Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Величко В.Ф.

VelichkoValerFed

Величко Валерий Фёдорович (1925-1944) - Кеңес Одағының Батыры.

Валерий Фёдорович Величко - 1-ші Балтық майданының 6-шы гвардиялық армиясының 1-ші танк корпусының 117-ші танк бригадасының 326-ші танк батальонының танк зеңбірегін көздеуші, аға сержант.

1925 жылы 2 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай селосында шаруа отбасында туған. Білімі –жеті кластық.

1942 жылдың басында ата-анасымен Ақтөбе облысына қоныс аударған. Совхозда слесарь болып жұмыс істеген.

1943 жылдың қаңтарынан Қызыл Армия қатарында болады. 1943 жылдың ақпан айында Рига жаяу әскер училищесінің курсанты болып қабылданады. Алайда училищені бітірместен майданға жіберіледі. 1944 жылдың жазынан бастап майдан даласында. Жараланып келген соң танкистерге қосылады. Величко қосылған танк бригадасы Белоруссияда, сосын Литва мен Латвияда соғысты.

1944 жылы 18 қыркүйекте Латыштың Добеле қаласының маңы Лэиясвильни селосының жанындағы 91,7 биіктікті алу үшін кескілескен ұрыс басталады. Совет әскерінің шабуылын қайтару үшін немістер бар күшін салып, майданның осы бір бөлігіне танктің бірнешеуін, жаяу әскерлерін әкеп төкті. 18 қыркүйекте таң ата жойқын соғыс басталды. Құрамында В. Величко бар 117 – Унеч танк бригадасының Т-34 танкі алдын -ала жау танктері жүретін жолға тосқауылға қойылды. Таң ата биіктіктен екі жау танкісі, өзі жүретін «фердинанд» көрінді. Оның артынан тағы 5 жау танктері шықты. Алғашқы танкты елу метрдей жақындатып алып, Величко көздеп ата бастайды. Алғашқы снарядтан соң тигр тоқтады, екінші снаряд танкті талқандады. «Фердинантқа» тағы бір снаряд жұмсалды. Оның артынан шыққан танк кері қашты. Командир механик-жүргізушіге позицияны өзгертіп, қолатқа түсуді бұйырды. Бастапқы танк қолатқа жақындап 400 метрдей қалғанда Величконың дәл атқан оғынан танк жана бастайды. Жау жағы біздің қраудың тұрған жерін байқап қалып, оқ боратады. Тура түскен жау снарядынан жүргізуші-механик, радист қаза табады. Величко қатты жараланғанына қарамастан командир екеуі шайқасты жалғастыра береді. Жау танкісіне қарай бірнеше снаряд жіберіп, төрт бірдей танктің көзін жойды. Күші басым жауды жеңу мүмкін емес еді. Осы шайқаста «отыз төртіншінің» экипаж мүшелері түгелдей қаза тапты. Көмекке келген совет танктері жауды тықсыра қуды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1945 жылдың 24 наурызында неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін аға сержант Валерий Федорович Величкоға қаза тапқаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қаза тапқан соң командир мен жүргізуші-механик, радист те осы атаққа ие болды.

В.Ф. Величко Латвияның Добеле қаласында жерленген. Батыр атында Добела қаласындағы №2 мектеп, Катонқарағай ауылында көше бар.

Кеңес Одағының Батыры – В.Ф. Величко Дон кен-байыту комбинаты өндіріс бригадасының құрметті мүшесі. КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен әскери бөлімнің құрамында мәңгілікке тіркелген. Ленин орденімен марапатталған.

В. Ф. Величко туралы әдебиет

Литература о В. Ф. Величко

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 27.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 173.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др. ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 257 – Т.1

Мақалалар – Статьи

 

Немцев, С. Герои остаются в строю [Текст] / С. Немцев // Рудный Алтай. - 1970. - 24 августа Вагайцев, Д. Один против восьми [Текст] / Д. Вагайцев // Рудный Алтай. - 1975. - 13 августа.

Вагайцев, Д. Имя на броне [Текст] / Д. Вагайцев // Ленинская смена. - 1980. - 23 февраля.

Немцев, С. Экипаж героев [Текст] / С. Немцев // Рудный Алтай. - 1984. - 2 августа.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Величко Валерий Федорович [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=5481 (20.03.2020)

Забытый полк

Наша победа