Известные имена

Нілібаев Ә.

Нілібаев Әубәкір (1928- 2014) – ақын, аудармашы.

Нілібаев Әубәкір Дастанұлы 1928 ж. 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жаңа тұрмыс ауылында туған.

Зайсан педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Аудандық мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1959 жылдан журналистік жұмысқа ауысып, Зайсан аудандық «Достық», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы фольклор секциясының кеңесшісі болып қызмет еткен.
Жиырмаға жуық жыр жинақтары шыққан: «Таңғы тыныс» (1967), «Болашақ осылай басталған» (1970), «Ақмарал» (1970), «Жыр жалау» (1972), «Қоңыр жел» (1973), «Алаулаған армандар» (1974), «Көңіл көзі» (1976), «Аққу-қаздар» (1977), «Іңкәр жүрек» (1978), «Күнім менің» (1980), «Жер жүрегі» (1984), «Жиһан жиһазы» (1987), «Асыл адам» (1989), «Мың сөз» (2001). «Советский писатель» баспасынан «Звезды степи» деген жыр жинағы шыққан (1985).
Эсхилдің «Бұғауланған Прометейін», «Буырқанған бұла жыр» деген атпен шыққан Азия және Африка ақындарының өлеңдерін, «Ленинді әлем жырлайды» атты кітапты, Пәкістан ақыны Мұхаммад Икбалдың таңдамалы өлеңдері мен поэмаларын, Э.Потьенің өлеңдері мен поэмаларын, М.Лермонтовтың, Р.Тагордың, орыс ақындары В.Маяковскийдің, Н.Забловскийдің, М.Светловтың, т.б. өлеңдерін аударған.

2002 жылы Үнді эпосы «Махабхарата», 2004 жылы «Ригведа», «Бхагавадгита» атты кітаптары «Өлке» баспасынан, 2005 жылы Астанадағы «Аударма» баспасынан «Махабхарата», «Рамаяна» деген аударма кітаптары жарық көрген.

2006 жылы «Дхаммапада» және Рабиндранат Тагордың таңдамалы шығармаларын аударып бастырған. 1983 жылы «Жазушы» баспасынан оның құрастыруымен Моңғолия ақындарының кітабы қазақ тілінде жарық көрсе, 1986 жылы Мәскеудегі «Современник» баспасынан «Степное солнце» деген атпен қазақ ақындарының өлеңдері орыс тілінде басылып шыққан.

Үндістан Республикасының Падма Шри сыйлығының лауреаты, Пәкістан Республикасының Икбал Академиясының «Икбалдың Алтын ескерткіші» сыйлығының иегері. «Жеңістің 60 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған

Әубәкір Нілібаев 2014 жылы 86 жасқа қараған шағында өмірден озды.  

Ә. Нілібаевтың шығармалары:

Кітаптар:

Нiлiбаев Ә. Асыл адам.- Алматы: Жазушы, 1989.- 120 б.

Нiлiбаев Ә. Жер жүрегi.- Алматы: Жазушы, 1984.- 96 б.

Нілібаев Ә. Аққу-қыздар.- Алматы: Жалын, 1977.- 60 б

Нiлiбаев Ә.Алаулаған арманадар.- Алматы: Жазушы, 1974.- 96 б.

Нiлiбаев Ә.Жылан мен ақмарал.- Алматы: Жазушы, 1970.- 110б.

Нiлiбаев Ә. Таңғы тыныс [Мәтін]: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 312 б.

Ә. Нілібаевтың мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары:

Нілібаев, Ә. Үнді әдебиеті мен философиясы [Мәтін] / Ә. Нілібаев // Әлем әдебиеті. - 2011. - №1.- Б.138-152.

Нілібаев, Әубәкір. Таңғажайып Тагор [Мәтін] / Ә. Нілібаев // Әлем әдебиеті. - 2011. - №1.- Б.153-166.

Нiлiбаев Ә. "Поэзиямыз артта қалып барады" [Мәтін]: / әңг. Е. Бақаш // ALASH. - 2010. - № 6. - Б.12-14.

Нiлiбаев Ә. "Махабхаратаны" 20 жыл аудардым [Мәтін]: / әңг. Ж.Молдахметұлы // Айқын. - 2009. - 8 желтоқсан (№ 229). - Б. 5.

Нiлiбаев Ә. Тәжi маһал: Махаббат дастаны  [Мәтін]: // Қазақ әдебиетi. - 2009. - 24-30 шiлде (№ 32). -  Б.8.

Нiлiбаев, Ә. "Ицзиндi" оқығанда [Мәтін]:  [Көне қытай этикасын оқып толғанудан туған өлең]өлең // Жұлдыз.- 2009. - № 5. - Б. 206.

Нілібаев Ә. Менің этикам [Текст] : көне қытай этикасы / Нілібаев Ә. // Жұлдыз . - 2009. - № 5. -  С. 201-207 б.

Нiлiбаев, Ә. Неге асығыс әрi атүстi шығарылған? [Мәтін]: [«Зайсан» атты кітап –альбом туралы.]  // Жас Алаш. - 2009. - 17 наурыз (№ 22). - Б.5.

Нілібаев Ә. Қос қағида [Текст] : Таным / Нілібаев Ә. // Жұлдыз . - 2009. -  наурыз (№ 3). – Б.175-183.

 Нiлiбаев, Ә. Қазақ ақындарының өлеңдерiне мүлдем көңiлiм толмайды  [Мәтін]: / Әңг. Ш.Жылқыбаева // Қазақстан - ZAMAN.- 2008.- 4 желтоқсан.- Б.12.

Нілібаев Ә. Юнус Емре [Мәтін] : Дастан / Нілібаев Ә. // Қазақстан - ZAMAN . - 2007. - 27 шілде (N 30). - 8

Нiлiбаев, Ә. "Әлемдегi ең үлкен эпосты 20 жыл бойына бастыра алмадым" [Мәтін]: Үндiстанның Халықар. "Падма Шри" сыйлығының лауреаты, ақын-ауд. әңгiме / Әңг. Қ. Бәкiр // Жас Қазақ үнi. - 2007. - 2-8 ақпан № 5  - Б.7.

Нiлiбаев,  Ә. Қажығұмар [Мәтін]: Дастан // Әдебиет айдыны.- 2006.- 9 ақпан (N 5)7- Б. 5.

Нiлiбаев ,Ә. Абай дана: Өлең / Әнi Ә.Бейсеуовтыкi // Парасат.- 1995.-N8.- Б.11.

Нiлiбаев, Ә. Қазақ қолөнерiнiң энциклопедиясы [Мәтін]: [Ә.Марғұланның "Қазақтың халықтық қолөнерi" атты үш томдық еңбегi туралы] // Парасат.- 1995.- N 4.- Б.10-11.Нiлiбаев, Ә. Фабрикант қазақтар // Парасат.- 1994.- N 3.- Б.6.

Нiлiбаев, Ә. Әрiп пен Сара [Мәтін]: новелла: Ақын Сара туралы // Октябрь туы.- 1990.- 12,13,14 сәуiр.

Нiлiбаев, Ә. Жетпiстiң жотасына желiп шығып [Мәтін]: [С.Сейiтовтың шығармалары туралы."Жаз", Студент сөзi, Қыз бен жiгiт жолықты т.б] // Жұлдыз.- 1987. - N 11.-199-200 б.

Нiлiбаев, Ә. Жихан жихазы. [Мәтін]: - Алматы: Жалын, 1987.- 88 бет

Нiлiбаев, Ә. Махамбет пен Петефи [Мәтін]: Өлең: М.Өтемiсұлына арналған // Нiлiбаев, Ә.Iңкәр жүрек: Таңдамалы.- Алматы, 1978.- 59-60 б.

Нiлiбаев, Ә. Ақын.Ғалым.Азамат [Мәтін]:  [Зерттеушi ғалым,ақын С.Сейiтовтың шығармалары туралы] // Қазақстан мұғалiмi.- 1977.- 18 нояб.

Нiлiбаев, Ә.Сапар саздары [Мәтін]:  // Семей таңы.- 1977.-16 июль
Нiлiбаев, Ә. Балтықтың жағалауын жағаладым [Мәтін]: [Абай шығармалары латыш тiлiнде] // Қазақ әдебиетi.- 1973.-19 янв.

Нiлiбаев, Ә. Бақыт биiгiнде [Мәтін]:  [Қазақ ССР-iнiң А.С.Пушкин атынд. мемл.көпшiлiк кiтапханасының бас кiтапханашысы Ә.Түркебаева туралы] // Қазақ әдебиетi.- 1972.- 3 март.

Нiлiбаев, Ә. Хафиз бен Абай [Мәтін]:  Өлең // Қазақ әдебиетi. - 1971.-21 май

Нiлiбаев, Ә. Бұлбұл [Мәтін]: Новелла // Қазақ әдебиетi.- 1971.- 27 авг.

Нiлiбаев, Ә. Бар бақыттың иесiмiн [Мәтін]: Өлең // Соц. Қазақстан.- 1970.- 13 янв.

Нiлiбаев, Ә. Сөнбейдi шамы [Мәтін]: Өлең // Жұлдыз.- 1970.- N 4.- 45 б.

Нiлiбаев, Ә. Табысу [Мәтін]:  Әңгiме // Қазақ әдебиетi.- 1970.- 11 дек.

Нiлiбаев, Ә.Жер; Аспан; Аққу [Мәтін]:  Өлеңдер // Қазақ әдебиетi.- 1970.- 31 июль

Нiлiбаев, Ә. Әубәкiровтер әулетi. [Мәтін]: - Алматы: Қайнар, 1965.- 62 бет

Нiлiбаев, Ә. Менiң ойым[Мәтін]:  Өлең // Лениншiл жас.- 1965.- 11 июль

Нiлiбаев, Ә. Сұрақтар [Мәтін]: Өлең // Жұлдыз.- 1965.- N 12.- 62-68 б.

Нiлiбаев, Ә. Әттең шiркiн, бүкiл дүние татулықтан нұр алса [Мәтін]:: Өлең // Жұлдыз.- 1964.- N 8.- 102 б.

Нiлiбаев, Ә. Тағдыр мен Талант [Мәтін]: Үндiстанның Халықаралық "Падма Шри" сыйлығының лауреаты, ақын - аудармашымен сұхбат / Әңг. Д. Байтұрсынұлы // Әдебиет айдыны.- 2005. - 1 желтоқсан (N 42).- Б. 8-9.

Ә. Нілібаев туралы мақалалар:

Елубай , О. Жазушы Ә. Нілібаев 400 кітапты сыйға тартыпты. [Мәтін] / О. Елубай  // Дидар. - 2016. - 30 шілде.- Б.16.