Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Қайырбаев М.

KairbaevMahmet

Қайырбаев Махмет (1925-1996) - Кеңес Одағының батыры

Қайырбаев Махмет Қайырбайұлы 1925 жылғы 1 қаңтарда бұрынғы Семей губерниясының Құлмырза ауылында дүниеге келді. 12 жасында әкесіз қалған, ол 1937 жылы жалған айыппен жазаға тартылды. Мектепті үздік аяқтаған Махмет «халық жауының ұлы» ретінде мақтау қағазымен марапатталмаған және комсомолға қабылданбаған.

1941 жылдың жазында М.Қайырбаев өз еркімен майданға баруға өтініш берген, бірақ жасы келмегендіктен оның өтініші қабылданбады. Әскери комиссариатқа бірнеше рет өтінген соң, оны 1942 жылғы тамызда Бұхара қаласына көшірілген Подольск артиллериялық училищесіне қабылдайды, сонда ол жеделдетілген курсты үздік бітіреді де кезектен тыс лейтенант атағын алады. 
1943 жылғы сәуір айынан бастап Ұлы Отан соғысының ұрыстарына қатысады. Басты Командование Резервінің 712-ші танкіге қарсы-жойғыш артиллериялық полкінде батарея командирі болып қызмет етеді. Ең алғаш марапат – Александр Невский орденін М.Қайырбаев 18 жасында алады.
1944 жылғы 19 тамызда Литвадағы Шауляй қаласының батысына қарай М.Қайырбаев 15 артиллеристпен бірге фашистер қоршауында шайқасып жатқан батареяға көмекке жіберіледі. Оған біздің сарбаздарымыз, жолда кездескен 70 қарсылас жауынгерді жойып, шайқаспен өтеді. Бұйрықты орындай отырып, кеңес жауынгерлері дұшпанның басым күштерімен соғысады. Батареяның барлық офицерлік құрамы қатардан шығады. Махмет Қайырбаев батарея қолбасшылығын өзіне алып, айнала қорғаныс пен жаудың 7 қарсы шабуылына тойтарысты шебер ұйымдастырады. Осы қиян-кескі айқаста батыл офицер басқарған жеке құрам 3 танкі мен бір батальон шамасында дұшпандарды жойды. Фашистер Шауляйға өте алмады.

1945 жылғы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен қолбасшылық әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін және көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін аға лейтенант Махмет Қайырбаевқа «Алтын Жұлдыз» медалі мен Ленин орденін табыстаумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әскерден қайтарылғаннан кейін, 1946 жылдан бастап М.Қайырбаев кеңес және партия органдарында сайланбалы лауазымдарда қызмет етеді.

1950-60-шы жылдарда Павлодар облысының бірқатар аудандарын басқарды, тікелей тың жерлерді игеруге қатысты.

Ленин, Қазан Төңкерісі, Александр Невский, Отан соғысының 1-ші дәрежелі 2 орденімен, Отан Соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, 4 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 18 медальмен марапатталды.
Батыр мүсіні Павлодар қаласының Даңқ алаңында орнатылған. М.Қайырбаевтың екі зеңбірегі Санкт-Петербург және Павлодар қалаларының мұражайларында көрмеге қойылған. ҚР қорғаныс Министірінің бұйрығымен ол мәңгілікке Семей қаласының 28738 ә/б бірінші зеңбірек батареясының бірінші дивизионы құрамына енгізілген. 1996 жылғы 14 шілдеде қайтыс болды. Павлодар қаласында жерленген.

М. Қ. Қайырбаев туралы әдебиет

Литература о Каирбаеве М. К.

 

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- б.430.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.3.

Нұршайықов, Ә. Махмет Қайырбаев [Мәтін] / Ә.Нұршайықов. - Алматы : Жазушы, 1967. - б. 32.

Нұршайыхов, Ә. Батырдың өмірі [Мәтін] : шағын повестер, әңгімелер, естеліктер / Ә. Нұршайыхов. - Алматы : Жазушы, 1969. - б. 173.

***

Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - с. 53-55.

Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - с. 22.

Фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – с.17.

 

Мақалалар-Статьи

 

Жанымбет, Б. Ел үмiтi ақталды [Мәтін] / Б. Жанымбет // Егемен Қазақстан.- 1995. - 17 ақпан

Әлiмбаев, М. Өшпес ерлiк - үзiлмес даңқ [Мәтін] / М. Әлiмбаев // Сарыарқа самалы.- 2004. - 30 желтоқсан. - б. 6.

Махамбет, М. Ерлiгi елге өнеге, ұрпаққа ұлағат[Мәтін] /М. Махамбет // Қазақстан сарбазы.- 2004.- 31 желтоқсан - б.3.

Рыспаев, С. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық Батырлар [Мәтін /С. Рыспаев // Жазира.- 2005.- N 10.- б.32.

Ұлы Отан соғысы: қазақтан қанша батыр шықты? [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр.- б.4-5.

Махмет биiктiгi [Мәтін] // Сарыарқа самалы.- 2015.- 9 сәуiр (№ 37).- б.12.

Соқтықпалы жол [Мәтін] // Сарыарқа самалы.- 2015.- 9 сәуiр (№ 37).- б.11.

Бықай, Ф. Сағыныш[Мәтін ]/ Ф. Быкай // Егемен Қазақстан.- 2015.- 15 қаңтар (№ 8).- б. 6.

Қасымгожина, Ә. Ер есімі ел есінде мәңгілік [Mәтін] / Ә. Қасымгожина // Бесқарағай тынысы . - 2015. - 21 қаңтар. - б.4.

***

Воспоминания о герое Советского Союза М. Каирбаеве [Текст] / А. М. Арын, М. К. Каирбаев. - Павлодар : ЭКО, 2010. - с.176.

Семипалатинцы - Герои Советского Союза [Текст] // Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек

В честь героя войны [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 20 января. - с.2

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - с.290

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Герои страны

Бессмертный полк

Интересные истории об известных личностях, биографии

Биография кз

Казинформ.кз.

Vizit Kazakstan