Известные имена

Есімдер

Какой ноутбук выбрать. Какой фирмы выбрать ноутбук лучше. Какой выбрать ноутбук для работы. Скачать драйвера для видеокарты. Скачать драйвера для видеокарты nvidia бесплатно. Драйвера видеокарты для windows 7. Как начать учить Java. Какие книги java читать. Все о программирование на Java. Скачать игры для android. Лучшие игры для android скачать. Бесплатные игры для планшетов android. Интересные факты о человеке. Где найти интересные факты обо всем. Интересные факты о русских. Где найти гайд по магу wow. Самые лучшие гайды о магах wow. Аркан маг гайд для World of Warcraft. Как начать изучать язык Python. Какие книги python лучше читать. Все о программировании на python. Скачать компоненты Joomla. Самые лучшие компоненты joomla скачать. Бесплатно скачивание компонентов Joomla всех версии.

Айтқожаұлы Б.

Баймағамбет Айтқожаұлы (1870-1932) – Абайдың ақын шәкірті

Абайдың алдында болып, ұлы ұстаз ақынның өсиетін көп тыңдап, мол тағлым алған, талапты ақын шәкірттерінің бірі – Баймағамбет Айтқожаұлы.

Абай мектебінің ақыны деген атақты ақтаған адам. Оған дәлел: оның Абай шығармаларының үлгісінде жазған өлеңдері және Абайдан естіп, ұққан уақиғалар негізінде жазған дастандары болады.

Баймағамбет Айтқажаұлының шығармалар жинағы, жеке кітап ретінде, 1915 жылы Семей қаласындағы "Ярдам" ("Жәрдем") серіктігі баспасынан басылып шыққан.

Абай ауылына келіп, апталап жатып, көп өнеге алған ақынның бірі — Баймағамбет Айтқожаұлы (1870-1932) былай депті: "Абайдың бір мінезі: өзі бір нәрсеге бет қойып кіріспеуші еді. Егер кіріссе, ол нәрсенің үлкен-кішісіне, жақсы-жаманына қарамай, соны іске жаратуға құмар еді" (Қ.Мұхаметханов. Шығармалар жинағы.- 4 том. - Алматы, 2005. - 175 бет). 1977 жылы басылып шыққан "М.О.Әуезов қолжазба мұрасы" кітабында Сапарғали Бегалин былай дейді: «Мен көргенде, Абай әңгімесін жап-жақсы білетін кісі Баймағамбет Айтқожаұлы еді... Ол кісінің әдебиеттен де хабары бар болатын, ол кісі қазір тірі кісі. Солардан әлі де болса, толығырақ жинау керек" (50-60 бб.). Сапарғали Бегалин Абай тұсында өмір сүрген адамдар және оның шәкірттерінен естеліктер жинаған.  Оның Баймағамбетпен кездесіп, әңгімелескен уақыты – 1930-31 жылдары шамасы болса керек.

Б. Айтқожаұлы туралы әдебиеттер

Произведения о Б. Айткожаулы 

 

Бегалин, С. М.О.Әуезов қолжазба мұрасы [Текст] / С. Бегалин. – Алматы : Ғылым,1977 г. - 50-60с.

Мұхамедханұлы, Қ. Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы ; [жалпы ред. басқ.: М. Қ. Орынбаев, Х. М. Матаев; жауапты шығ. Б. Ерсәлімұлы]; Республикалық Абай қоры .- Алматы : Дәуiр, 1997г.

Мұхаметханов, Қ. Шығармалар жинағы [Текст] / Қ. Мұхаметханов. - Алматы, 2005. стр. 175

 

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Қ.Мұхаметханов. Абайдың ақын шәкірттері[Электронный ресурс] : сайт. - Режим доступа : http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1034480

Абай 165. [Текст] :[Электронный ресурс] : сайт. - Режим доступа : https://egemen.kz/article/4526-abay-165