Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Шағыр Қ. С.

Шагыр Каирбек Семейгазиевич

Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы(1972) – ақын, журналист, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі

1972 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы Абыралы өңіріндегі «Ақбұлақ» ауылында дүниеге келді.  1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірді. Оқи жүріп, Абыралы аудандық «Жаңғырған Абыралы» газетінің әдеби қызметкері, аға тілшісі болып журналистік еңбек жолын бастады. 1996 жылы Алматыдағы республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналына тілші болып қабылданып, әр жылдары бөлім редакторы, жауапты хатшы міндеттерін атқарды. 2002 жылы жаңадан ашылған «Тәрбие құралы» журналының бас редакторлығына тағайындалып, 2011 жылға дейін осы қызметте болды. Одан кейін өз бастамасымен «Шаңырақ серігі», «Жас спортшы» журналдарының ашылуына ұйытқы болды.  «Хабар» агенттігінің аударма бөлімінде жүздеген деректі және көркем фильмдерді қазақ тіліне аударуға қатысты.

2014 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің баспасында бас редактор болды.

ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Педагогикалық баспасөзде еңбек ете жүріп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет Министрлігінің  Құрмет грамоталарымен  марапатталды. Аудармашы ретінде танымдық кітаптарды, шетел поэзиясын  қазақ тіліне аударды. Ж. Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында І орынды (2006 ж.), халықаралық «Дарабоз-2015» байқауында І орынды иеленді (2015 ж). Басқа да көптеген республикалық жыр жарыстарының жүлдегері атанды. Әйгілі әнші Әміре Қашаубаев туралы «Ұлы тенор» поэмасын жазды. Ұжымдық жинақтарға шығармалары енді.

 

Қ. Шағырдың шығармалары

Прозведения К. Шагыра

 

Шағыр, Қ. Жол ережесі : балаларға арналған өлеңдер / Қ. Шағыр. - Алматы : Таймас, 2011. - 12 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр– Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр – Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр – Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар / Қ. Шағыр . – Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

 

Қ. Шағырдың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары

Публикации К. Шагыра

 

Шағыр, Қ. Армысың, Арқаның аспаны ! : Армысың , Астана ! ; Ауыл суреттері ; Жүрек үнсіз қалмасын : өлеңдер / Қ. Шағыр. - Мәтін // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 18 - 24 қараша

Қ. Шағыр туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

 

Публикации о К. Шагыре

Садуакасова, М. Жырларым-ай, жалға мені құрлықпен / М. Садуакасова. - Мәтін // Сынып жетекшісі-Классный руководитель : Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. - 2017. - N 2. - Б. 3-6.