Известные имена

Исабаев Б.

isabaevИсабаев Бекен (Бекмұхамбет) Кәнібайұлы (1930) – шежіреші, шешен, жазушы

1930 жылы 16 наурызда Шыңғыстау өңірі Маян ауылында туған. 1944-1947 жылдары Семей педагогикалық техникумында, 1948-1950 жылдары Семей педагогикалық институтында оқыған. Қасқабұлақ ауылындағы Қульмен орталау метебінде мұғалім, кейін осы мектептің мүдірі болған. БЛКЖО Абай аудандық комитетінде нұсқаушы, хатшы болып қызмет еткен.

1959-1963 жылдары Сталин атындағы және Қызылту кеңшарында партия комитетінің хатшысы, Кульмен орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болған.

1969-1974 жылдары Ақбұлақ орта мектебінің мүдірі, 1974-1987 жылдарда Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте ұстаз, тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгеруші қызметтерін атқарған.

1987 жылдан Бөрілідегі М. Әуезов мұражай үйінің меңгерушісі, 1995 жылдан ғылыми қызметкер болған.

Құнанбай, Абай, Мұхтар  туралы тарихи деректерді хатқа түсірген, жер мен ел тарихының білгірі. Исабаевтың құнды әрі нақты дерекке кұрылған жазбалары Абайдың Семейдегі қорық-мұражайында  колжазба корында сақтаулы. «Абай» және «Мұхтар Әуезов»  энциклопедияларына пайдаланылған біраз деректер, Әуезовтің шежіресі осы Бекен қарияның жазба корынан алынды. «Ұлылар мекені» (2001) атты көлемді естілігі, «Абай жерінің тарихы», «Абай елінің тарихы», «Мұхтар Әуезовтің ата шежіресі» атты жазбалары «Семей таңы», «Алматы ақшамы» (1995) газеттерінде, «Жұлдыз» журналында (1995, № 8) жарияланды.

Б. Исабаев Бөрілідегі Әуезовтің мұражай-үйінің тақырыптық жоспары мен таныстыру көрсеткіштерінің авторы. Жазушының туғанына 100 жыл толуы мерекесіне орай, Әуезовтің әкесі Омархан мен анасы Нұржамалдың жерленген жерін тауып, басына күмбез орнатуға тікелей жетекшілік етті. Әуезовтің өміріне катысты көптеген деректер жинастырды және «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттелген жерлерді картаға түсірді.

2020 жылы дүниеден өтті.

 

 

Б. Исабаев шығармалары

Произведения Б. Исабаева

Исабаев, Б. Ұлылар мекені [Мәтін] / Б. Исабаев, 2001. - 623 б.

Исабаев Б. Ұлылар мекенi.- 2-шi басылым.- Алматы: Информ-Арна, 2010.- 336 бет,

Мұтылғанның тағдыры [Мәтін] / құраст. Әубәкір Ж., 2013. - 267 б.

 

Б. Исабаевтың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары

Статьи Б. Исабаева на страницах периодической печати

 

Исабаев, Б. Зеректерден зерделенген: [Абай жайлы естелiктер] // Алматы ақшамы.- 1991.-N 122,123,124,125.

Исабаев, Б. "Әдiл-Мария" шығармасы туралы // Шәкәрiм.- 2005.- N 1(01).- 113-114 б.

Исабаев Б. Ұлылар туған өлке: Ұлы ақын Абайдың елi мен жерi туралы // Жұлдыз.- 2005. - N 1. - 185-201 б.; N 2.- 183-197 б.; N 4. - 183-197 б.; N 5 - 183-203 б.; N 6. - 200-206 б.; N 10.-193-200 б.; N 11.-170-173 б.

Исабаев, Б. Шыңғыстау көтерiлiсi: Шәкәрiмнiң қайтыс болу тарихы // Шәкәрiм.- 2005.- N 1(01).- 109-112 б.

Исабаев, Б. Ұлылар туған өлке: Абай, Ербол, Тәуке батыр туралы // Жұлдыз.- 2006.- N 2.- 197-203 б.

Исабаев, Б. Ұлылар туған өлке: Құнанбай туралы естелiктер // Жұлдыз.- 2006.- N 11-12.- 200 Исабаев , Б. Жер кіндігі Жидебай атауы қайдан шыққан? [Мәтін] / Б. Исабаев // Ертіс өңірі. - 2011. - 23 наурыз.- Б.13.

-206 б.

Исабаев, Б. Көңiлге түрлi ой салар // Қазақ әдебиетi.- 2013. - 22 - 28 ақпан (№ 8). - 12 б.

Исабаев, Б. Ұлылар мекені-Ақшоқы [Мәтін] / Б. Исабаев // Ертіс өңірі . - 2015. - 18 тамыз.- Б.12-13.

Исабаев, Б. Қодар мен Қамқаны өлтiртуi - қаттылық емес, халық iшiн тазарту / әңг. М. Шапиян // Аңыз адам.- 2015.- № 13.- 20-21 б..

Исабаев, Б. "...Жер әңгiмешi болған соң, ел әңгiмешi"[Мәтін]: [М.Әуезовтiң туғанына - 120 жыл толуына орай сұхбат] / әңг. С.Молдайып // Сарыарқа самалы.- 2017.- 16 қараша (№ 127).- Б.18-19.

 

Б. Исабаев туралы мақалалар

Статьи о Б. Исабаеве

 

Қабышұлы, М. Бабалар ісі қашанда үлгі [Мәтін] : [Абайтанушы Бекен Исабаев туралы.] / М. Қабышұлы // Ертіс өңірі . - 2014. - 23 сәуір. - б. 13.

Қасымжанұлы С. Ел пiр тұтқан Ешен әулие [Мәтін]:[ Б.Исабаевтың "Ұлылар мекенi" атты еңбегiнде берiлген Тұңғышбай Ешен туралы] // Алаш айнасы.- 2013. - 23 ақпан (№ 30). - 1,6 б.