Известные имена

Есімдер

Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.

Ақтай Ә.

Ақтай Әскерхан – ақын.Ақтай Әскерхан (1974 ж.) – ақын.

1974 жылы 22 қарашада Моңғолияның Баян - Өлгий аймағы Қызылқайың өлкесінде туған. 1983-1993 жылдары М. Зайсанов атындағы Қызылқайың орта мектебін бітірген. Қазақстан және Моңғолияның жоғарғы оқу орындарында білім алған.

Орта мектепте оқып жүргенде әдебиетке құштар болды. Оның туындылары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Айтұмар», «Ақжүніс», «Дарабоз», «Иман», «Отыкен» журналдарында жарияланған.  Сонымен қатар республикалық «БАҚ кз», «Абай кз», «Ұлт порталы», «Қамшы», «Күлтөбе» және басқада сайттарда жарық көріп, оқырмандардан лайықты бағасын алды.

Әскерхан Ақтай «Ер жеңісі - Ел жеңісі» республикалық жыр сайысының бас жүлдесін (2012, Астана), Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына арналған жыр сайысының жүлдесін (2013, Семей), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешіті өткізген республикалық «Дінім-діңгегім» жыр мүшәйрасының бас жүлдесін (2014, Қостанай), Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына арналған халықаралық «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» жыр бәйгесінің үшінші жүлдесін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қамшы» қоры ұйымдастырған республикалық шығармашылық бәйгесінің «Үздік поэзия» номинациясының  2-орынын  (2015, Алматы), «Дарабоз» байқауының арнайы сыйлығын (2015, Алматы), Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлытау  ұлағаты - ұлт мұраты» бас жыр мүшәйрасының бас жүлдесін (2015, Астана), Зуқа батырдың туғанына 150 жылдығына арналған республикалық мүшәйра жүлдесін (2016, Астана), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өкілдігі жариялаған «Бағытым  - Ислам, Бақытым - Тәуелсіздік» жыр бәйгесінің (Өскемен, 2016) бас жүлдесін жеңіп алған.

«Зүбаржаттың жарқылы» жыр жинағы (2016), «Отың өшпесін», «Жылқышы бидің аманаты» драмаларының авторы.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медальмен,  Баян-Өлгий аймағы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Қызылқайың өлкесінің Құрметті азаматы. Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) тұрады.

Ақтай, Ә. Шығармалары

Произведения Актай А.

 

Ақтай, Ә. Сүмбіле [Мәтін] : өлеңдер / Ә. Ақтай . - Алматы : Үш Қиян, 2017. - 168 б.

 

Мақалалар-Статьи

 

Таңат А. Ахметтің аманаты [Мәтін] : [Семей театрында Ахмет Байтұрсынов туралы драма сахналанды. ] / А. Таңат // Дидар. - 2018. 20 наурыз.- Б.5.

Жеңісұлы , О. Әдебиет аспанында "Сүмбіле" туды [Мәтін] : [Ақын Ә. Ақтаймен кездесу өтті.] / О. Жеңісұлы // Дидар. - 2018. - 21 сәуір.- Б.5.