Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Аймұхамбет Ж. Ә.

Аймұхамбетова Ж. Ә., әлі Әскербекқызы Ж. ақын

Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы – ақын, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты.

1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қарасу ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген.

1982-87 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған.

1987-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды.

1995-2000 жылдары С.А.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасында аға оқытушы болды.

1999 жылы ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен «Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2010 жылы ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалидың кеңесшілігімен «Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген 100 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясының «Еуропа классикалық поэзиясы», «ХХ ғасырдағы Еуропа поэзиясы», «ХХ ғасырдағы орыс поэзиясы», «М.Ю.Лермонтов. Шығармалар жинағы», т.б. бірнеше кітаптарының арнаулы редакторы, құрастырушысы болып, алғысөздері мен түсініктемелерін жазған. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, тәжік ақыны Фарзонаның, ежелгі дәуірдегі жапон ақындарының, түрік ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Жапон поэзиясы өкілдерінің шығармаларын тәржімелеп, қысқаша ғылыми сипаттамаларымен «Сакура гүлдегенде» атты кітап етіп шығарды. Өзінің өлеңдері орыс, қырғыз, түрік тілдеріне аударылып жарияланған. «Независимый Казахстан: Антология современной литературы. Поэзия» атты Мәскеуден жарық көрген үштомдыққа өлеңдері енген.

«Алаш қайраткерлері шығармашылық мұрасының қазіргі мәдени-рухани және ғылыми дамумен сабақтастығы» (2005-2007 жж.), «Тәуелсіздік мұраттарын қалыптастырудағы қазіргі қазақ драматургиясының эстетикалық-әлеуметтік функциясы» (2009-2011 жж.), «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің қазақ мәдениеті тарихындағы орны және ұлттұтастырушылық қызметі» (2012-2014 жж.), «Жаңа, инновациялық пайымдаудағы М.Әуезовтің ғылыми еңбектері және олардың қазіргі әдебиеттану үшін маңызы» (2013-2015), «Түркілердің тарихи-мәдени құндылықтары – қазіргі кезеңдегі қоғамның тұрақты даму ресурсы» атты ҚР БжҒМ Бағдарламасы бойынша «Түркі әдебиетіндегі ақындық дәстүрдің типологиясы» (2001-2014) атты ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

Жанат Әскербекқызының «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2003), «Даңғыл» (ғылыми-көпшілік басылым, 2007), «Көркемдік өріс» (ғылыми зерттеу, 2009). «Мифтің поэтикадағы қызметі» (монография, 2010), «Әдебиет әлемінде» (ғылыми зерттеулер, 2012), «Поэзия и миф» (монография, 2014), «Сөз өнеріндегі мәтін мен шығарма кеңістігі» (Астана, 2018) атты ғылыми еңбектері, «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Миф және қазіргі әдебиет», «Қазіргі қазақ әдебиеті» (авторлар ұжымымен бірге) атты жоғары оқу орнының магистранттары мен студенттеріне арналған оқулықтары, авторлар ұжымымен бірге жалпы білім беретін орта мектептің 7,8,10-11 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтары, оқу құралдары және әдістемелік нұсқаулықтары бар. 20-ға тарта кітаптың, 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ «Өлең өлкесі» атты қазақ табиғат лирикасының антологиясын (Алматы: Жазушы, 2009. –­ 528 б.), «Қазақтың 100 поэмасы» сериясының 6 томдығын (Алматы: Жазушы, 2014), «Сара саңлақ» (2013) жинағын құрастырып, редакторлық жасады.

Ж. Аймұхамбет қазақ әдебиеттануында алғашқылардың бірі болып миф, мифопоэтика жайлы маңызды зерттеулер жүргізіп, салмақты тұжырымдарға қол жеткізді. Ол қазақ поэзиясы және әдебиеттануына, мәдени дамуға үздіксіз үлес қосып келеді.

2014 жылғы аккредитация және рейтинг Тәуелсіз Агенттігінің рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО оқытушыларының «TOP-30» тізіміне кірді.

Көркем шығармалары: «Қаракөз-бұлақ» (2001); «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001); «Көктүріктер әуені» (2002); «Қаз қанатыңдағы ғұмыр» (2007); «Андре Моруа. «Әдеби портреттер» (2010); ХХ ғасырдағы орыс поэзиясы: Н.Гумилев өлеңдерінің аудармасы (2008); «Сакура гүлдегенде». Жапон поэзиясынан аудармалар жинағы (2010); «Ай-тамғы» (2014); «Қыш тақтадағы сына жазу» (2019).

Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген мүшәйраның жүлдегері (2001), «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйрасының (2010, 2011) т.б бірнеше республикалық мүшәйралардың жүлдегері.

Марапаттары

1999 жылы Шығармашыл жастардың республикалық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді.

1999 жылы Президенттік стипендия иегері.

2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері.

2001 жылы Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген мүшәйраның жүлдегері.

2001 жылы «Шығыс шынары» халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері.

2004 жылы Қазақстан аграрлық партиясы тағайындаған Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты болды.

2011 жылы ҚР БҒжМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік грантының иегері атанды.

2001 Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жүлдегері.

2012 жылы филология факультетінің 50 жылдығына орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ескерткіш медалімен марапатталған.

2012 жылы «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2013 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2014 жылы Қырғыз Республикасы Тоқтағұл Сатылғанов қорының «Тоқтағұл Сатылғановтың туғанына 150 жыл» медалімен марапатталды.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ хандығының 550 жыл» медалімен марапатталды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының ғылым саласында жеткен еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы берілетін стипенидясының иегері атанды

2016 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.  

 

Ж.  Ә. Аймұхамбет  шығармалары 

Произведения Ж.  А. Аймұхамбет 
 Кітаптар-Книги

 

Әскербекқыз (Аймұхамбетова), Ж. Қаңтардағы қызыл гүл [Мәтін] : [өлеңдер] / Ж. Әскербекқызы. - Астана: Елорда, 2001. - 76 б. - (Отырар кiтапханасы)

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Қаракөз-бұлақ [Мәтін] : [өлеңдер] / Ж. Әскербекқызы. - Астана : Елорда, 2001. - 184 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Көк түріктер әуені [Мәтін] : [өлеңдер] / Ж. Әскербекқызы. - Астана : Елорда, 2002. - 87 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр [Мәтін] : [өлеңдер мен поэма] / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Жазушы, 2007. - 240 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Сұлтан-Махмұтпен сұхбат [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Қазақтың 100 поэмасы. Т. 6. - Алматы : Жазушы, 2013. - 298-315 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Ай-тамғы [Мәтін] : өлеңдер / Ж. Әскербекқызы. – Астана : Профи Медиа, 2014. - 239 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Көне ғұн тауын аңсадым, аға [Мәтін] : [өлең] / Ж. Әскербекқызы // Дидахмет: мақалалар, естелiктер, арнаулар.- Өскемен, 2015. - б. 144.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Бұлт болып көшеді [Мәтін] : [өлең] / Ж. Әскербекқызы. – Алматы : Жазушы, 2016. - 126 б.

 Ғылыми және оқулық басылымдары

 Научные и учебные издания

 

Аймұхамбетова, Ж. Ә. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 3-бөлім. (60-90 ж.) [Мәтін] : практикалық сабаққа арналған оқу құралы / Ж. Ә. Аймұхамбетова; жалпы редакциясын басқарған: Р. Н. Нұрғали; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2003. - 124 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Даңғыл [Мәтін] : [Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы] / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Арыс, 2007. - 192 б.

Әскербекқызы, (Аймұхамбетова), Ж. Көркемдік өріс [Мәтін] : (Е. Раушанов поэзиясы негізінде) / Ж. Әскербекқызы. - Алматы : Таймас, 2008. - 293 б.

Аймұхамбетова, Ж. Ә. ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті [Мәтін] : оқулық / Ж. Ә. Аймұхамбетова, Қ. М. Байтанасова; ҚР БҒМ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. - Астана : Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. - 201 б.

Аймұхамбетова, Ж. Ә. Мифтің поэтикадағы қызметі [Мәтін] : (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында) / Ж. Ә. Аймұхамбетова; жалпы редакциясын басқарған Р. Н. Нұрғали. – Алматы : Жазушы, 2010. - 363 б.

Аймұхамбет, (Аймұхамбетова), Ж. Ә. Миф және қазіргі әдебиет [Мәтін] : оқулық / Ж. Ә. Айтмұхамбет; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. - Астана : Фолиант, 2012. - 299 б.

Тәуелсіздік тудырған романдар [Мәтін] : оқулық / құрастырып, баспаға әзірлеген Ж. Әскербекқызы; арнаулы редактор Б. Ердембеков. - Астана : Мастер-ПО, - 2012. - 224 б.

Аймұхамбет (Аймұхамбетова), Ж. Ә. Мифопоэтика [Мәтін] : оқу құралы / Ж. Ә. Аймұхамбет. - Алматы : Эверо, 2013. - 235 б.

Аймұхамбет (Аймұхамбетова), Ж. Ә. Миф. Мифология. Мифопоэтика [Мәтін] : монография / Ж. Ә. Аймұхамбет; жауапты редактор С. А. Қасқабасов; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Астана : Фолиант, 2016. - 181 б.

 

Ж.  Ә. Аймұхамбеттің мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации в периодических изданиях Ж.  А. Аймұхамбет

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Тарбағатай биігі немесе Қоңыр батыр -құрбан қажы жайлы бірер сөз [Мәтін] : [19 ғасырдың екінші жартысы] / Ж. Әскербекқызы // Дидар. - 1993. - 8 сәуір. – Б. 6.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Абай мен Құнанбай [Мәтін] : [Абайдың туғанына 150 жыл толуы қарсаңында] / Ж. Әскербекқызы // Дидар. - 1994. - 29 қазан.- Б.4.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Шыңыраудан шыңғырады ақылым... [Мәтін] : [өлеңдер] / Ж. Әскербекқызы // Дидар. - 1996. - 20 қаңтар.- Б.3.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Сенімге ынтық сезімім... [Мәтін] : өлеңдер / Ж. Әскербекқызы // Жалын . - 1996. - № 5-6. - С. 6. - 3-7 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Мен заманның бел баласымын [Мәтін] : [жыр жолдарынан] / Ж. Әскербекқызы // Дидар. - 1996. - 31 қазан.- Б. 4.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Қиялыммен өзіңе ұмтыламын [Мәтін] : [өлең] / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 24 ақпан. - Б.10.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Көктүркінің аруы боп тумадым [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ана тілі. - 1998. - 28 қазан. - Б.14.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Аласармайықшы, ағайын! [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2001. - 24 қаңтар. - Б. 4.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Көктүріктер әуені [Мәтін] : өлең / Ж. Әскербекқызы // Жұлдыз. - 2002. - № 8. - Б. 113-115

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Сұлтанмахмұтпен сұхбат [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Жас алаш. - 2002. - 28 желтоқсан. - Б. 11.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Үні дара ақын [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 22 қараша.- Б. 3.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Е.Раушанов лирикасындағы "іңірдің" поэтикалық суреттемесі [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 17 қазан.- Б.12

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр [Мәтін] : [өлеңдер] / Ж. Әскербекқызы // Жалын . - 2004. - № 11. - С. 47 б.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Бір өлең - бір әлем [Мәтін] : қазіргі лирикадағы түн бейнесі / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 14 сәуір.- Б.8

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Өлеңнің қара бауыр қасқалдағы [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2006. - 29 қараша.- Б.14

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. "Бекер болды жөн еді ғой қайырылғаның" [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ақиқат. - 2007. - № 5. - Б. 47 - 51.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Сезім толқыны [Мәтін] : өлең / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 6 наурыз. - Б. 1.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Бекет Ата туралы аңыздардың мифопоэтикалық субструктурасы [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ақиқат. - Алматы, 2010. - № 12. - Б. 79-81.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Қар астында қамығады кең ғалам... [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 23 ақпан. - Б. 15.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Шығыстан шыққан күн... [Мәтін] : "Шығыс шынары" ІІ халықаралық мүшәйрасының жүлдесін алған өлең / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 3 қыркүйек. - Б. 4.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Талғамы биік қаламгер [Мәтін] : [Бақытжан Қанапиянов туралы] / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 17 тамыз.- Б. 7.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Толағаймен тағдырлас ақын [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Тұмар. - 2012. - № 4. - Б. 6-13.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Алашымның айбары [Мәтін] : өлең / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан . - 2013. - 7 шілде. – Б. 5

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Өлең [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Тұмар. - 2013. - № 6.- Б. 84-91.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Тұнық жырдың тұмары [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Тұмар. - 2014. - № 1. - Б. 92 - 96

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Фариза ақын рухына [Мәтін] : [өлеңдер] // Қасым. - 2015. - № 3. – Б. 3-19.

Әскербекқызы (Аймұхамбетова), Ж. Миф - ақиқатты тануға ұмтылу [Мәтін] / әңг. Э. Ерiкқызы // Айқын. - 2016. - 15 сәуiр. – Б. 15.

Әскербекқызы, (Аймұхамбетова), Ж. Сен және мен [Мәтін] : [өлең] // Түркiстан. - 2016. - 3 наурыз. – Б. 7.

Ж. Ә. Аймұхамбеттің аудармалары

 Переводы  Ж. А. Аймұхамбет

 

Чехов, А. П. Әңгімелер [Мәтін] / А. П. Чехов; ауд. Ж. Әскербекқызы. - Астана : Аударма, 2009. - 527 б.

Севанның салқар самалы [Мәтін] : бүгінгі армян әдебиеті туындылары / ауд., құраст. Ж. Әскербекқызы. - Астана : Фолиант, 2010. - 384 б.

Сакура гүлдегенде [Мәтін] / ауд. Ж. Әскербекқызы. - Астана : Аударма, 2010. - 190 б.

Ж. Әскербекқызының қатысуымен шыққан басылымдар 

Издания, вышедшие при участии Аскербеккызы Ж.

Еуропа классикалық поэзиясы [Мәтін] / ред. Г. Аймұхамбетова ; құраст. Ж. Әскербекқызы . - Астана : Аударма, 2011. - 552 б.

 

Өлеңге жазылған әуен

Песня на стихи

 

Арулар жырлайды [Мәтін] : [анаға арналған ән] / муз. Б. Нұралин, сөз. Ж. Әскербекқызы // Дидар. - 2001. - 8 наурыз. - Б. 4.

 

Ж. Ә. Аймұхамбет туралы әдебиет – Литература об Аймухамбет Ж. А.

 

 Кітаптар - Книги 

 

"С. Аманжолов оқулары - 2004" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары = Материалы международной научно-практической конференции "Аманжоловские чтения-2004" = " AMANZHOLOV READDINGS-2004" the ihternational science -practical conference PAPERS [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2004. - 464 б.

Асқаров Ә. Шығармалары [Мәтін]. Т. 1 : Сүргелең : повесть және әңгімелер / ред. Г. Оспанова. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б.

Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 496 б. - Аймұхамбет (Аймұхамбетова) Жанат : б. 18-19.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Аймұхамбет (Аймұхамбетова) Жанат: б. 140.

 

Мақалалар - Статьи 

 

Шәмшікенова, С. Алтайдың ақмаңдайлы ақын қызы [Мәтін] / С. Шәмшікенова // Дидар. - 2006. - 7 наурыз. - Б. 4.

Әубәкір, Ж. Жанат жинағындағы жаңа леп [Мәтін] / Ж. Әубәкір, А. Құдайберген // Ертіс өңірі. - 2008. - 23 қаңтар. - Б. 12.

Дәуренбекова, Л. Қазақ тілінде сөйлеген сакура [Мәтін] / Л. Дәуренбекова // Егемен Қазақстан. - 2011. - 17 тамыз. - Б.12.