Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Омаров Қ.

Омаров Қ. О. партизан, Қарсыласу қозғалысына қатысушы (Франция).Омаров Қабыш Омарұлы (1919 – қайтыс болған жылы белгісіз) - партизан, Қарсыласу қозғалысына қатысушы (Франция).

1919 ж. Семей облысы (қазігі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семей тері-былғары заводының ФЗУ-ын (фабрика-завод мектебі) бітірген соң, 1941 ж. Орлов әскери округының әскери училищесін бітірді. 1941 ж. 10 маусымда Батыс Белоруссияның Липски елді мекенінде № 68 жеке аудандық байланысшылар взводын қабылдады.

30 маусымда, жаппай артиллериялық атыстан кейін, взводтың негізгі құрамы жойылып, қалған жауынгерлермен бірге Қ. Омаров та пленге түседі.

Оларды Оңтүстік Бавария орманындағы концлагерьге әкелді, онда әскери тұтқындар ағаш әзірлеумен айналысты.

1942 ж. әскери тұтқындарды Францияның оңтүстігіндегі лагерьге орналастырды.

1943 ж. маусымда Тулуз астыртын ұйымының қолдауымен алты әскери тұтқын Пиреней тауы ормандарына қашып шығып, Макс жетекшілік ететін партизан отрядына кіреді.

Қ. Омаров әскери операциялар арасында қарапайым тұрғындарға қару қолдануды соғысу тәсілдерін үйретеді. Ол құрамы онжеті ұлттан тұратын екі партизан ротасының бірінің командирі болып тағайындалады. Қ. Омаровтың әскери дайындығы мықты жауынгерлеріне ең күрделі тапсырмалар берілетін.

Жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай өткізгені үшін Францияның әскери медалімен, екінші рет Сен-Жермен қаласын азат етуге қатысқаны үшін медальмен марапатталды.

1944 ж. 19 тамызда Макстің партизан отряды Тулуздағы фашист гарнизонымен соғысқа кірді, осы ұрыста Қ. Омаров жауынгерлік ерлігі үшін - Францияның әскери Крест орденімен марапатталды.

Қабыш Омарұлы Омаров соғыстан кейін педагогикалық институт және Ленинградтағы Лесгафт атындағы институт жанындағы физкультура және спорттың жетекші қызметкерлерінің жоғары курсын бітірді. Зейнеткерлікке дейін Семейдегі «Қайрат» спорт қоғамының басшысы, кейін, облыстық спорт комитеті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

 

Деректер

Источники

 

Елі – ерлерін ұмытпайды [Мәтін] : Ұлы Отан соғысына қатысқан Абайлықтар туралы естелік кітап / құраст.: Ж. Жүнісжанұлы, Ә. Мырзақым. – Семей, 2015. – Омаров Қабыш: б. 247.

Часнык, Л. Иди, Малыш, вернись живым [Текст] : о партизане Кабыше Омарове / Л. Часнык // Рудный Алтай. - 2004. - 8 мая.

Документы предоставлены КГУ «Центр документации новейшей истории»