Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Аймауытов Ж.

Аймауытов Жүсіпбек  жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы, публицист

Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) – жазушы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы, публицист.

1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты  «Қызыл ту» ауылында (қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы) дүниеге келді. Семей мұғалімдер семинариясын аяқтайды. Еңбек жолында педагогика мен журналистиканы қатар алып жүреді. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы, Қарқаралыда мектеп мұғалімі, Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, Шымкент педагогикалық техникумында директор болып қызмет атқарған.

«Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі т.б. еңбектердің авторы. Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж. Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.

1918-1979 жж. Семей қаласында М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын «Екеу» деген бүркеншік атпен шығарды. «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Аударма туралы» (1925), "Сұңқар жыры" (1925), «Абайдан соңғы ақындар» («Абай», 1918, № 3) т. б. мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

Жүсіпбек Аймауытовтың жан-жақты дарын иесі әрі қазақ әдебиеті тарихындағы рөлін оның әдебиет, эстетика, сын, педагогика, психология, әдістеме, тәрбие мәселелеріне арналған публицистикалық мақалалары айқындай түседі. 1930 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы Мәскеу қаласында ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Библиографиялық материалдар

Библиографические материалы

Жүсіпбек Аймауытов: библиографиялық көрсеткіш = Жусупбек Аймаутов: библиографический указатель / С. Торайғы ров атындағы ОƏҒК. ООУНБ им. С. Торайгырова. – Павлодар: ЭКО, 2011. – 164 б.

Ж. Аймауытовтың 2012-20... жылдары жарық көрген шығармалары

Произведения Аймауытова Ж., изданные в 2012-20...

Аймауытов, Ж. Ақбiлек [Мәтін] : әңгiмелер / Ж. Аймауытов; құраст. Г. Мұқышева. - Алматы: Өлке, 2012.- 280 б.

Аймауытов, Ж. Күнiкейдiң жазығы [Мәтін] / Ж. Аймауытов. - Алматы: Олжас кiтапханасы, 2012.- 176 б.

Аймауытов, Ж. Ақбiлек [Мәтін] : романдар / Ж. Аймауытов; ред. алқасы: Р. Сейсенбаев, Ә. Кекiлбаев т.б. ; құраст. жауап. ред. К. Серiкбаева.- Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2013.- 320 б№

Аймауытов, Ж. Алты томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Ж. Аймауытов; М. Әуезов атын. әдебиет және өнер ин-ты; ред. алқасы: С. Қирабаев (жауап. ред.), У. Қалижанов, Д. Қамзабекұлы т.б..- Алматы: Ел-шежiре, 2013. 

Жүсіпбек Аймауытов [Электрондык ресурс] : [кітап, аудиокітап]. - Сайт: kitap.kz. – Режим доступа: http://kitap.kz/index.php/catalog/author/973-zhusipbek_ajmauytov (дата обращения 20.04.2020).

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Жүсіпбек Аймауытов [Электрондык ресурс] / С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы. – Режим доступа: http://aimauytov.psu.kz/index.php?option=com_igallery&view=gallery&id=1&Itemid=50 (дата обращения 20.04.2020)