Известные имена

Есімдер

Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.

Қазанғапұлы И.

Қазанғапұлы Иманбазар (1876-1943) - халық ақыны.

Абайдың шәкірті. Абай аулымен көршілес Қызылмола болысында туып өскен. Әкесі Қазанғап Қынашұлы мұсылманша, орысша сауатты, көзі ашық, еліне сыйлы адам болған. Туған аулында медресе ашып, бала оқытқан, Меккеге з рет қажылыққа барған. әкесінің тәрбиесін көріп, ауыл молдасынан хат танып, кейін Семейдегі 5 кластық медресені бітірген. Өз жанынан өлең шығарып, Абай өлеңдерін өз бойына сіңіріп өскен. Иманбазар ұлы ақынмен Шыңғыстауда танысады. Бұл кездесу шығармашылық достыққа ұласқан. Иманбазар ел басқару қызметіне араласып, Қызылмола болысы № 1 старшындық аулының, одан кейін болыстық халық соты болып қызмет істеген. Осы қызметі үшін 1900 ж. Шыңғыс болысының басқарушысы, досы Мағауия Құнанбаевпен бірге дала генерал -губернаторлығының мақтау қағазын алған. Абаймен кездескеннен кейін қазақ өмірінің көкейкесті мәселелерін қозғайтын шығармалар жазған. Тұңғыш өлеңдері 1888-89 ж. «Дала уәлаятының газетінде» жарияланған. Абайға еліктеп лирикалық өлеңдерден, эпиграммалар мен арнаулар, ақынның тапсыруымен «Әнибал» (1909), «Алтын сақина» (1911) дастандарын жазған. Қазандағы ағайынды Каримовтар баспаханасынан «Қисса-и Әнибал» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан. Иманбазар Абайдың ұлы Мағауиямен жақын дос болып, хат алысып тұрған. Мағауия қатты ауырып жатып, қайтыс болардың алдында Иманбазарға өлеңмен хат жазған. Иманбазар өзі өлерінің алдында көптеген кітаптар, қолжазбаларын т. б. хаттармен құжаттарын зиратының маңына сенімді кісілеріне көмдірткен. Бірақ 1960 ж. Алматыдан барған археологиялық экспедиция бұл қүнды мұраны таба алмай қайтты. 1941ж. шілде айында Иманбазар Семейде өткен облысаралық халық ақындары слетіне қатысқан. Ақын мүрдесі өзінің ата қыстауы Қазанғап қажы қорасындағы әке зиратына жерленген.

И. Қазанғапұлы туралы әдебиеттер

Литература о И. Казангапулы 

 

Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]. 4-ші кітап / Республикалық Абай қоры. - Алматы: Дәуір, 1997. - 239 б. (Введено оглавление)

Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]. 4-ші кітап / Республикалық Абай қоры. - Алматы: Дәуір, 1997. - 224 б. (Введено оглавление)

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер, 2005. - 328 б.