Известные имена

Есімдер

Болезни глаз у человека. Известные болезни глаз лечение. Болезни глаз симптомы. Лечение простуды в домашних условиях. Самое быстрое лечение простуды. Простуда лечение лекарства. Хороший стоматолог отзывы. Самый добрый стоматолог отзывы. Ассоциация стоматологов отзывы. Занятия йогой дома. Быстрая йога для начинающих дома. Как правильно заниматься йогой дома. Обертывание в домашних условиях. Быстрое обертывание живота в домашних условиях. Обертывание в домашних условиях рецепты. Наборы спортивного питания. Вкусная спортивное питание для набора массы. Спортивное питание оптом. Как избавиться от перхоти. Хороший шампунь от перхоти отзывы. Как избавиться от перхоти навсегда. Зеленый чай для похудения. Главные свойства зеленого чая. Можно ли пить зеленый чай.

Заутдин Ш.

zautdin

Заутдин Шәмші - журналист

1947 жылы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы (бұрынғы Үлкен Нарын ауданы), Нұғыман ауылында дүниеге келді. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Үлкен Нарын аудандық «Еңбек туы», Катонқарағай аудандық «Арай» газеттерінде, облыстық «Дидар» газетінің секретариатында қызмет етті. Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі.

Заутдин Шәмші – сан қырлы талант иесі.. Ол әдебиет есігін ақындықпен 1961 жылы ашты. Заутдиннің «Жырлайды жүрек, сыздайды жүрек» атты топтама жыр жинағы ақынның туған жерге, Отанға, анаға, перзентке, немерелерге, туған - туысқандарға, аяулы жарға деген ыстық сүйіспеншілік, мөлдір махаббатқа арнау болған өлеңдері топтастырылған. Бұл Заутдин Шәмшінің тұңғыш топтамасы.

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жырлайды жүрек, сыздайды жүрек» деген атпен 2003 жылы жарық көрген. 2004 жылы «Сол бір түн» атты прозалық жинағы жарыққа шықты. Бұл жинақта сондай-ақ Заутдин Шәмшінің орыс тілінде жазылған жазылған әңгімелері, әзілдері бар.

Оның сырлы да ойлы жырлары әр алуан тақырыптарды қамтиды. Қияға қанат бітіріп, сезімге қозғау салар нәзік лирикалары, жүрекке жалын бере отты да өршіл өлеңдері оқырмандардан әр кез жоғары бағасын алуда.

Заутдин Шәмші – Алтай өңіріндегі елеулі ақындардың бірі. Қазіргі уақытта Өскемен қаласында тұрады.

 

З. Шәмші шығармалары

Произведения З. Шамши

Кітаптар-Книги

 

Шәмші, З. Жырлайды жүрек, сыздайды жүрек.. : Әр кезең жырлары / З. Шәмші - Өскемен : Медиа-Альянс, 2003. - 142 б.

Шәмші, З.   Сол бір түн... = Cтранное происшествие, которое, непонятно - было или небыло : Әңгімелер / З. Шәмші - Алматы : Сага, 2004. - 136 б.

 

З. Шәмшінің мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации З. Шамши в периодических изданиях

 

Шәмші, З. Нарын топырағынан нәр алып [Мәтін] : [Жазушы О. Бөкеевтің шығармашылығы жайында] / З. Шәмші // Арай. - 1993. - 17 наурыз.- б.2

Шәмші, З. Қамбар - Имашевтар әулетінен [Мәтін] : [Үлкен нарымдық Имашевтардың шопандық әулеті жайында] / З. Шәмші // Дидар. - 1995. - 11 ақпан.- Б. 4

Шәмші, З. Балғыннан Берлинге дейін [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жақсыбаев туралы] / З. Шәмші // Дидар. - 1995. - 15 маусым.- Б.

Шәмші, З. Взвод командирі [Мәтін] : [Үлкен Нарындық соғыс ардагері Ф.Ш.Жапаров туралы мөлтек сыр] / З. Шәмші // Дидар. - 1995. - 27 маусым.- Б.3

Шәмші, З. Қыстама жаман емес [Мәтін] : [Үлкен Нарын ауд. "Дружба" ұжымшарында] / З. Шәмші // Еңбек туы-Знамя труда. - 1996. - 20 ақпан.- Б.6

Шәмші, З. Өскеменнің "Жандосы" [Мәтін] : [Жекеменшік шағын кәсіпорыны туралы] / З. Шәмші // Еңбек туы-Знамя труда. - 1996. - 12 наурыз.- Б.4

Шәмші, З. Күннің нұры [Мәтін] : [Үш өлең] / З. Шәмші // Еңбек туы-Знамя труда. - 1997. - 14 қаңтар

Шәмші, З. Ай сәулесіне шомылып қайтайықшы... [Мәтін] : [Жаңа өлеңдер] / З. Шәмші // Дидар. - 1999. - 23 қазан.- Б.5

Шәмші, З. Көріпкел, емші келіншек [Мәтін] : [Көріпкел емші 22 жасар Сәуле Тоқбаева туралы ] / З. Шәмші // Дидар. - 2001. - 28 шілде.- Б.4

Шәмші, З. Ескі жылым - есті жыл [Мәтін] : [Жаңа жылға арналған өлең] / З. Шәмші // Дидар. - 2001. - 29 желтоқсан.- Б.1

Шәмш,і З. Көктем - өмір [Мәтін] : [Әйел анаға арналған өлең] / З. Шәмші// Дидар. - 2002. - 7наурыз.- Б.2

Шәмші, З. Ай нұрына шомылып... [Мәтін] : өлеңдер / З. Шәмші // Жұлдыз . - 2010. - № 3. -   47-49 б.

 

З. Шәмші туралы әдебиет

Литература о З. Шамши

Мақалалар-Статьи

 

Қаңтарбаев, Ә. "Сол бір түн" жанымызға шуақ құйды. [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2004. - 9 қараша. - Б.4