Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Дінисламов Ф.

Дінисламов Фатих (1917-1965) - ақын, жазушы, аудармашы, сыншы.

1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданы, Қарауыл  ауылында дүниеге келген. Он алты жасында орталау мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы «Ленин жолы» теміржол газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Осы қалада кеңес сауда техникумын бітіріп, Алматыдағы журналистика институтында оқиды.

1940-42 ж. Республикалық радио комитетінде редактор, орта мектепте мұғалім  болып қызмет істеген. 1944-49 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданған.

1949 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ көркем әдебиет баспасында редактор болып істеген. «Намыс»( 1944), «Семсер» (1948) деген өлең жинақтары «Сырлы көл» (1950)  атты әңгімелер жинағы, «Ұшқын»атты повесі жарық көрді. Көптеген өлеңдер, әңгімелер мен повестер жазды. Ф. Дінисламов аударма ісімен де шұғылданған. Н. Гогольдің драмалық шығармаларын, А. С. Пушкиннің «Ұлы Петрдің арабы», «Пугачев тарихы» атты прозасын, А. Н. Островскийдің «Орман» пьесасын, А. П. Чеховтың әңгіме-повестерін, М. Горькийдің «Италия туралы ертегілерін» , С. Маршактың балаларға арналған «Мистер Твистер» деген поэмасын қазақ тіліне аударғын. Ол Грузия, Индия, Пәкістан жазушыларының біраз еңбектерін қазақ тіліне аударған.

Фатих Динисламов нағыз шығармашылық шағында, 1965 жылы  46 жасында дүние салды.

 

 

 

Ф. Дінисламов кітаптары

Книги Ф. Днисламова

 

Дiнисламов, Ф. Семсер. Өлеңдер жинағы [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1948. - 65 б.

Дiнисламов, Ф. Сырлы көл [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1950. - 124 б.

Дiнисламов, Ф. Ұшқын [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1954. - 85 б.

Дiнисламов, Ф. Күшiк пен мысық [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1959.- 8 б.

Дiнисламов, Ф. Қайсысын қалайсың: Сурет кiтап. Балалар үшiн [Мәтін] / Ф. Дiнисламов; сурет. Т. Говорова. - Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1959. - 12 б.

Дiнисламов, Ф. Әңгiмелер [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1960. - 99 б.

Дiнисламов, Ф. Қайсысын қалайсың [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. -  Алматы:  Қазмемкөркемәдеббасс, 1961. - 12 б.

Дiнисламов, Ф. Аю мен бала: Ертегi: Мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған [Мәтін] / Ф. Дiнисламов.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963.- 9 б.

Дiнисламов, Ф. Қоқиланған қораз. Ертек. Мектеп жасындағы кiшкене балалар үшiн [Мәтін] / Ф. Дiнисламов; сур. В.Безелюк. -  Алматы : Жазушы, 1965. - 8 б.

Дiнисламов,  Ф. Көл жағасында [Мәтін] : повесть / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Жазушы, 1966. - 188 б.

Дiнисламов, Ф. Көл жағасында [Мәтін]: повесть, әңгiмелер және өлеңдер / Ф. Дiнисламов. - Алматы: Жазушы, 1966. - 187 б.

 

Ф. Дінисламовтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

Публикации произведений Ф. Днисламова в периодической печати

 

Дiнисламов, Ф. Кiм ұмытпақ [Мәтiн] : өлең  / Ф. Дiнисламов // Сталиншiл. - 1949. - 5 июнь.

Дiнисламов, Ф. Дiндарлықтың зардабы [Мәтін]: әңгiме / Ф. Дiнисламов // Қазақстан әйелдерi. - 1961. - N 4. - Б. 24-25.

 

Ф. Дінисламовтың Қазақстанның көрнекті тұлғалары жайлы кітаптары

Книги Ф. Днисламова о выдающихся личностях Казахстана

 

Дiнисламов, Ф. Әбiлхан Қастеев [Мәтін] / Ф. Дiнисламов. - Алматы:  Қазмемкөркемәдеббас, 1964. - 100 б.

 

Ф. Дінисламов аудармалары

Переводы Ф. Днисламова

 

Индия мен Пакистан әңгiмелерi [Мәтін]: жинақ / ауд. Ф. Дiнисламов. - Алматы, 1956. - 188 б.

Пушкин,А.С.  Пугачевтiң тарихы ; Ұлы Петрдiң арабы [Мәтiн] / А.С. Пушкин; ауд. Ф. Дiнисламов. - Алматы, 1956.- 132 б.

Толстой, Л.Н. Әңгiме, ертегi мысалдар [Мәтін] / Л.Н. Толстой, ауд.Ф.Дiнисламов; суретшi К. Горовых. - Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1961. - 80 б.

Алтын қуыршақ : Үндi ертегiлерi [Мәтін]/ ауд.: Ф. Дiнисламов, Р. Рүстембекова, Ш. Сүлейменова. - Алматы: Жалын, 1983. - 112 б.

 

Ф. Дінисламовтың мерзімді басылымдардағы аудармалары

Переводы Ф. Днисламова в периодической печати

 

Саудагер мен ұста [Мәтін]: Үндi ертегiсi  / ауд. Ф. Дiнисламов // Қазақ әдебиетi. - 1958.- 23 май.

 

Ф. Дінисламовтың сын мақалалары

Критические статьи Ф. Днисламова

 

Дiнисламов, Ф. Жақсы ойлы жаңа кiтап [Мәтін] / Ф. Дiнисламов //Қазақ әдебиетi. - 1962. - 16 март. - А. Байтанаевтың «Асан» шығармасына сыни мақала.

 

 

Ф. Дінисламов туралы әдебиет

Литература о Ф. Днисламове

 

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. - Б.

Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - [Б. м.] : Аруна ; Алматы : Қазығұрт, 2010. - Б. 145.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құрастырушы: С. Қамшыгер, Қ. Жұмашева. - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009. - 124 б.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, «Аруна Ltd» ЖШС», 2005. - 175 б.

Қазақстан жазушылары : ХХ ғасыр. Анықтамалық [Мәтін]. - Алматы. «Ана тілі» ЖШС. 2004. - 100 б.

Қазақстанның көркем әдебиеті [Текст] = Художественная литература Казахстана / отв. ред. Е. Айтбаев . - Алма-Ата, 1958. - 688 с. 

 

Ф. Дінисламов шығармаларына сын мақалалар

Критические статьи на произведения Ф. Днисламова

 

Қалиев, С. Әсерлi әңгiмелер [Мәтін] / С.  Қалиев // Октябрь туы. - 1961. - 13 январь.