Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Мағзұмов Т.

Мағзұмов ТоқтарбекМағзұмов Тоқтар (1958 ж.) - жазушы, зерттеуші, Қазақстан Журналистер Одағының (2003) және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (2008 ж.).

Тоқтар Нұржақыпұлы - Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында 1958 жылы 6 наурызда дүниеге келді.
Мектепті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында оқыды. Кейіннен Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген.
1982-1992 ж.ж. Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасында, 1992-1997 ж.ж. Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы, 1997- 2001 ж.ж. Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы, 2001-2002 ж.ж. Өскемен қаласының жиһаз жасау комбинаты бойынша конкурстық басқарушы, Өскемен қаласы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы және Өскемен қаласының мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды.
Әдебиетте алғашқы қадамын әңгіме, новеллалар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1982 жылдан бастап облыстық Дидар (Коммунизм туы), «Ақ Ертіс» журналы мен Лениншіл жас (қазіргі Жас Алаш) газеттерінде жарияланды. Кейін әңгіме, хикаяттары республикалық «Жұлдыз» журналы мен «Жас Алаш» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, облыстық орыс тілінде шығатын «Изумрудный Алтай» журналында романы жарық көрді.
Шығармалары:
«Қыз суреті» (2003), «Алтай әуендері» (2005), «Байберді асуы» (2007) «Райыстан -Оралханға дейін» (2014), «Құзғынды қырғыны» (2015), «Жазушы жолы» (2015), «Әбдікерім және Алаш» (2016), «Алтай өрнектері» (2022), «Судьбы и тревоги Алтая» - орыс тілінде (2023), «Тень Байтерека» - орыс тілінде (2023) «Алтай Алашы» (2023) тарихи роман.
2006 жылы Оралхан Бөкейдің әңгіме желісімен түсірілген «Бес тиын» көркем фильміне продюссер болды.

2023 жылы Тоқтар Мағзұмов "Алтай өрнектері" кітабы үшін Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты атанды. 

 

 Т. Мағзұмовтың шығармалары

Произведения Магзумова Т.

 Кітаптар-Книги

 Мағзұмов, Т. Байберді асуы [Мәтін] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2007. - 212 б.

Мағзұмов, Т. О. Бөкей әлемі. Райыстан - Оралханға дейін [Мәтін] : эссе-эллегия / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2014. - 148 б.

Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2014. - 260 б.

Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2015. - 332 б.

Мағзұмов, Т. Жазушы жолы [Мәтін] : ғұмырнамалық дерек / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс ақпарат, 2015. - 164 б.

 Т. Мағзұмовтың мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалары

Статьи Магзумова Т., опубликованные на страницах периодической печати

 Мағзұмов, Т. Орны бөлек Оралхан [Мәтін] : [эссе] / Т. Мағзұмов // Дидар. - 2012. - 18 мамыр. - Б.12.

Мағзұмов, Т. Әбдікерім болыстың жасын әлі білмейміз бе? [Мәтін] / Т. Мағзұмов // Дидар. - 2017. - 6 шілде. - Б. 27.

Литература о Магзумове Т.

Мақалалар - Статьи

Жайлыбай, Ғ.  Алтай жайлы айтылады бір аңыз [Тоқтар Мағзұмов шығармашылығы туралы]/ Ғ. Жайлыбай. - Мәтін // Ана тілі. - 2023. - 9-15 ақпан. - Б. 9.

***

Каланчина, Ирина. С любовью к книге : [в т. ч. есть информация о Т. Магзумове] / И. Каланчина. - Текст // 7 дней. - 2014. - 30 октября. - С. 3 : фот.