Известные имена

Есімдер

Хочу продать квартиру. Ипотека можно ли продать квартиру быстро. Можно продать долю в квартире. В каком банке брать ипотеку. Стоит ли брать ипотеку сегодня. На какой срок брать ипотеку. Утепление стен своими руками. Быстрое утепление стен пенопластом своими руками. Технология утепления стен. Ремонт видеокарты ноутбука. Быстрый ремонт видеокарты своими руками. Сколько стоит ремонт видеокарты. В каком банке взять автокредит. Где выгоднее взять автокредит без проблем. Бесплатный сервер wow. Рейтинг серверов wow сайт. Сервера wow mangos. Чертежи самодельных станков. Скачать чертежи станков для холодной ковки. Сверлильный станок чертеж. Договор аренды квартиры. Стоимость аренды квартиры в Москве. Снять в аренду квартиру.

Әшімханов Д.

didahmetӘшімханов Дидахмет (1950-2015) – жазушы, журналист, аудармашы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

1950 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңа-үлгі ауылында дүниеге келген. 

1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіргеннен кейін жол құрылысы учаскесінде жұмысшы, Большенарым аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, Совет Армиясы қатарында (1969-1971) сарбаз, Алматы үй құрылысы комбинатында тас қалаушы болған.

КазГУ-дің журналистика факультетінің (1972-1978) күндізгі бөлімінде оқи жүріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (1975-1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған ол кейін республикалық «Қазақстан пионері» (1978-1980), «Қазақ әдебиеті» (1980-1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» (1992-1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1993 жылдан 2015 жылға дейін халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Сонымен бірге 2003 жылдан 2015 жылға дейін «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті қызметін атқарды.

Дидахмет Әшімханұлы, сондай-ақ, 1999 жылдың ақпан-маусым аралығында арнайы шақырумен Астана қалалық «Астана ақшамы» газетінде бас редактордың 1-інші орынбасары, 1993 жылдан 2000 жылға дейін негізгі қызметімен қоса әр кезеңде «Атамұра» баспасында редактор, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Отан» журналында бас редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы болады.

Әдеби шығармасы тұңғыш рет баспасөз бетінде 1965 жылы 8 наурызда Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде жарияланады. («Шырқал ән». Өлең).

Проза жанрындағы тұңғыш әңгімесі «Аққабаның толқыны» деген атпен 1975 жылы «Коммунизм туы» газетінде, «Арман қанатында» атты коллективтік жинақта (1978) жарық көрген. 1981 жылы «Аққабаның толқыны», 1987 жылы «Он бірінші күз», «1990 жылы «Каменная падь», «Жер аңсаған Сарыатан», 2000 жылы «Самырсын сазы» атты прозалық кітаптары «Жалын», «Жазушы», «Елорда» баспаларынан жолдама алған.

Дидахмет Әшімханұлы – әдеби көркем шығармаларымен қоса екі жүзге жуық публицистикалық туындының авторы. Оның «Әңгіме емес әңгімелер» атты публицистикалық кітабы жарыққа шықты.

1986 жылдан СССР Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі. «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері, «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген шығармалары неміс, қытай, ағылшын, француз, монғол, украин, татар, қырғыз тілдерінде аударылған.

Сонымен қатар жазушының өзі А.Курчаткин, А.Ашимров, Х.Абдуллин, Т.Минуллин, А.Лупан, Т.Пулатов, П.Пурэвсрэн, Кришннамаб Малл т.б. көптеген туысқан халықтар жазушыларының жеке повестері мен әңгімелерін және Джон Голсуорси, Джек Лондонның ең танымал романдарын, әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен. Сонымен қатар, «Аждаһа» пьесасын қазақ тіліне аударған.

Молдаван драматургы А.Кирийдің «Зона» пьесасы Дидахметтің тәржімалауымен 1998 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында қойылып келеді.

Дидахмет Әшімханұлы – қалың оқырман мен әдеби ортада әңгіме жанрының шебері, стилист, талантты журналист, белгілі аудармашы ретінде танылған қаламгер.

1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында туған. 1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін, 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Қазақ әдебиеті», «Заман Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген. 1993 жылдан қазірге дейін Халықаралық «Түркістан» апталығында бас редактордың орынбасары, сондай-ақ 2003 жылдан бері «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті, «Орхон» Баспа үйінің директоры.

Прозалық сегіз кітаптың авторы. Жекелеген бірнеше шығармасы әлемнің тоғыз тіліне аударылған (қытай, неміс, моңғол, түрік, орыс, украин, мари, қырғыз, өзбек).

Д.Әшімханұлы сондай-ақ қалың оқырманға өткір публицист, белгілі аудармашы ретінде де жақсы таныс.

СССР Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы туған жері Катонқарағай ауданында ескерткіш орнатылды. 

Д. Әшімханов шығармалары

Произведения Ашимханова Д.

Әшімханұлы, Д. Көптомдық шығармалар [Мәтін] / Д. Әшімханұлы. - Астана : Нұра-Астана, 2015-2016.

Т. 1 : Тасқала : повестер мен әңгімелер. - 2015. - 480 б.

Т. 2 : Ақшоқы. - 2016. - 480 б.

Т. 3 : Теңіз қорқауы : аудармалар. - 2016. - 480 б.

Әшімханұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] / Д. Әшімханұлы; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. Т. 1 : повестер мен әңгімелер. - Астана : Фолиант, 2011. - 392 б. - (Мәдени мұра) (Алтай-Ертіс кітапханасы). - Мазмұны: Жер аңсаған Сарыатан ; Он бірінші күз ; Босаға : повестер.

Әшiмханов, Д. Аққабанның толқыны [Мәтін] : әңгiмелер / Д. Әшiмханов. - Алматы : Жалын, 1981. - 120 б.

Әшімханұлы, Д. Жер аңсаған Сарыатан [Мәтін] : әңгімелер мен повестер / Д. Әшімханұлы - Алматы : Жазушы, 1998. - 272 б.

Әшімханұлы, Д. Сары самауыр [Мәтін] : әңгімелер мен хикаяттар / Д. Әшімханұлы - Алматы : Раритет, 2006. - 336 б. - (Қазақ прозасы қазынасынан) (Алтын қор кітапханасы).

Әшімханұлы, Д. Кеш [Мәтін] : шығармалары / Д. Әшімханұлы . - Алматы : Ел-шежіре, 2016. - 232 б.

***

Ашимханов, Д. Каменная падь [Текст] : повести, рассказы / ред. Г. Мукатов ; пер. с каз. Д. Ашимханова. - Алма-Ата : Жалын, 1990. - 238 с.

Ашимханов, Д. Бабушкин самовар [Текст] / Д. Ашимханов // Цветы и камень: сборник рассказов: пер. с каз. - Алма-Ата : Жазушы, 1989. - 284 с.

Ашимханов, Д. Расплата [Текст] : рассказ / Д. Ашимханов // Рудный Алтай. - 1987. - 17 июля.

Ашимханов, Д. Всю жизнь будем воспевать Алтай [Текст] / Д. Ашимханов // Луч. - 1993. - 21 июля.

Ашимханулы, Д. О родине, о творчестве, о себе [Текст] : [интервью] / Д. Ашимханулы // Рудный Алтай. - 2000. - 10 авг. - С. 2.

 Д. Әшімханов аудармалары

Переводы Ашимханова Д.

 Абдуллин, Х. Сұрапыл жылдар; Окопта; Қияда құлаған қыран [Мәтін] : әңгiмелер / Х. Абдуллин; ауд. Д. Әшiмханов // Қазақ әдебиетi. - 1981. - 9 январь.

Аширов, А. Солдаттан қалған тұяқ [Мәтін] : повесть / А. Аширов; ауд. Д. Әшiмханов // Жұлдыз. - 1986. - N 10. -  Б. 9-33.

Аширов, А. Шағыр [Мәтін] : әңгiме / А. Аширов; ауд. Д. Әшiмханов // Қазақ әдебиетi.- 1984.- 3 февраль.Голсуорси, Д. Алманың албырап пiскен шағы [Мәтін] / Д. Голсуорси; ауд. Д. Әшiмхан // Әлем әдебиетi. - 2012. - № 3. -  Б. 3-43.

Голсуорси, Д. Девондық адам: новеллалар [Мәтін] / Д. Голсуорси; ауд. Д. Әшiмханұлы. – Астана : Аударма, 2011. - 456 бет. - (Әлемдiк классика)

Д. Әшімханов туралы әдебиет

Литература об Ашимханове Д.

 Дидахмет [Мәтін] : мақалалар, естеліктер, арнаулар. - Өскемен : Берель, 2015. - 157 б.

Ұлттың рух жыршысы [Мәтін] : Дидахмет Әшімханұлы туралы естеліктер. - Алматы : Ел-шежіре, 2016. - 208 б.

***

Ашимханулы Дидахмет [Текст] // Литература Казахстана : энциклопедический справочник.  -  Алматы:  Аруна : Қазығұрт, 2010. -  С. 88.

Встречи на родной земле [Текст] : [Творческий визит писателя Д.Ашимханулы на родную землю, связанный с 50-летним юбилеем] // Луч. - 2000. - 25 июля. - С. 1.

Оркушпаева, Н. Гордость Алтайской земли [Электронный ресурс] : [о республиканской конференции «Современная казахская литература и произведения Д. Ашимханова»] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2015. - 12 окт. - С. 1, 2. - Режим доступа: 

 Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Әшімхан, Д. Ақшоқы [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1487-akshoki_kura

Әшімхан, Д. Босаға [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1489-bosaga_kura

Әшімхан, Д. Жер аңсаған сарыатан [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1493-zher_angsahan_saryatan

Әшімхан, Д. Ит жылы [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1494-it_zhyly

Әшімхан, Д. Құдайсыздар [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1495-qudajsyzdar

Әшімхан, Д. Он бірінші күз [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1496-on_birinshi_kuz