Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Шаяхметов М. Ш.

shaiahmet

Шаяхметов Мұхаметқалым (1922 - 2010 жж. ) - жазушы

1922 жылы бұрынғы Семей губерниясы Күршім-Алтай болысының 6-ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) көшпелі-шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесі Шаяхмет тәлім-тәрбиесі мол үлкендердің салиқалы әңгімелеріне қатыстырып, мақал-мәтел, көркем шешендік сөздердің үлгілі тәлімінен сабақ алып өсуіне ықпал жасайды.

1928 жылдың күзінде жаңа мектеп ашылып 1-2 кластарға оқушылар қабылдайды. Мектептің салынуына өзі басшылық жасаған Нөкен Маякупов меңгеруші болып тағайындалады. Осы мектепке Мұхаметқалым да қабылданады.
30 жылдары мектептің 3 класына барады. 2-аптадан соң 5 оқушыны 4 класқа 18-20 жастағы жігіттермен қатар оқытып, сол жігіттерге көмекші қылып бекітіп, солармен оқып бітіреді.

Колхоздастыру жылдарында 1931 жылы отбасы «тап жауына» жатқызылып, мал-мүліктен, әкеден айырылып, мектептен шығарылады. Күнкөріс қиындап, бүкіл қазақ еліне келген ашаршылық пен сол ауыр жылдардың зардаптарын көріп өсті. 1931 жылы жер аударылғандардың қатарында әкесін Құйған ауылына кірпіш заводының жұмысына жібереді. Одан кейін Риддерге жер аударылады. Қоныстанған жерлері қаладан 8 шақырым жердегі «Кирпичная» станциясы болды. 1933жылы туған елге қашып оралады. 1931 жылы төртінші кластан «тап жауының баласы» деп қуылған Мұхаметқалым, 1935 жылы Камышенко ауылында төрт жылдық үзілістен кейін үшінші орыс класына қабылданады. Орыс тілі қиынға соғып қиналса да, есесіне есеп сабақтарына алғыр болады.

1939 жылы материалдық жағдаймен мектепті әрі қарай жалғастыра алмайды. Осы кезде ұстазы, әрі мектеп директоры Семен Акимович Яковенко мектептегі оқуымен қабат ұстаздық етуіне, соңынан аға вожатый міндетін де атқаруына ықпал жасайды.
Комсомол мүшесі ретінде қоғамдық негізде пионерлермен жүргізілетін жұмыстар, аудандағы жастар одағының жұмысына қатысудың нәтижесінде аз да болса қоғамдық өмірден түсініктерін кеңейтеді. 1941 жылдың жазында Өскемендегі педтехникумға экстрен жолымен емтихан тапсырып орта білім алып шығады.
Ұлы Отан соғысына атқыштар полкының барлаушылар қатарында қатысып соғысты. «Отан соғысы» орденімен, медальдарымен марапатталды.

Сталинград түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, ауылға қос балдақпен оралған М. Шаяхметов мектепте мұғалім бола жүріп, сырттай оқып жоғары білім алады. Әуелі қарапайым мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, одан соң мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің бастығы міндеттерін атқарды. Бірақ бұл жұмыстарға да тар жол, тайғақ кешулермен әрең жетеді. Лениннің идеяларына, Коммунистік партияның мызғымастығына шексіз сенген ұстаз партия қатарына өте алмай, «кулактың баласы» деген қара күйеден құтыла алмай әбден қиналады. Ақыры облыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Ілияс Омаровтың шарапаты тиіп, бұл кедергіні де жеңіп шығады.

Одан кейінгі ғұмыры тұтастай ұрпақ тәрбиесіне арналады. Шәкірттерінің көбі тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпірінде жауапты жұмыстарда жемісті еңбек етіп, ұстаз мерейін өсірумен келеді. 1998 жылы Күршім ауданының құрылғанына 70 жыл толуына байланысты «Күршім ауданының құрметті азаматы» атағын алды.

Қазір туған өлке тарихынан болашақ ұрпаққа ғибрат берерлік естелік кітап жазумен айналысады. «Өткен күннің өткелдері» атты шығармасы 1930-1944 жылдарды қамтиды. Өзінің балалық шақтағы көрген, басынан өткізген өмірі арқылы сол жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубеттер, ауқатты адамдардың тәргіленуі, зорлықпен колхоздастыру, ашаршылық, Ұлы Отан соғысының қиын кездері шынайы сүреттеледі.

«Жылдар» атты кітабында негізінен өзінің ұстаздық қызықты да қиын өмірінен сыр шертеді.

2010 жылы дүниеден өткен. 

 

М. Шаяхметов шығармалары

Произведения М. Шаяхметова

Кітаптар – Книги

Шаяхметов, М. Өткен күннің өткелдері [Мәтін] / М. Шаяхметов . - Алматы : АБА"Айкос", 1999

Шаяхметов, М. Жылдар, жылдар [Мәтін] / М. Шаяхметов, 2001. - 267 б

Шаяхметов, М. Үнсіз дала [Мәтін] / М. Шаяхметов : 2 томдық. Т. 1. - Алматы , 2008. - 414 б.

Шаяхметов, М. Үнсіз дала [Мәтін] // М. Шаяхметов : деректі хикая. Т. 2. - Алматы , 2008. - 236 б.

Шаяхметов, М. Ғасыр асулары [Мәтін] / М. Шаяхметов М. - Алматы : Фолиант, 2006. - 512 б.

                                                

***

Шаяхметов, М. Судьба [Текст] : документальная повесть / Шаяхметов М. - Жидебай : МКА, 2002. - 496 с.

Шаяхметов, М. Судьба [Текст] : документальная проза в двух частях / М. Шаяхметов. - Жидебай : Международный клуб Абая, 2008. - 456 с.

Шаяхметов, М. Безмолвная степь [Текст] : документальная повесть / М. Шаяхметов ; пер. с каз. Н. Кенжегуловой ; предисл. К. Салыкова. - Алматы : Intelli Group, 2008. - 381 с.

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

 

Шаяхметов, М. Есімдері ел есінде [Мәтін] : [Күршім өңірін ақгвардияшылардан азат етуге қатысқан Ә. Ежембаев, Ә. Рақымбаев, Е. Нөкешов, Ш. Әкетаевтар туралы] / М. Шаяхметов // Коммунизм туы. - 1987. - 6 ноябрь

Шаяхметов, М. Қос арыс - ел жүрегiнде: [А. Байтұрсынов пен М.Дулатов туралы] // Дидар.- 1991. - 6 шiлде. - Б. 4

Шаяхметов, М. Жасанды жұт [Мәтін] : [Күршім ауданы жұт жылдарында] / М. Шаяхметов // Қазақ әдебиеті. - 1991. - 16 тамыз. - Б. 14.

Шаяхметов, М. Қателiк қайталанбасын: [желтоқсан оқиғасында партия, совет орындарында отырғандардың қалай өзгергендiктерiн көрсететiн деректер туралы] // Дидар. - 1991. - 19 желтоқсан. – Б. 4

Шаяхметов, М. Тана мешітінің тарихы жөнінде [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1992. - 11 қаңтар.- Б. 2.

Шаяхметов, М. Күй шебері - Шайқы [Мәтін] : [Күршім ауд. туған (1897-1970) шертпе күйдің шебері Ш.Құсайынов туралы] / М. Шаяхметов // Қазақ әдебиеті. - 1994. - 29 шілде. - Б.14

Шаяхметов, М. Кеңес өкіметінің кесірі [Мәтін] : [Кеңес өкіметінің облыс халқының өміріне әсері туралы] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1994. - 18 қаңтар

Шаяхметов, М. Күй шеберi - Шайқы // Қазақ әдебиетi. - 1994. - шiлде. - 14 б.

Шаяхметов, М. "Зердені" қайта толықтыру қажет [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған кітап жайында] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1994. - 3 желтоқсан.- Б. 4

Шаяхметов, М. Күй шебері - Шайқы [Мәтін] : [күйші Ш. Құсайынов туралы] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1995. - 14 ақпан. - Б. 4.

Шаяхметов, М. Партизан жерлестеріміз [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагерлері] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1995. - 22 сәуір. - Б. 4

Шаяхметов, М. Алғашқы ұстаздар [Мәтін] : [обл. білім беру тарихынан] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1995. - 12 желтоқсан.- Б. 4

Шаяхметов, М. Жаны жайсаң жан еді [Мәтін] : [республикаға еңбегі сіңген мұғалім, фольклоршы, шежіреші, этнограф Қ.Жаманбаев жайлы естелік] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1996. - 13 шілде.- Б. 3

Шаяхметов, М. Көкжал барақтың серігі-Жанделі батыр [Мәтін] : [Жанделі батыр жайында] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1997. – 3 шілде . – Б. 6

Шаяхметов, М. Қазақстандағы әкімшілік- аймақтық құрылымдардың тарихынан [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1998. - 15 қыркүйек

Шаяхметов, М. Ана аманаты. [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысында атақты Панфиловтың басқаруымен Москва түбін неміс басқыншыларынан азат етуде қаза тапқан жерлесіміз, лейтенант Мейірбаев А. жайлы дерек] /М. Шаяхметов // Дидар. - 1999. - 13 қараша.- Б. 4

Шаяхметов, М. Аманжоловтың туған жылы жөнінде бір дерек [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 2003. - 4 қазан. - Б. 2

Шаяхметов, М. Еңкiлдеп жүрiп елге жеттiк...: Ер жiгiттердiң майдан даласынан қайтуы оңайға соқпаған көрiнедi. Хикая сол туралы // Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 мамыр . - 8 б.

Шаяхметов, М. Қанмен салынған суреттер [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 2007. - 8 мамыр.- Б.2.

Шаяхметов, М. Тағдыр талқысы [Мәтін] / М. Шаяхметов // Ақ Ертіс. - 2009. - N 1. - Б. 8-23.

Шаяхметов М. Электрондық оқыту (e-learning) жүйесi - заман талабы // Мектеп директоры = Директор школы. - 2013. - № 1. - 9-11 б.

                                            

***

Шаяхметов, М. Из плеяды интеллигентов [Текст] : о бывшем учителе школы-интернат им. Джамбула, этнографе Жаманбаеве К.К. / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 1992. - 15 февр. - С. 4

Шаяхметов, М. Славные партизанки [Текст] : [об участницах Великой Отечеств.войны из Вост.-Казахст.обл.] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 1995. - 7 марта

Шаяхметов, М. Район как оптимальная форма управления [Текст] : из истории админ.-территор. образования и деления в Казахстане / М. Шаяхметов // Рудный Алтай.- 1999. - 26 янв. - С.3  

Шаяхметов, М. Первая школа в ауле [Текст] : [глава из книги М. Ш. Шаяхметова] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 1999. - 16 дек. - С. 4  

Шаяхметов, М. Степные батыры требуют защиты [Текст] : [к 300-летию народного батыра Барака] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 2002. - 12 окт. - С. 17                              

Шаяхметов, М. Когда же родился Сарсен Аманжолов [Текст] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 2003. - 4 окт. - С.7

Шаяхметов, М. За "языком, или Воспоминания бывалого разведчика [Текст] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 2005. - 22 янв. - С. 2

 

М. Шаяхметов туралы әдебиеттер

Литература о М. Шаяхметове

 

Қасымұлы А. Алтайдан ұшқан ақиық [Мәтін] / Қасымұлы А. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б. -Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 142

Жеңіс деп соққан жүректер [Мәтін] : естелік кітап. - Өскемен : [б. и.], 2005. - 240 б.

Қазақ жерінің зиялы азаматтары = Почитаемые люди земли казахской [Мәтін]. Т. 10, 2005. - 728 б.– Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 143-147.

Ерлік - ұрпаққа мұра [Мәтін] / Оралхан Бөкей атындағы № 44 қазақ орта мектеп-лицейі. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2010. - 299 б.– Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 157-158

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 802

 

Мақалалар - Статьи

Бақытқызы А Бельгиядан келген хат [Мәтін] / А. Бақытқызы А // Дидар. - 2004. - 17 шілде. - Б.4

Тоқанұлы Б. Кер заманды толғаған кемел туынды [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2008. - 2 желтоқсан.- Б.4.

Сембаев, Қ. Сүйікті менің ұстазым [Мәтін] / Қ. Сембаев // Рауан. - 2010. - 2 қазан. - Б.2.

Сейсенбаев, Р. Тағдырмен бетпе-бет келген жан еді [Мәтін] : [жазушы, ұлы отан соғысының ардагері М. Шаяхметов туралы эссе-реквием] / Р. Сейсенбаев // Дидар. - 2011. - 3 шілде.- Б.7.

Зәкәрия , Х . Көшеге ұстаз есімі берілді [Мәтін] : [Күршім ауылындағы бір көшеге ұстаз М. Шаяхметовтың есімі берілді.] / Х. Зәкәрия // Дидар. - 2012. - 14 мамыр.- Б. 5.

                                            

***

Кулев, И. Книга о правде жизни [Текст] : [о. М. Шаяхметова] / И. Кулев // Семь дней. - 2003. - 21 февр. - С. 7

Кудайбергенов, К. В назидание потомкам [Текст] : [о. М. Шаяхметова] / К. Кудайбергенов // Рудный Алтай. - 2003. - 8 марта. - С. 3

Астаева М. "Судьба" Шаяхметова [Текст] : [В областной библиотеке им.А.С.Пушкина состоялась презентация книги ветерана войны и труда Мухамета Шаяхметова] / Астаева М. // Казахстанская правда. - 2003. - 18 янв. - С. 2

Шака, А. Мирный подвиг рядового Шаяхметова [Текст] / А. Шака // Рудный Алтай. - 2008. - 6 мая. - С. 3.

Шаяхметов Мухаметқалым Шаяхметулы [Текст] : [ветеран ВОВ, писатель ; некролог] // Рудный Алтай. - 2010. - 24 мая. - С. 5.

Токобаев, М. Судьба Мухамета Шаяхметова [Текст] : [o презентация книги М. Шаяхметова "Судьба" в областной библиотеке им. А. С. Пушкина] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2008. - 2 дек. - С. 1.

Жантыкеев, Р. Встреча с автором "Судьбы" [Текст] / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2008. - 16 дек . - С. 4.

Токобаев, М. Предначертания судьбы Мухамета Шаяхметова [Текст] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2008. - 16 дек . - С. 2.

Максимова, М. Мгновения судьбы [Текст] : [o презентация книги М. Шаяхметова "Судьба" в областной библиотеке им. А. С. Пушкина] / М. Максимова // Вестник культуры. - 2008. - № 11. - С. 26.