Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Өскенбаев Х.

Өскенбаев Халиолла Құнанбайұлы (1848-1870) – ақын, әдебиетші

Халиолла Құнанбайұлы 1848 жылы туған. Әкесі Құнанбай төрт әйел алған. Үлкен әйелі – қыздай алған Күңкеден Құдайберді туады. Екінші әйелі – Ұлжаннан туған балалары: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Төртінші әйелі – Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.

Құнанбай екі баласына үлкен үміт артқан. Халиолланы жастайы-нан орыс оқуына берсе, Абайды мұсылманша оқытады. Балаларын өз атына жаздырғанмен, Халиолла мен немересі Әбдірахманды әкесі Өскенбайдың атына жаздырды. «Халиолла Өскенбаев» деп жаздырғаны туралы куәлік қағаз (свидетельство) мұрағаттарда сақталған. Халиолланы ағайын- туысы – Халел деп атаса, оның аты-жөні орыс басылымдары мен архив деректерінде «Халиулла Ускенбаев» деп кездеседі.      

 Жасында Халиолла Құнанбайдың барлық балалары сияқты ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алып, мұсылманша хат таниды. Кейіннен Семейдегі Камалиден хазіреттің медресесінде үш жыл оқып, оған қоса өзі ынта қойып, орысша сауатын ашады.

Әрхам: «Халиолла сабырлы, көп сөйлемейтін, тұйық болады. Абай Ысқақтан Халиолла артық, ойлы ақылды, дана адам болар деп үміт артады» дейді.

Халиолла 11- 12 жасында кадет корпусына түссе, онда 7 жыл оқып, 1867 жыл бітіріп шығады. Сол жылы Москваның Павлов атындағы әскери училищесіне түсті. Халиолла бір жыл ауылда, бір жыл Омбыдаәскери қызмет атқарады. Құнанбайдың талантты ұлы 1870 жылы аққан жұлдыздай, небәрі 22 жыл ғана өмір сүріп, аурудан қайтыс болады. Сүйегі «Сары қатын» қыстауына жерленеді.

Семей өңірінде алғашқы адамдардың қатарында әскери шенге ие болған ол жат жерде тек білім алумен ғана шектелмей, қазақ халқының фольклор үлгілерін жинайды. Оларды И.Березин, Н.Костылецкий, Н.Максимов сынды орыстың шығыстанушы ғалымдарына жолдап, өзі де қазақ халқы ауыз әдебиетінің кейбір нұсқаларын орыс тіліне аударады. Жазғандары «Дала уәлаяты», «Сибирский вестник», «Московская иллюстративная газета», «Природа и люди» басылымдарында жарық көріп отырады.
Халиолла Өскенбаевтың ғұмыры мен шығармашылығы жайлы ғалымдар мен жазушылар өз пікірлерін қалдырған.

Әлкей Марғұлан – Халиолланың өмірі мен рухани мұрасын зерттеуге ден қойған алғашқы ғалым. Халиолла жайында әр уақыттарда Г.Потанин, Н.Максимов, И.Березин, Н.Костылецкий атты орыс ғалымдары мен М.Әуезов, С.Мұқанов, Ұ.Сұбханбердина, А.Сағди, М.Бейсенбаев, Т.Жұртбай, Т.Әлімқұлов сынды қазақ жазушылары мен ғалым-зерттеушілер, Кәкітай, Әрхам Ысқақовтар, Ахат Құдайбердиев, Тұрағұл атты Ырғызбай ұрпақтары да жазды.

Жасы отызға жетпей дүниеден озған Халиолла жайында 1896 жылы орыс зерттеушісі Н.Потанин «Ең соңғы қазақ ханзадасының киіз үйінде» (Шығыс сұлтанның үйінде) деген еңбегінде («Русское богатство» журналы. 1896, №8) Халиолланың асқан білімдарлығымен қоса, сол білгенін өз еліне үйретіп, басқа жұрттың әдебиетін қазақ жұртына насихаттап, таныстырудағы еңбегін ерекше баяндайды. Халиолла Тургеневтің, Лермонтовтың, Толстойдың шағармаларын еркін аударып, көппен бөліскен. Өкініштісі, Халиолланың аударма мұрасы сақталмаған

Ә.Марғұлан «Московская иллюс­тративная газета» басылымының 1892 жылғы №274 санында жарияланған Халиолланың «Қазақ аңызы» деген мақаласын алғаш ғылыми айналымға енгізеді. Бұл – Х.Өскенбаевтың баспасөз бетіне шыққан бізге белгілі жалғыз еңбегі. Қысқа мақалада Темучинді Шыңғыс тауындағы Хан биігіне Майқы би бастатқан билер ақ кигізге отырғызып, хан көтергендігі туралы тарихи шындық баяндалған.
Замандастарының, әсіресе, Г.Потаниннің сипаттауында Халел әскери іспен қатар көркем әдебиетті де жақсы меңгереді.

Әрхамның естелігі бойынша Халиолла дүниеден өткенде оның сүйегімен қоса Омбыдан екі сандық қоса келіпті. Артында қалған дүниесін іні-бауырлары бөліскен кезде, Абай бірден кітаптар мен қолжазбаларға толы сандықты қалап алыпты. Бойындағы таланты ашылып үлгермей кеткен Халиолла бір сандық кітаппен бірге Абайдың санасына орыс әдебиетінің сәулесін құйып, рухани дүниесін байытып, тынысын кеңейтті.

Халиолла Өскенбаевтың өмірі мен әдеби мұрасы әлі де зерттеуді талап етеді. Семейлік Ә. Медеуханұы, А. Мұхаметқалиқызының зерттеулері оқырманның таным көкжиегін кеңейтіп, Халиолла өмірінен біраз сыр ұқтырары анық.

Х. Өскенбаев туралы

О Х. Ускенбаеве

Марғұлан, Ә. Абайдың інісі Халиуллаға жазылған үш хат [Мәтін] /Ә. Марғұлан. Шығармалары. Т.ХІV. - Б.291-299.

Медеуханұлы Ә. Халиолла Өскенбаев [Мәтін] //Ә. Медеуханұлы. Абай аманаты (пьесалар. Ғылыми –танымдық мақалалар . – Семей.- Анастасия, 2014. - Б.154-164.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Өскенбаев Халиолла туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар

Статьи на страницах периодической печати о Халиулле Оскенбаеве

 

Медеуханұлы Ә. Құнанбайдың баласы Халиолла [Мәтін] : [Ұлы Абайдың талантты інісі Халиолла Өскенбаев туралы] / Ә. Медеуханұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 18 мамыр.- Б.11.

Медеуханұлы Ә. Құнанбайдың ұлы Халиолла [Мәтін] / Медеуханұлы Ә. // Егемен Қазақстан. - 2011. - 27 шілде (№ 325/328). - 8

Медеуханұлы, Ә. Соңына өлмес мұра қалдырған Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы жайында бір үзік сыр. [Мәтін] / Ә. Медеуханұлы // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 22.

Медеуханұлы Ә. Халиолла Өскенбаев [Мәтін] / Ә. Медеуханұлы // Абай. - 2012. - №1-4.- б.110-114

Мұхамедова М. Халиолла Өскенбаев оқыған Омбының кадет корпусы (архив деректері ізімен) [Мәтін] / М. Мұхамедова // Керуен. - 2014. - №6.- Б.140-149.

Рахымбекқызы, Т. Әдеби кеш арқауы - Халиолла өмірі [Мәтін] / Т Рахымбекқызы // Абай елі. - 2014. - 16 - 23 сәуір. - Б. 3.