Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Құнанбаев К. Ы.

Құнанбаев Кәкітай (Ғабдулхакім) Ысқақұлы - Абай мұраларын тұңғыш бастырушы.Құнанбаев Кәкітай (Ғабдулхакім) Ысқақұлы (1868-1915) - Абай мұраларын тұңғыш бастырушы.

1868 ж. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Кәкітай (Ғабдулхакім) Құнанбаев Абайдың інісі Ысқақтың баласы. Сегіз жасынан бастап ауыл молдасынан төрт жылдай сауатын ашып, түрікше, арабша хат таныған. Кәкітайдың ерекше зеректігін байқаған Абай 1882 жылы оны өзіне бала етіп алып, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. Семейге ертіп барып, орыс тілін үйреткен. Бір-екі жыл ішінде Кәкітай орыс тілін жетік біліп қана қоймай, орыс әдебиетінің классиктерінің шығармаларын Европа елдері мәдениет қайраткерлерінің еңбектерін оқып, өз заманының білімді азаматы болды. Абайдың ақыл-кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл-күй тақырыбындағы қысқа өлеңдер жазумен айналысқан.

 «Абай» ағамның қатарында жүрген 24 жыл ішінде оның үйретпеген білімі болмады, бірақ бәрін түгел ұғып ала алмадым. Сондықтан мен Абай ағама зор қарыздармын, ендігі мақсатым- шамам келгенше оның асыл қазынасын кейінгі жастарға жеткізіп беру»- деп өзіне-өзі уәде берген.

Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлына өз ақшасын беріп, бұрыннан жинап жүрген Абай шығармаларын көшіртіп жазғызған.

«Мен Абайдың қарызын ұмытпай, шамам келгенше қызмет етуді өз борышым деп біліп, арттағы жастарға қалдырған өсиетін, қазақ халқына істелген еңбегін баспаға бастырып, көпке таратуды міндетіме аламын» - деп Абай баласы Тұрағұлмен бірге ұлы ақынның мұрасын ыждаһатты түрде жинастырып, баспаға әзірлеп, осы істердің ұйтқысы болып, басшылық еткен.

Абай қайтыс болған соң, қазақтың аса көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханов ақынның өмірбаянын орыс тілінде тұңғыш рет жазып, 1905 жылы Семейдегі «Семипалатинский листок» газетіне жариялаған. Онда ақын өміріне байланысты барлық деректерді Кәкітай бергенін ерекше атап көрсеткен.

1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен. Кәкітай сол жылы жазда Семейге, одан әрі Омбыға барып бастырта алмаған соң Қазан қаласына барған. Осы қалада С.- Петербург баспаханасының өкілімен келісім-шарт жасасып, болашақ кітаптың корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдын-ала төлеген.

Илияс Бораганский баспасы әр баспа табақты пошта арқылы Шыңғыстаудағы Кәкітайға жіберіп отырған, ол қателерін түзеп, қайта баспаға жіберген. Қолдан көшірілген жинақты бастыруға екі жылдай уақыт кеткен.

1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағы – «Қазақ ақыны Ибрагим Құнанбайұғылының өлеңі» бастырған Кәкітай, Тұрағұл Құнанбайұғландары» деген тақырыппен, С.-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітайға жіберілен. Сол жерден бүкіл қазақ даласына тараған. Абай мұрасын тұңғыш рет кітап қылып бастыруда Кәкітай мен Тұрағұлдың еңбегі ерекше.

Кәкітайдың осы жинақта жариялаған «Абай (Ибраһим) Құнанбайұғлының өмірі» атты өмірбаяндық мақаласын М. О. Әуезов жоғары бағалаған. Ұлы ақынның өмірбаянын жазу кезінде Кәкітай мақаласының көп көмегі тигенін тебірене еске алған.

Абайдың тұңғыш жинағын дайындаған кезде Кәкітай мен Тұрағұл ақын өлеңдерінің мазмұны мен тақырыбына қарай өздерінше жүйелеп 17 бөлікке жеткізген.

Жинаққа ақынның 145 өлеңі, «Әңгіме Масғұт», «Ескендір әңгімесі» дастандары енген. Кітап соңында Абайдың өмірбаяны мен фотосуреті берілген. Кәкітай жазған Абай өмірбаянының көлемі шағын болғанмен, ақын өмірінің көп қырын қамтыған.

Кәкітай Ысқақұлы 1915 жылы қайтыс болды.

Кәкітай бастырған Абай жинағы 1922 жылы Қазанда және Ташкентте өзгеріссіз қайта басылып шыққан.

М. О. Әуезов: «Қазақтың мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған жас, жұртшылықтың көрнекті өкілі болған Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» - деп Кәкітай еңбегіне лайықты баға берген.

 К. Ы. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Кунанбаева К. И.

 Кітаптар – Книги

Мырзахметов, М. Абай жүрген ізбенен [Мәтін] / М. Мырзахметов. - Алматы : Қазақстан, 1985. - 172 б.

Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] - Алматы : Дәуір. 1-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы ; Республикалық Абай қоры. - Алматы : Дәуір, 1993. - 224 б.

Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Атамұра, 1995. - 208 б.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш, 2005.

Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері. - 328 б. - Құнанбаев К..: б. 221-247.

Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008. - 864 б. - Әдебиеттер тізімі: б. 863.

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : [ "Біржан-Сара айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар] - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б.

Мақалалар-Статьи

Бөкейханов, Ә. Кәкiтай [Мәтін]: [Кәкiтай Ысқақұлының қайтыс болғанын естiгеннен кейiн жазған естелiк, көңiл айтуы] / Ә. Бкейханов // Қазақ. - 1915. - 18 февр.

Жиреншин, Ә. Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы [Мәтін]: [Кәкiтай Ысқақұлы Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл] / Ә. Жиреншин// Қазақ әдебиетi. - 1965. - 19 февр.

Әрхамқызы, М. Кәкiтай [Мәтін]: [Абайдың немере iнiсi К. Құнанбаев туралы] / М. Әрхамқызы // Абай. - 1995. - № 1-2. - Б. 166-169.

Медеуханұлы, Ә. Асыл жандарды ұмытпайық [Мәтін] : [Кәкiтай Ысқақұлының туғанына 140 жыл ] // Семей таңы. - 2008. - 18 желтоқсан .- Б.3.

Ысқақов, Ә. Ақынның мұрасы [Мәтін]: [Колчак әскерлерi Кәкiтайдың кiлетiндегi 3 абдыра жиған кiтабын, жазған еңбектерiн және Абайдың көп материалдарын өртеп жiбердi] / Ә. Ысқақов // Абай. - 2009. - № 3. - Б. 71-72.

***

Гайнуллина, Ф. А.  Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф.А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - 132 с.