Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Құнанбаев Е.

Құнанбаев Есенсары (1890-1961) – ақын.

1890 жылы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аягөз ауданына қарасты Таңсық өңірінде дүниеге келген.

Садыр ақыннан тәлім-тәрбие алған Есенсары үш жасынан бастап өлең жаза бастайды. Абай, Әріп, Әсет шығармалары  және халық ауыз әдебиетінен нәр алады. Бірнеше жыл бойы Әсет Найманбаевтың жанында жүріп, оның ақындық  және ән өнері мектебінен өтеді. Айтыс ақындары арасында көзге түседі.  

1939 ж. жыр алыбы Жамбыл қатысқан ақындар слетіне қатысады.

1945 ж. әйгілі халық ақыны Сапарғали Әлімбетовпен айтысады.

Таңсық өңірінде «Көшелі жырау», «Зарқұм», «Қабанбай батыр», «Ер Науан» т.б. хисса-дастандарды жатқа айтып, бір өзі қазақ сахнасында елді аузына қаратқан көшпелі театрдай болған өнерлі адам еді.

Жырау ретінде халықтың әріден сақталған жырлары мен фольклорлық дастандарын айтып, өзі де күрделі дастандар жазған еді.

Есенсары көптеген өлеңдер, толғау-дастандардың авторы. Оның келесідей поэмалары мен эпостары бар: «Ахмет-Кәшім», «Гүлбаһрам - Сәбит», «Тобағұл батыр», «Ғаббасұлы Сабыржан», «Мәлік батыр» (Кеңес Одағының батыры М. Ғабдуллин туралы), «Қазақ қызы», «Бөдес батыр» және  «Жеке дара ана» повесі.

1961 жылы қайтыс болды.

Еңбектері Ғылым Академиясы институтында сақталған.

 

 

 

Е. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Кунанбаева Е.

 

 

Кітаптар – Книги

 

 

Исмаилов, Е. Ақындар [Мәтін] : [Жамбыл және халық ақындарының творчествосы туралы монография.] / Е. Исмаилов. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1956. - 340 б.

Кәрімқызы, Ж. Таңсық-тарландар елі [Мәтін] : [киелі Таңсық ауылынан шыққан, ауылдың атын шығарып, даңқын асқақтатқан ұл-қыздары мен қазыналы қарттары туралы сыр толғайды] / Ж. Кәрімқызы. - Алматы, 2007. - 152 б.

Шығыс жұлдыздары.[Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. – Астана: Фолиант, 2011, -  Е. Құнанбайұлы .: б. 111.

 

 

Мақала -Статья

 

 

Нұрпейісов, М. Халық ақыны Есенсары [Мәтін] / М. Нұрпейісов // Аякөз жаңалықтары. - 2007. - 23 маусым. - Б. 5.