Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Райысова Б.

Раисова Бақытжан МұқтарханқызыРайысова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 ж.) - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 

1959 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулында дүниеге келді. 1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М. Киров атындағы (қазір Әл-Фараби атын.) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р. Нұрғалиев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, А. Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады.
Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған Бақытжан 1981 жылы «Қазақ университеті» газетінде қызмет атқарады.1982 жылы Катонқарағай ауданындағы Аршаты аулына оралып мұғалім болып қызмет істейді.
1984-85 жылдары Бақытжан Раисова аудандық «Арай» газетінде аудармашы-тілші ретінде қызметте болады. Өзінің жүрек қалауымен әдебиетші ұстаздық жолға бет бұрады. 1987 жылдан 1997 жылға дейін ауданның танымал әдебиетші ұстазы атанады.
1995 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Алматыда өткен конференцияда Бақытжанға «Білім беру ісінің үздігі» атағы беріледі.

1997-2007 жылдары ол Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы гуманитарлық - эстетикалық дамыта оқыту бағытындағы мектепте ұстаздық қызметін жалғастырады.

Оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Дидар», «Арай» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, «Балауса» студент-жастар топтамасында «Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай» жинағында, «Алтай әуендері» атты топтама-хрестоматияда жарияланған.

Б. Раисованың 2000 жылы «Білім» баспасынан «Ай мен Алтай» 2005 жылы «Елорда» баспасынан «Сезім сәулесі» жыр жинақтары басылып шыққан.
2009 жылы «Ғасырдың мұңы» баспадан шығады. Өз заманының толғақты мәселелерін сезім сәулелерімен өрнектей білген ақын әрі ұстаз Б.Раисова қазір Өскемен қаласындағы № 47 орта мектепте "Бала бағдарламасы" бойынша қызмет атқаруда.

Жазушылар Одағына мүшелікке 2012 жылы кірген. 

2022 жылы - Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленді.

Б. М. Райысова (Раисова) шығармалары

Произведения Б. М. Раисовой 

 

Кітаптар- Книги

 

Райысова, Б. Ай мен Алтай [Мәтін] : өлеңдер / Б. Раисова. - Алматы : Білім, 2000. - 68 б.

Раисова (Райысова), Б. Сезім сәулесі [Мәтін] : өлеңдер / Б. Раисова. - Астана:, 2005. - 128 б.

Раисова (Райысова), Б. Шағылға біткен шынармын [Мәтін] : поэма және өлеңдер / Б. Раисова. - Астана : Нұра-Астана, 2009. - 183 б.

Раисова (Райысова), Б. Ай патшалығы [Мәтін] / Б. Раисова. - Алматы : Орхон, 2012. - 308 б.

Раисова, Б. Кәусар дүние / Б. Раисова. - Алматы : Каратау КБ ЖШС, 2017. - 288 б.

Раиысова (Райсова), Б. Жердің күн беті : өлеңдер, аудармалар, поэмалар / Б. Райысова, Қ. Дүргінбайұлы. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. - 336 б.

Раисова, Б. Байырғы фонема - ң дыбысын қолдануда кездесетін қиындықтарды өз бетімен шешу жолдары : әдістемелік оқу құралы / Б. Раисова. - Өскемен : Самға, 2021. - 48 б.

 

Б. М. Райысованың (Раисова) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары 

Публикации Б. М. Раисовой  в периодических изданиях и сборниках

 

Райысова, Б. Толқынды толқын қуады [Мәтін] : [Абай дәстүрінің жалғастығы хақында / Б. Райысова // Қазақстан мектебі. - 1998. - № 1.- Б. 49-53.

Ағажай, Алтайдай жер қайда [Мәтін] : өлеңдер жинағы / құрастырған Ш. Оразаев. - А. : Полиграфия, 1999. - Раисова Бақытжан: б. 235-256.

Раисова (Райысова), Б.  Асыл ағамен тілдесу [Мәтін] : [Республикаға танымал жазушы  Оралхан Бөкей туралы ой толғау] / Б. Райысова // Шығыс үні. - 2001. - № 11. - Б. 2.

Райысова, Б. Бұқтырма [Мәтін] : [Бұқтырмаға  арналған  өлең] / Б. Райысова // Дидар. - 2001. - 22 желтоқсан. - Б. 4.

Қапанов, Б. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен : [б. и.], 2011. - 566 б. (Введено оглавление)

Сағынышты сағым жылдар [Мәтін] : өлеңдер / құрастырған К. Тойбазарова, Г. Құрманбаева. - Алматы, 2011. - Райысова Б.: б. 78-87.

Райысова, Б. Қара сөздің қазынасы [Мәтін] / Б. Райысова // Отүкен. - 2015. - № 2.- Б. 248-252

Райысова, Б. Қобыз рухты Кетбұға [Мәтін] / Б. Райысова // Отүкен. - 2015. - № 3.- Б. 49-63.

Раисова, Б. Мен мыңмен емес, мұңмен алыстым : [Шығыстың ақыны Раиссова Бақытжан Мұхтарханқызының туғанына 60 жыл толуына орай сұхбат] / Б. Раисова ; сұхб. М. Кенжеханұлы. - Мәтін // Дидар. - 2019. - 8 тамыз. - Б. 13.

Раисова, Б. Тілім, қайда барасың ? [Мәтін] / Б. Раисова // Ана тілі. - 2020. - 9-15 қаңтар. - Б. 4.

 

Б. М. Райысова (Раисова) туралы әдебиет

 Литература о Б. М. Раисовой 

 

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы : б. 625-626.

Жүрсінов, С. Біздің Бақытжан [Мәтін] : [А.Байтұрсынов атындағы № 20 гуманитарлық эстетикалық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақытжан Райысова туралы] / С. Жүрсінов // Дидар. - 2002. -  7 желтоқсан. - Б. 5.

Сәдуақасұлы, С. Ботагөз бұлақ- сырласым, аққайың ару тыңдасын... [Мәтін] : [ақын Бақытжан Райысова туралы] / С. Сәдуақасұлы // Дидар. - 2009. - 12 қазан. - Б.5.

Бодан, Қ. Өмірі өлеңмен өрілген ақынның кеші өтті [Мәтін] : [ақын Бақытжан Райысованың шығармашылық кеші өтті] / Қ. Бодан // Алдаспан. - 2014. - 18 желтоқсан. - Б.12.

Кенжехан, М. Қайырбековты қайран қалдырған ақын оқырмандармен жүздесті [Мәтін] : [ақын Бақытжан Райысованың әдеби -сазды шығармашылық кеші өтті] / М. Кенжехан // Дидар. - 2014. - 25 желтоқсан.- б.14. ;

Кенжехан, М. Қайырбековты қайран қалдырған ақын оқырмандармен жүздесті [Мәтін] : [ақын Бақытжан Райысованың әдеби -сазды шығармашылық кеші өтті] / М. Кенжехан // Отүкен. - 2015. -  № 1.- Б. 258-259.

Кемелбаева, Айгүл. Жазған деген бір бақыт [Мәтін] : шығыстың ақын қызы Бақытжан Райысова туралы бір үзік сыр / А. Кемелбаева // Жұлдыз. - 2019. - N 11.- Б.178-181.