Известные имена

Есімдер

Шпатлевка стен под обои. Быстрая шпатлевка стен своими руками. Стоимость шпатлевки стен. Штукатурка стен цена. Быстрая штукатурка стен своими руками. Отделка стен штукатуркой. Декоративная отделка стен. Качественная отделка стен декоративным камнем. Отделка стен своими руками. Мини токарный станок своими руками. Как сделать токарный станок своими руками. Настольный токарный станок своими руками. Облицовка дома кирпичом. Качественная облицовка дома кирпичом фото. Наружная облицовка дома. Как начать бизнес с нуля. Быстро начать бизнес без вложений. Начать бизнес с нуля идеи. Канализация в частный дом. Хочу сделать канализация своими руками. Водоснабжение и канализация дома. Строительство фундаментов цены. Быстрая строительство фундамента своими руками. Технология строительства фундамента.

Әубәкіров А. А.

Аубакиров Алдияр Акылбекович  - поэт, краевед, коллекционер, архивист, члены Союза писателей России

 Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы (1949) - ақын, өлкетанушы, коллекция жинаушы, мұрағатшы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Ұлан ауданының Құрметті азаматы, "Звено Алтая" ӘБ мүшесі.

Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы 1949 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қарабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1982 жылы Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын бітірген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша аспирантурада оқып, «тарих және философия ғылымдары» пәні бойынша кандидаттық емтихан тапсырған.
Өзінің еңбек жолын 1966 жылдан бастап Ұлан ауданының Ұлан астық совхозында құрылыс бригадасында ағаш ұстасы болып бастады. 1969 жылы «Ұлан» совхозының есебінен Ақжар АӨТУ оқуға жіберілді. 1970 жылы училище бітіргеннен кейін «Ұлан» совхозының №1 фермасына ветфельдшер болып жолданды. 1971 жылы Кеңес Әскер қатарына шақырылуына байланысты «Ұлан» совхозынан жұмыстан босатылды.
Әскери қызметі Мурманск қаласында 874 ә/б өтті.
1973 жылы әскери қызметтен кейін «Ұлан» совхозының штатына тракторист ретінде алынды. 1974 жылы сол совхозда бригадир қызметіне ауыстырылды. 1977 жылы Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академияға түсуіне байланысты өз ынтасы бойынша жұмыстан шықты. 1982 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының Киров атындағы колхозында зоотехник-селекционер болып жұмыс жасады, кейін Серебрянск ауданының Киров совхозына бас зоотехник қызметіне ауыстырылды. Аталған лауазымда 1987 жылға дейін жұмыс атқарып шықты. 1987 жылдың мамыр айында Серебрянск ауданы «Перворосийский» совхозының Парткомына хатшы болып тағайындалды. Сол совхозда өз маманы бойынша жұмыс істеді және 1989 жылы Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1989 жылдың желтоқсан айында Серебрянск қаласының қалалық атқару комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы лауазымына ауыстырылды. Кейін 1990 жылы Серебрянск қаласының қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасарына бекітілді. 1992 жылы Серебрянск қаласы Басшысының орынбасары лауазымына ауыстырылды. 1993 жылы Ұлан ауданының Басшысы болып тағайындалды, ал 1995 жылы, Әкімдер институты ұйымдастырылуына байланысты, Ұлан ауданының Әкімі болып тағайындалды. 2001 жылдың 01 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл лауазымда 2008 жылдың тамыз айына дейін болды. 2008 жылдың тамызынан 2009 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімі лауазымында болды. 2009 жылдың қазанында Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы лауазымына қайта тағайындалды. Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқамасының бастығы лауазымында қызмет атқарған жы
лдарда мұрағат саласын басқару бойынша үлкен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті мен сауатты менеджмент арқасында А.А.Әубәкіров қысқа мерзімде мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасының модернизациясын жүргізді. Оның бастамасымен облыстың, қаланың жұртшылығымен және Ресейдің шекаралас облыстары мұрағаттарымен тығыз байланыс орнатылды. Шығыс Қазақстан үшін тарихи және мәдениеттік құндылығы бар құжаттар табылды.
Шетелдік іс-сапарлар кезінде табылған құжаттар келесі жинақтар әзірлеуге пайдаланылды: «Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья. 20-30 гг. ХХ
в.» (2002 ж.); «Торговые связы Семипалатинского Прииртышья. XVIII-XXвв.» (2004 ж.); «Из истории величайшей трагедии казахского народа1932-1933гг.» (2005 ж.); «Административно-территориальное управление Восточным Казахстаном. XVIII-30-е годы XXвв.» (2006 ж.); «Справочник по истории административно-территориального деления Восточного Казахстана. 1920-2002гг.» (2006 ж.).
ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы А.А.Әубәкіровтің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына ұйымдастырушы ретінде ғана емес, зерттеуші ретінде белсенді жеке қатысуының арқасында көпшілік жұртшылыққа бірінші рет басылып шығарылған бай құжаттық мұралар көрсетілді.
А.А.Әубәкіров өз кәсіптік қызметінде шығармашылық бастамаларды іске асырады, оның тікелей басшылығымен облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыста біріншілердің бірі болып жаңа ақпараттық технологияларды енгізді.
Келесі Мемлекеттік сыйлықтары бар: «Астана - 1999» медалі, «Астана - 2005» медалі, «Қазақстан Республикасының 10жылдығына арналған медалі» (2005 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі.

2004 жылы А.А. Әубәкіров мәдениет және өнер дамуына қосқан үлесі үшін Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

А. А. Әубәкіров шығармалары

Произведения А. А. Аубакирова

 

Әубәкіров, А. Агриппа [Текст] : өлеңдер жинағы / А. Әубәкіров. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2004. - 135 б.

Әубәкіров, А. Ертістің жағасында [Текст] / Әубәкіров А. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 128 б.

Әубәкіров, Қ. Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер [Текст] / Қ. Әубәкіров. - Алматы : Білім, 2007. - 229 б.

Аубакиров, А. Соңғы монолог [Текст] : тарихи очерк / А. Аубакиров. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2012. - 136 б.

Аубакиров, А. Сарыарқа – менің жерім [Текст] = Сарыарка - мояземля = My home land, Saryarka : изданиядлядосуга / А. А. Аубакиров. - Өскемен : ВКПКАрго, 2019.

***

Аубакиров, А.Мои четверостишия... [Текст] / А. А. Аубакиров. - Усть-Каменогорск : ВКПК Арго, 2015. - 171 с.

Аубакиров, Алдияр. Красная корова [Текст]: повести и рассказы / А. Аубакиров. - Усть-Каменогорск : ТОО ВКПК Арго, 2018. - 250 с.

 

 

А. А. Әубәкіров туралы әдебиет

Литература о Аубакирове А. А.

 

Мустафин, С. "Бесценное наследие" Алдияра Аубакирова [Текст] / С. Мустафин // Рудный Алтай. - 2006. - 21 ноября. - С. 2

Омарова, А. "Одной любви лишь живопись подобна" [Текст] : [о выставке картин А. Аубакирова в областной библиотеке им. А. Пушкина] / А. Омарова // Семь дней. - 2009. - 3 декабря. - С. 2.

Омарова, А. "Одной любви лишь живопись подобна" [Текст] : [о выставке картин А. Аубакирова в областной библиотеке им. А. Пушкина] / А. Омарова // Мәдениет жаршысы . - 2009. - № 12. - С. 32.

Омарова, А. Истина красоты [Текст] : [в ВК библиотеке им. А. С. Пушкина открылась выставка картин из частной коллекции А. Аубакирова] / А. Омарова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 8. - С. 21.

Ким, Е. Прошлое - учитель будущего [Текст] : [об Алдияре Аубакирове, коллекционере, писателе, архивисте и встрече вышеуказанным в ОДЮБ. Усть-Каменогорск] / Е. Ким // Рудный Алтай. - 2018. - 29 ноября. - С. 15.

Жумагулов, О. Поздравляем [Текст] : [поздравление с 70-летним юбилеем архивиста, коллекционера А.А. Аубакирова] / О. Жумагулов // Рудный Алтай. - 2019. - 19 января. - С. 3.

Ким, Е. Я каждой встречей дорожу [Текст] : [о встрече в ОДЮБ с писателем-историком А.А. Аубакировым] / Е. Ким // Рудный Алтай. - 2019. - 22 января. - С. 3.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Аубакиров Алдияр Акылбекович [Электронный ресурс] : [биография] // Управление культуры, архивов и документации Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/honor_16.htm (26.09.2019)

Аубакиров Алдияр Акылбекович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1934 (26.09.2019)