Известные имена

Есімдер

Снять квартиру посуточно. Быстро снять посуточно квартиру в казани. Снять однокомнатную квартиру посуточно. Помощь в получении ипотеки. Удобное получение ипотеки в сбербанке. Что нужно для получения ипотеки. Отопление частного дома. Как сделать отопление частный дом схема. Частный дом монтаж отопления. Восстановление жесткого диска. Быстрое восстановление информации с жесткого диска. Восстановление данных жесткого диска программа. Кредит с плохой историей. Быстрые кредиты онлайн с плохой историей. Срочный кредит с плохой историей. В какой сервер играть в WOW. Топ world of warcraft серверы. Wow серверы pandaria. Круглопалочный станок чертежи. Круглопалочный станок купить дешево. Самодельный круглопалочный станок. Кредит на покупку квартиры. На долго взять кредит на квартиру. Кредит на покупку квартиры.

Жаманбаев Қ. Қ.

012

Жаманбаев Құсайын (1912-1982) - халық ағарту ісін ұйымдастырушы, өлкетанушы, этнограф

1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында Ахмер ауылында туған. Сол ауылдағы бастауыш сыныпты, Өскемен қаласындағы жетіжылдық мектепті қазақша бітірген. 1929 жылы осы қаладағы педагогикалық техникума оқуға түсіп, оның бір курсын аяқтағанда техникум Павлодар қаласына ауыстырылады. Қ. Жаманбаев Орынбор қаласындағы бір жылдық даярлық курсында оқып, Ленинград (Петербург) қаласындағы Герцен атындағы педагогика институтының химия бөлімшесіне түседі. Онда екі жыл оқып, денсаулығына байланысты Алматының Абай атындағы педагогика институтына (қазіргі ҚазҰМУ) ауысып, оны 1933 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

1943 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы мектепте қызмет істеп жүрген жерінен майданға алынады. Андижан қаласындағы алты айлық офицерлер курсын тәмамдап, 2-Украин майданына 36 және 175 гвардиялық полкінда атқыштар взводының командирі болып соғысқа кіреді. Соғыстан соң он жылдай әскери комиссариатта, облыс мектептерінде инспектор, білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, облыстық оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарып, 1957 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Жамбыл атындағы мектепте химиядан сабақ берді.

Қ. Жаманбаев Найман шежіресін бір ізге келтіріп, реттеп орыс тілінде қағазға түсірген. Ауыл - ауылды аралап, ауыз әдебиетінің үлгілерін, қазақтың көне ұлттық жәдігерлері мен жетіген, қобыз сияқты музыкалық аспаптарды жинаған. Жинаған аспаптарын өзі ғылыми кеңесінің мүшесі болған облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырып отырған. Әйгілі музыка зерттеуші Болат Сарыбаевпен хат жазысып тұрған. Тастағы жазулар , көне ескерткіштер де өлкетанушының назарынан тыс қалмаған. Құсайын Қуанұлы 100-ден астам ғылыми-танымдық мақалалардың авторы. Көптеген орден, медальдармен марапатталған.

Қ. Жаманбаевтың шығармалары

Мақалалары-статьи

Жаманбаев Қ. Күршім өңіріндегі мәдени ескерткіштер [Мәтін] / Қ. Жаманбаев // Коммунистік еңбек. - 1977. - 22 октябрь.

 

Қ. Жаманбаев туралы мақалалар

Статьи о К. Жаманбаеве

 

Қасымов , Айтмұхамбет. Көне аспаптарды көздің қарашығындай сақтаған [Мәтін] : [Белгілі ұстаз Қ. Жаманбаевтың өлке тарихын зерттеуге қосқан үлесі туралы.] / А. Қасымов // Дидар. - 2012. - 26 қыркүйек.- Б.20.

 

Интернет-ресурсы

Жаманбаев К. К. ГАВКО: ф.365, оп.1, 30 ед.хр., 1928-1992 г.г. [Электронный ресурс] : //Официальный сайт Областного архива по Восточно-Казахстанской области и его филиалы: Режим доступа: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1409