Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Бекбосынов С.

Belkbosunov SБекбосынов Серікқазы (Серқазы) (1925-1977) -  Кеңес Одағының Батыры. 

Кеңес Одағының Батыры, 7-Карелия майданы, 99-гвардиялық атқыштар дивизиясының 330-гвардиялық атқыштар полкының атқышы, гвардия қызыләскері.

1925 жылы 21 қыркүйекте Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Қызыл-Орда ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Орталау мектепті бітірген. Совхозда жұмыс істеген.

1943 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына 1943 жыдың ақпан айынан қатысқан. Әуе-десант бөлімшесінде оқығаннан кейін комсомолец Бекбосынов -  99-гвардиялық атқыштар дивизиясының 330-гвардиялық атқыштар полкының атқышы, гвардия қызыләскері атанды. 1944 жылдың маусымының басында 37-гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Карель майданына келді.

Карелия майданының Свирь-Петрозаводск операциясы 1944 жылы 21 маусымда 7-армияның Свирь өзеніне шабуыл жасаумен басталды. Үш сағатқа созылған авиациялық және артиллериялық әзірліктен кейін, 37-гвардиялық атқыштар корпусының 16 комсомол-гвардияшылары (99-гвардиялық атқыштар дивизиясының 300- гвардиялық атқыштар полкының 12 жауынгері және 98-гвардиялық атқыштар дивизиясының 296-гвардиялық атқыштар полкының)  4 жауынгері бірінші болып өзеннен өтті. Сағат он бірде он алты жауынгер алдын-ала кеңес жауынгерлерінің формасымен әзірленген тұлып-қарақшылар орнатылған салдар мен қайықтарға ұмтылды.  Жауынгер-гвардияшылар өз салдары мен қайықтарын қарсы жағалауға қарай итермеледі. Бұл өзеннен өтудің жалған көрінісі еді, ондағы мақсат – жаудың отты нүктелерін анықтап, жою.  

Гвардияшылардың үздік әскери дайындығы олардың әскери тапсырманы сәтті орындауына көмегін тигізді: барлық қайықтар өзен ортасына жетпей жау артиллериясының оғынан жойылып кетті. Бекбосынов және оның достары жау жағындағы жағалауға жүзіп өтті, ешкім де жараланған жоқ... 

Жағалауға шыққаннан кейін Бекбосынов шұңқырдың бірінен орын тепті. Көп кешікпей оған басқа гвардияшылар қосылды. Бекбосынов пен Юносов біраз барлаудан кейін жағалау траншеясына жетіп, қарсыласқан фашистерге граната мен автомат оғын жаудырды.    

Гвардияшылар алдында тұрған әскери тапсырма сәтті орындалды. Өзіне жау оғын қабылдаған батыл да ержүрек жауынгерлер ерлігі, жаудың отты нүктелерін жоюға көмегін тигізді. Соның арқасында біздің шабуылдаушы топтар Свирьді тез арада басып алды.

1944 жылы 21 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен гвардия қызыл әскері  Бекбосынов Серікқазыға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, Ленин ордені және "Қызыл Жұлдыз" медалімен (№ 4094) марапатталды.

С.Бекбосынов 37-гвардиялық корпус құрамында Чехословакия, Венгрия, Австрияны жаудан азат етуге қатысты. 1947 жылы ержүрек жауынгер аға сержант атағымен запасқа шықты. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жоғары Тайынты селосында өмір сүріп, еңбек етті. 1977 жылы 22 наурызда қайтыс болды. Сонда жерленген.  Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

С. Бекбосынов туралы әдебиеттер

Литература о С. Бекбосунове

Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. -с. 113-114.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.138 – Т.1

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 11

Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – с. 35

 

Мақалалар-Статьи

Милохин, С. Герой - ваш земляк/ Милохин С. // Ленинское знамя. - 1985. - 12 января.

Семипалатинцы - Герои Советского Союза [Текст] // Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек.

 

 Интернет-ресурстар:

Интернет ресурсы:

Герои страны http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1822

ШҚО әкімінің ресми сайты. Абай ауданы  

Қазақ батырлары (1941-1945) 

Семей қаласы ОКЖ 

Ветераны ВКО