Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Бітібаева Қ.

Бітібаева Қанипа ОмарғалиқызыБітібаева Қанипа Омарғалиқызы (1945 - 2014) - Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі

1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. Жаңашыл ұстаз, профессор.
1968 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген.Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды. 1980 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында ұстаздық қызметі жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға берілетін атақ, дәреже мен құрметтің барлығын алды. Ұстаздардың ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің жетекшісіне айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.

1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі, Шығыс Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат шығарылып, аудан мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен орталық білімін жетілдіру институтының негізінде республика теледидарының «Шапағат» хабарында «Әдебиеттегі оқытудың тиімді жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі талқыланды. 1983 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. «Әуезов шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері» атты тәжірибесі сараланды. Осы уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар Әуезов шығармаларын, Абай ілімін оқытудағы өзіндік жолы, шығармашылығы қалыптаса бастады.

Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15 монографиялық еңбек туды. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М. Әуезов мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республика мұғалімдер қауымынан қызу қолдау тапқан.
Сонымен қатар 6 оқу курсының авторы болып табылады. Олардың қатарында «Абай мектепте», «10-11 сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту», «М. Әуезовты оқыту» атты кітаптары бар. Аталған кітаптар облыстағы қазақ тіліндегі орта мектептерінде негізгі оқулық ретінде тұрақты түрде оқытылып келеді. Республикалық ғылыми-педагогикалық журналдарда жарияланған 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың да авторы болып табылады.

1991 жылдан Өскемен қаласында Қ. Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. Ұстаздың іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.

2021 жылы Өскемен қаласындағы көшеге Қ. Бітібаева есімі берілді. 

 

Қ. Бітібаеваның еңбектері

Труды Битибаевой К.

Бітібаева, Қ.О. М.Әуезов шығармашылығын оқыту: Әдістемелік нұсқау.- Алматы, 1994.- 94б

Бітібаева, Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: Педагогикалық оқу орындарына арн.оқулық.- Алматы: Рауан, 1997.- 288б.
Бітібаева, Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен: Б.ж., 1994.- 180б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: Оқу құралы, бағдарлама: Х,ХІ сыныптар.- Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000.- 274 б.
Бітібаева, Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту: Әдістемелік құрал.- Алматы: Мектеп, 2002.- 120 б.
Бітібаева, Қ. О. Абай және толық адам тәрбиесі/ Бітібаева Қ. О.// Абай және XXI ғасыр : халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы . - Өскемен: ШҚТУ, 2005.- Б. 50-53

                                                               Қ. Бітібаева. туралы әдебиеттер

               Литература о Битибаевой К.

Сарыбаев, Ш., Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясы: оқулық.- 3-ші басылымы.- Алматы: Атамұра, 1991.- 200 б.
Құдайбергенева, К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы - педагогикалық технология көзі: Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2003.- 66 б.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Мәтін]: анықтамалық. Т. 2
Қарасаев, Ғ. Ұстаздықтың хан-апасы [Мәтін]: Тарихи-педагогикалық шолу.- Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. - 216 б
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін] / Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- Өскемен: ШҚМУ, 2006.- 432 б.

Мақалалар-Статьи

Ғабдуллаұлы, С. Алтай асу: Өлеңдер мен толғаулар. - Алматы: Қазақпарат, 2002.- 140 б.

Әбішева С., Құдайбергенова, Г. Қазақтың Қанипасы: Ұстаз портреті.- Астана: Б.ж., 2004.- 316 б.
Әбиев, Ж. Педагогика тарихы [Мәтін] / Ж. Әбиев.- Алматы, 2006.- 480 б.

***

Азмухамбетов, Ш. Уроки Битибаевой в Астане : [В Астане состоится творческий отчет заслуженного учителя РК, учителя гимназии-интерната им. Жамбыла К.О.Битибаевой] // Рудный Алтай. - 2000. - 28 окт. - С. 3

Битибаева Канипа. Уроки человечности: Канипу Битибаеву заслуженно называют учителем по призванию // Казахстанская правда. - 2011. - 25 июня. - С. 5.

Шевченко, Виктория. Путеводная звезда Канипы Битибаевой : [о заслуженном учителе РК К. Битибаевой] // Казахстанская правда. - 2010. - 6 марта. - С. 4.

Оркушпаева, Н. Учитель с большой буквы : [о региональной олимпиаде школьников по казахскому языку и литературе] // Рудный Алтай. - 2011. - 30 мая. - С. 1.
Баринова, А. Музей педагога в школе-гимназии для одаренных детей им. Жамбыла открылся новый музей, посвященный К. Битибаевой // Усть-Каменогорск. - 2014. - 9 янв. - С. 9.

Ефимов, М. "Урок - это мое сердце : в Усть-Каменогорске увековечили память Канипы Битибаевой // Устинка плюс . - 2014. - 23 окт. (№ 43). - С. 12
Лазарева, В. Педагогическая поэма Канипы Битибаевой // Устинка плюс . - 2014. - 29 сент. (№ 39). - С. 10
Навечно в сердцах : в память о выдающемся педагоге РК К. Битибаевой открыта мемориальная доска // Рудный Алтай. - 2014. - 22 окт. - С. 1, 2.

Сосновская О. Памяти педагога : в Зыряновске в школе № 9 открылась лаборатория заслуженного учителя учителя РК, почетного гражданина ВКО К. Битибаевой // Рудный Алтай. - 2014. - 19 ноября. - С. 3.
Битибаева Канипа Омаргалиевна : заслуженный учитель РК // Рудный Алтай. - 2014. - 10 сент. - С. 4