Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Седешев П. М.

Седешев Петр Макарович (1918-2011)

Седешев Петр Макарович (1918-2011) -  аудандық «ЛЗ сегодня» газетінің штаттан тыс корреспонденті (Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы), Ұлы Отан соғысына қатысушы, II дәрежелі Отан соғысы орденінің және басқа да медальдардың иегері.

1918 жылы 15 маусымда Алтай өлкесі Шипунов ауданы Нечунаево ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, атасы мен әжесінде тәрбиеленген. 1933 жылы Шипунов орта мектебінде сегіз жылдық орта білім алған.

Еңбек жолын «Красный пахарь» колхозында қатардағы колхозшы болып бастаған.

1939 жылдың қыркүйегінде Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысына 596-шы атқыштар полкінің байланыс ротасында радист-барлаушы болып қатысты. Содан кейін 122-ші атқыштар дивизиясының құрамында Карелияны, Ленинград облысын, Норвегияны, Финляндияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етті. Радист, ауыр танк жүргізушісі, «Советское Заполярье» майдан газетінің тілшісі болған. Әскери корреспонденттердің екі семинарына қатысып, жазушылар Илья Эренбург, Николай Тихонов, Борис Полев, Елена Кононенко, Константин Симоновпен кездескен.

Майданнан оралғаннан кейін 1946 жылы Лениногор полиметалл комбинатында байланыс бастығы, облыстық радиоклуб бастығы болып жұмыс істейді.

1960 жылы Алматы электротехникалық байланыс техникумын бітіреді. Лениногор, кейін Киров байланыс кеңсесінің бастығы, ҮМЗ инженері болып жұмыс істейді.

1972 жылдан 1986 жылға дейін Верх-Уба ерекше мақсаттағы байланыс бөлімшесінде Электр байланысының аға инженері болып жұмыс істейді.

Соғыстан кейін П.М. Седешев өзінің шығармашылық қызметін жалғастырып, естеліктер, мақалалар, очерктер, әңгімелер, новеллалар, этюдтер жазады.

Көп жылдар бойы Верх-Уба ауылдық округінің соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің хатшысы, жастар тәлімгері болды.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За отвагу», «За героическую оборону Советского Заполярья», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», Кеңес Одағының маршалы Г. К. Жуковтың «Ветеран труда» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен, «Ленинское знамя» газеті редакциясымен көп жылғы қызметі үшін Қазақстан КП Шемонаиха аудандық комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2011 жылы 23 сәуірде қайтыс болған.

 

П. М. Седешев жарияланымдары

Публикации П.М. Седешева

Седешев, П. Как молоды мы были... [Текст] : [К 50-летию Победы] / П. Седешев // Ленинское знамя. - 1985. - 21 янв. - С. 2.

Седешев, П.  Озеро Северьянское [Текст] / П. Седешев // Ленинское знамя. - 1993. - 21 авг.

 

П. М. Седешев туралы

О П.М. Седешеве

Никифоров, И. Д. Шемонаихинский район Восточно-Казахстанской области Республики Казахстан. 1928 - 2003 [Текст] : История, события, люди / Никифоров И.Д. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2003. - 252 с.