Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Әбілқасымов А.

AbilkasimovӘбілқасымов Айжарық (1961) ақын

1961 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Үржар (бұрынғы Мақаншы)  ауданы Қабанбай (бұрынғы Жарбұлақ) ауылында  көпбалалы отбасында туған. Әкесі Құбаш үлкен оқу бітірмесе де, қисса-дастан, көне аңыз-әңгімелерді жатқа айтатын, домбыра шертіп, ән айтатын шежіре адам болыпты. Ауылға келген өнер адамдары сол үйге соқпай кетпейді екен. Ауыз әдебиетін жинаушы Балтабай Адамбаев, Қажым Жұмалиев, Серік Қирабаев Құбаш ақсақалдың шаңырағында болып, дәм татқан кісілер. Құбаш ақсақал - Дәнеш Рақышевтің, Арқа әндерін таратып, Ақан сері мен Мәдидің әндерін дәріптеуші болды. Ол кісінің орындауындағы Балтабай Адамбаевтың магнитофонға жазып алған әндері Алматыдағы мұрағаттарда сақтаулы.

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалымдары «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» эпостарының қазіргі әдебиетте жоқ нұсқаларын Құбаш ақсақалдан жазып алған. Аталған жырлардың негізгі желісі, құрылымы бір болғанымен, кейбір оқиғалары басқаша өрбиді. Құбаш ақсақал әжептәуір күйші, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет күйлерін жақсы тартатын. Күйді тарта отырып, шығу тарихы, авторы туралы мәліметтерді де жеріне жеткізе айтып беретін. Міне осындай отбасында өскендіктен Айжарық та әдебиетке құмар болып өседі.

Бала кезінен сурет салып, жазған мақалаларын «Қазақстан пионеріне» жолдайтын. Басылымның бас редакторы Фариза Оңғарсыновамен таныстығы осы кезден басталса керек. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көре бастайды.

1979 жылы Жарбұлақ орта мектебін бітіреді. 1979-1981 жылдар әскери борышын Германияда өтейді. 1984 жылы Талдықорған заң техникумын тамамдап, жаңадан жасақталып жатқан Таскескен ауданының кәмелеттік жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі аға инспекторы болып жұмысқа орналасады. Бір жылдан кейін офицерлік дәреже алып, лейтенант атанады. Павлодардан арнайы курс бітіреді. «Милиция үздігі» төсбелгісімен марапатталады. Әдебиет жадынан шықпай, өлеңдері аудандық газетке, «Семей таңы», «Лениншіл жас» газеттеріне шыға бастайды. Жүрсін Ерманның ұйымдастыруымен өткен 700-ге жуық ақын қатысқан «Бір өлең – бір әлем» республикалық мүшәйрасында бірінші орын алған. Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып жүр, бірнеше мүшәйралардың жүлдегері.

Семей педагогикалық институтында «Туған өлкенің ақын-жазушылары» атты пән бойынша жүретін оқулық бар. Сол оқулыққа Айжарық ақынның өлеңдері, есімі «Қазақ совет ақын-жазушылары», «Шығыс ақын-жазушылары» энциклопедияларында енген. Сонымен бірге, Төлеген Айбергенов, Жәнібек Кәрменов туралы естеліктер жинағына, Фариза Оңғарсынованың он бір томдық жинағының тоғызыншы томына шығармалары еніпті. Ауылда жатып ақ оқырмандар жүрегін баурап алған Айжарық ақынның «Сағынған көздің моншағы» (1992), «Жүректе бүгін сызат көп» (1995), «Махаббатым менің» (1996), «Ең бақытты шақтарым» (2003), «Көңілдария» (2003) атты бірнеше жыр кітабы жарық көрген.

А. Әбілқасымов туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

Статьи опубликованные на страницах периодической печати о А. Абилкасимове

Әбілқасымов , А. "Мен әлі өмір кешем!" Мәтін: [үржарлық ақын А. Әбілқасымов туралы.] / А. Әбілқасымов ; сұхбат: Тайжігіт Б. // Алдаспан. - 2014. - 13 қараша. - Б. 12.