоса тапсырылды.  Одан кейін Ясско-Кишинев операциясына, Румыния, Болгария, Венгрия, Юголавияның астанасы – Белград қаласын азат етуге қатысты. Соғысты Австрия Альпісінде аяқтады.

Соғыстан кейін ержүрек офицер КСРО Қарулы күштерінде қызмет етті. М.В. Фрунзе атындағы Әскери Академияны бітірді. Командованиенің шешімімен жаңадан құрылған Алматы Далалық округіне округтің жедел дайындық бөлімі бастығының  көмекшісі қызметіне жіберілді.  Одан кейін Түскістан әскери округінде қызмет етті.

1952 жылы Әскери-дипломатиялық академияны бітіріп,  Бас штабтың бас барлау басқармасында қызмет етті.  1964 жылдан шет тілдері Әскери институттың оқытушысы қызметін атқарды. 1973 жылдың тамыз айынан бастап А.Г. Попов запасқа шықты. Мәскеу қаласында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін  РСФСР көлік министрлігінде қызмет істеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Ардагерлер Кеңесін басқарды.  2004 жылы 30 сәуірде қайтыс болды. Мәскеудің «Горбрус» зиратына жерленген. (участок 18а).

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.619.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.205
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Интернет- ресурстар: