Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Қасиманов С.

Қасиманов СадықҚасиманов Садық- педагог, этнограф, (1905-1977)

Қасиманов Садық 1905 жылы , қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Педагог, этнограф, ақын. 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1939 – 60 жылдары мектептерде мұғалім болды.
1960 – 71 жылдары Қазақстан Ғылыми Академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Қасиманов қазақ этнологиясын (қолөнер, ас-тағам, ұлттық ойын, т.б.) зерттеуге көп үлес қосты. Оның “Өс-өс, бөбек” (1961), “Сиқырлы сыбызғы” (1961), “Қазақ халқының қолөнері” (1962; 2-бас., 1969; 3-бас., 1995), “Қазақтың ұлттық ойындары” (1963, телавтор), “Қазақтың ұлттық тағамдары” (1977) сынды еңбектері қазақ халқының тұрмыстық және рухани мәдениетінен молынан мәлімет береді. Бұл еңбектерде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қажетті үй-жай салу, киім-кешек тігу, азық-түлік дайындау, әсем бұйымдар жасау кәсіптері айтылып, олардың халықтың қоғамдық тарихымен байланысы ашып көрсетілді С. Қасиманов 1977 жылы 6 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болған.

Қасиманов С. еңбектері:

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін] : 10 томдық. Т. 6 : Ұлттық тәлім-тәрбиелік ғылымдардың дамып, қалыптасу тарихынан : 1920-2000 жылдар. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2009. - 400 б
Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері [Мәтін] / Қасиманов С. - Алматы : Қазақстан, 1995. - 240 б.
Қасиманов, Садық. Қазақ халқының қолөнері [Мәтін] / С. Қасиманов ; ред. К. Шалкаров. - Алматы : Қазақстан, 1969. - 248 б.
Қасиманов С. "Правданың" қазақ сахарасындағы тілшісі [Мәтін] : [Жұбандық Болғанбаев туралы] / С. Қасиманов // Коммунизм туы. - 1976. - 5 май
Қасиманов С. Батырдың биік тұғыры [Мәтін] / Қасиманов С. // Коммунизм туы. - 1971. - 28 август Қасиманов С. Ер есімі ұмытылмайды [Мәтін] : [өлкемізде Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан Ж. Болғанбаев туралы] / С. Қасиманов // Коммунизм туы. - 1968. - 20 август
Қасиманов С. Бір селоның тарихы [Мәтін] : [Самар ауданы, Подгорное, бұрынғы Воскресенско] / С. Қасиманов // Коммунизм туы . - 1967. - 6 январь Қасиманов С. Қырандар [Мәтін] : [Алтайдың Қызыл тау қырандары жайлы] / С. Қасиманов // Коммунизм туы. - 1967. - 1 март
Қасиманов С. Ерлер есімі мәңгілік [Мәтін] : [өлкемізде Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан Ж. Болғанбаев туралы] / С. Қасиманов // Коммунизм туы. - 1966. - 20 август
Қасиманов С. Ертіс бойының ері [Мәтін] : [өлкемізде Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан Ж. Болғанбаев туралы / С. Қасиманов // Лениншіл жас. - 1966. - 13 июль

Қасиманов С. туралы:

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2014.- б.456.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
Қасиманов Ж. Қанды опық, қатты дауыл, қараңғы түн [Мәтін] / Қасиманов Ж. // Ертіс өңірі. - 2005. - 26 мамыр.- Б.5
Қасиманов Ж. Есімін елі ұмытпаса екен [Мәтін] / Қасиманов Ж. // Дидар. - 2004. - 25 қыркүйек.- Б.2