Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Бапи Е. С.

852

Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы (1959) – журналист

1959 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысыЗайсан ауданының Қарабұлақ ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген.

Әкесі - Сейтқазы Бапиұлы (1935-2004) мал дәрігері болған. Анасы - Әзиза Қонақайқызы (1937-1995) дүкен сатушысы болған.

Әйелі - Қарлығаш Бисалиева - тележурналист. "Қазақстан" ұлттық арнасының продюссері. Ермұрат Сейтқазыұлының үш қыз, екі ұлы бар.

1976 ж. Қарабұлақ ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. Осы жылдың маусым айынан бастап, Зайсан аудандық "Достық" газетіне қызметке алынған.

1977-80 жж. КСРО Әскери теңіз флотында(Владивосток, Камчатка, Севастополь, Мурманск)әскери борышын өтеді. 1980-85 жж. Қазақ Мемлекеттік Университетінде оқып, журналист мамандығын алған.

1985 жылдың тамыз айынан бастап, Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы" (қазіргі "Дидар") газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі болған.

1989 ж. қазан айынан Республикалық "Социалистік Қазақстан" ("Егемен Қазақстан") газетіне қызметке шақырылып, 1992 ж. қараша айына дейін тілші болды.

1992 жылдың қазанына 1994 жылдың наурыз айына дейін ҚР Телерадиокорпорациясы Қазақ радиосында бас директордың орынбасары болған. 1994-97 (қазан) ҚР Министрлер Кабинеті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары болды.

1997-98 жж. - ҚР өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы президентінің кеңесшісі.

1998 ж. 16-сәуірде "ДАТ" республикалық қоғамдық-саяси газетінің бірінші санын шығарды. Сол жылдан бастап, күні бүгінге дейін "ДАТ" жобасы газеттерін шығарады. Қазақстанның Құрметті журналисті.

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының "Алтын медалімен" марапатталған. Қазақстан демократиялық күштері "Бостандық" сыйлығының лауреаты. Қазақстан патриоттарының "Алмас қылыш" сыйлығының иегері.

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының журналистика қайраткері.

 

Е. Бапидың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи Е. Бапи на страницах периодической печати

 

Бапи, Е.Бейбіт күнде жоғалған батыр / Е. Бапи. - // Егемен Қазақстан. - 1992. - 17 қазан.

N20 Зайсан сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне депутаттыққа кандидат Е.Бапидың бағдарламасы. – Мәтін. // Дидар. - 1999. - 28 қыркүйек.

Бапи Е.. Билікті мақтайтын 5 мың газет бар, ал оның көлеңкелі тұстарын айтатын 5-ақ газет... / Е. Бапи. - // Түркістан . - 2008.- 17 сәуір (N 15/16). - Б. 13.

Бапи Е. Журналистика қазаққа қызмет етсін /Е. Бапи - // Парасат . - 2014. - № 11. - Б. 2-3.