Известные имена

Алтыбаев Қ.

 

altybaev kАлтыбаев Қалибек Қизатұлы (1943 ж.) – журналист, сөзжұмбақшы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының құрметті азаматы.

1943 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сталин колхозына қарасты Сайқан қыстағында, қойшы отбасында дүниеге келген. Ізденімпаздығы арқасында орта мектепті экстернмен аяқтап, кейін педагогикалық институтты да сырттай тәмамдайды. Кейінгі жылдары ауданда дәріс оқыған.

Аңыз-әңгімелерді көп жинап, өзі де жазуға тырысқан. Топонимика, ономастикамен шұғылданып, заманауи адамға жұмбақ әрі түсініксіз дүниелерді зерттеумен шұғылданған. Араб графикасы негізінде Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиін меңгерген. Қолданбалы өнер, халық кәсібі тарихын зерттеп, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов әлеміне үңіледі. Ауыз әдебиетіне жататын түрлі жұмбақ, айтыстарға жаны жақын қаламгер оларды сөзжұмбақ үлгісінде жасырып жазумен де шұғылданған. Сөзжұмбақ құрастырумен 1960 жылдан бастап айналысқан. Сөзжұмбақ-тапсырма, чайнворд, криптограмма, анаграммаларының алғашқы танымдық жинағы 56 мың данамен 1993 жылы жарық көрген. Кейін «Абай» журналында М. О. Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына арналған танымдық тапсырмалар әр нөмір сайын шығып отырған. Олар жазушының биографиялық, шығармашылық, дүниетанымдық қырларын қамтыған. Қазақ әдебиеті классигінің өшпес мұрасын насихаттау мақсатымен автор олардың біразын орыс тілінде де орындаған.

1990 жылы автор Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын зерттеуге барынша көңіл бөледі. Оның жұмыстары «Мәдениет және тұрмыс» және «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланады. 1993 жылы 55 мыңнан астам данамен «Сан сұраққа саяхат» («Путешествие в мир множества вопросов») алғашқы сөзжұмбақтар жинағы жарық көреді. Мұнда көптеген ақын-жазушылар туралы мәліметтер беріледі.

2001 жылы «Абайдың алып айдынынан» кітабы жарық көреді. Ол кітаптың алғысөзін белгілі абайтанушылар – Төкен Ибрагимов пен Қанипа Бітібаева жазған. Төкен Ибрагимов аталған еңбекті бір жыл көлемінде зерттеп, жоғары бағасын берген. Сондай-ақ, Семей қаласында өткен абайтанушылардың жиналысында Қалибек Қизатұлы жоғары бағаланып, жаңа бастамаларға бағыт алды.

Қалибек Алтыбаев 2011 жылы Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылығы негізінде «Үш кемелдің шалқарынан» сөзжұмбақ жинағын, бір жылдан кейін «Абайды оқы, ойлан, тап» кітабын, ал 2014 жылы – «Абай әлемі» кітабын шығарып, осы кітабы үшін автор Қазақстанның Рекордтар кітабына енген. Аталған жинақ екі мың сұрақтан құралған. Автор бұл сұрақтарға материалды М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан және философтың өзінің шығармаларынан алған.

2019 ж. «Қазақ батыры Баймұрат Бәйімбетұлы» кітабының тұсаукесері өтеді. Авторы Қалибек Алтыбаев пен Бекен Жапаров.

«Сан сұраққа саяхат» (1993), «Зайсан өрнектері» (2000), «Абайдың алып айдынынан» (2001), «Шырағың мәңгі сөнбейді» (2003), «Сынаптай сырғыған жылдарым» (2003), «Атамекен Зайсан» (2006), «Тегін білу - тектіліктің тірегі» (2009), «Үш кемелдің шалқарынан» (2011), «Абайды оқы, ойлан, тап» (2012) т.б. кітаптардың авторы.

 

Қ. Алтыбаевтың кітаптары

Книги Алтыбаева К.

 

Алтыбаев, Қ. Тегін білу - тектіліктің тірегі [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Талант, 2009. - 300 б.

Алтыбаев, Қ. Атамекен Зайсан [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б.

Алтыбаев, Қ. Сан сұраққа саяхат [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Алматы : Өнер, 1993. - 64 б.

Алтыбаев, Қ. Зайсан өрнектері [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Интеллект, 2012. - 232 б.

Алтыбаев, Қ. Ұстаз-елдің тірегі, мектептің жүрегі [Мәтін] : [Зайсан ауданындағы оқу-ағарту саласының алыс - жақын тарихы,  бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері сөз болады] / Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Рекламный дайджест, 2011. - 404 б.

Алтыбаев, Қ. Абайды оқы, ойлан, тап [Мәтін] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Интеллект, 2012. - 231 б.

Алтыбай, Қ. Абайдың айдынынан [Мәтін] : сөзжұмбақтар / Қ. Алтыбай. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2001. - 200 б.

Алтыбаев, Қ. Абай әлемі [Мәтін] : сөзжұмбақтар / Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2014. - 292 б.

 

Электрондық ресурстар – Электронные ресурсы

 

Алтыбаев, Қ. Қарсалшақ [Электрондық ресурс] : шежіре-деректер / Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2014. - 270 б.

Алтыбаев, Қ. Менің құрдастарым [Электрондық ресурс] / Қ. Алтыбаев. - Семей : Интеллект, 2012. - 259 б.

Алтыбаев, Қ. Үш кемелдің шалқарынан [Электрондық ресурс] : [Абай, Шәкәрім, Мұхтардың бай мұралары бойынша жасалған сөзжұмбақтар] / Қ. Алтыбаев. - Семей, 2011. - 274 б.

 

К. Алтыбаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Алтыбаева К. в периодических изданиях и сборниках

 

Алтыбаев, Қ. "Сөзжұмбаққа құмарлық көпжұмбақтың бетiн ашады"  [Мәтін]  /  Қ. Алтыбаев; әңг. С. Төлеуов Асекең // Алтын орда. - 2012. - 9 ақпан. - Б. 30.

Алтыбаев, Қ. Ұрынарға қара таба алмағандай... [Мәтін] : [жазушы Әубәкiр Нiлiбаевтың "Неге асығыс әрi атүстi шығарылған?" атты мақаласына жауап] / Қ. Алтыбаев // Жас Алаш.- 2009. - 7 сәуiр. - Б. 5.

Алтыбаев, Қ. Заңғар тұлғалы Асекең [Мәтін] : [ақын А. Егеубаев туралы] / Қ. Алтыбаев // Дидар. - 2010. - 2 наурыз. - Б.5.

Алтыбаев, Қ. Арғынбек ақын [Мәтін] : [Арғынбек ақын туралы] / Қ. Алтыбаев  // Достық. - 1988. - 5 наурыз. - Б.4.

Алтыбаев, Қ. Керей Ер Жәнібек [Мәтін] / Қ. Алтыбаев  // Достық . - 2007. - 26 ақпан. - Б.10.

Алтыбаев, Қ. Өркендеу жолында [Мәтін] / Қ.  Алтыбаев // Дидар. - 2003. - 16 қыркүйек. - Б. 2.

Алтыбаев, Қ. Шоқан Уәлиханов дін туралы [Мәтін] / Қ. Алтыбаев  // Арай. - 1987. - 3 сентябрь. - Б. 4.

Алтыбаев, Қ. Бөгенбай батыр [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Арай. - 1990. - 19 көкек. - Б. 4.

Алтыбаев, Қ. Ерасылға Қабанбай есімі Зайсан жерінде берілген [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2014. - 30 сәуір. - Б. 2.

Алтыбаев, Қ. "Шамшырақ "бойтұмарың болсын! [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2014. - 22ақпан. - Б. 8.

Алтыбаев, Қ. Ерасылға Қабанбай аты Зайсан жерiнде берiлген [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Дидар.- 2014.- 31 шiлде. - Б. 22.

Алтыбаев, Қ. Өмір  өрісіндегі  өрнектер [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2011. - 17  қыркүйек. - Б. 3.

Алтыбаев, Қ. Түркі әлеміне тұтас жайылған "Оян, қазақтың " туындыгері [Мәтін] : [М.Дулатов туралы] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2014. - 26 қараша.- Б. 3.

Алтыбаев, Қ. Қазақ-Жоңғар шайқасы [Мәтін] : [Қазақ хандығына 550 жыл] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2015. - 14 наурыз.- Б. 5.

Алтыбаев, Қ. Зайсанда ашылған алғашқы кітапхана [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2015. - 1 тамыз. - Б.3.

Алтыбаев, Қ. Өнегелі ғұмырдың үзігі [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2015. - 26 қыркүйек.- Б. 4-5.

Алтыбаев, Қ. Ауданның алғашқы құрметті азаматы [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2016. - 16 қаңтар. - Б. 3.

Алтыбаев, Қ. Абайтанудың алып білгірі [Мәтін] : [Қайым Мұхамедхановтың туғанына - 100 жыл] / Қ. Алтыбаев // Достық. - 2016. - 16 наурыз. - Б. 2.

Алтыбаев, Қ. Алып Айдыннан сусындапАбайтанудың абызы [Мәтін] : [Қ. Мұхамедхановқа -100 жыл] / Қ. Алтыбаев  // Дидар. - 2016. - 22 сәуір. - Б. 18.

Алтыбаев, Қ. Аңызға айналған Байғазы балуан [Мәтін] / Қ. Алтыбаев // Қазақ спорты.- 2014. - 15 сәуiр. -Б. 4.

 

К. Алтыбаевтың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Алтыбаева К.

 

Дәріқұлов, Н. Шырағың мәңгі сөнбейді [Мәтін] : Зайсан ауданының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналады / Н. Дәріқұлов, Қ. Алтыбаев. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2003. - 200 б.

 

К. Алтыбаевтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности Алтыбаева К.

 

Байбатыров,  Ғ. Шежіре кеуде - сырсандық [Мәтін] : [Алтыбаев Қ. туралы] / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2003. - 22сәуір.- Б.4.

Байбатыров, Ғ. Алып Айдыннан сусындап [Мәтін] : [Қалибек Алтыбайдың "Абайдың алып айдынынан" атты кітабы туралы] / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2001. - 30 маусым.- Б.4.

Таудан аққан тас бұлақ [жыр жинақ] [Мәтін]: очерки, эссе. - Алматы : Palitra-Press, 2016. - 124 б. -Алтыбаев Қалибек:  б. 36.

Бөлдекаева, А. Абай ескерткіші ашылып : жаңа кітаптың тұсауы кесілді [Мәтін]: [Қалибек Алтыбаевтың «Абай әлемі» кітабы туралы] / А. Бөлдекаева, Г. Иманқұлова // Достық. - 2015. - 5 желтоқсан. - Б. 5.

Елубай, О. Зайсанда Абайдың ескерткіші ашылып, хакім туралы кітаптың тұсауы кесілді [Мәтін] : [Қалибек Алтыбаевтың «Абай әлемі» кітабы туралы]/ О. Елубай  // Дидар. - 2015. - 3 желтоқсан.- Б.14.

Құсанбаев, С. Көп кітапқа ұқсамайтын көк кітап [Мәтін] : [сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың жаңа кітабы жайлы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 8 сәуір. - Б. 23.

Самарханова, Р.  Рекордтар кітабына ұсынуға лайық [Мәтін] : [сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың жаңа кітабы туралы] / Р. Самарханова // Достық. - 2016. - 9 сәуір.- Б.4.

Төлеуов, С. "Жұмбақ жан" әлемін сөзжұмбақпен кестелеген [Мәтін] : [сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың "Абай әлемі" атты жаңа кітабы туралы] / С. Төлеуов // Ертіс өңірі. - 2016. - 13 сәуір.- Б.13.

***

Азмухамбетов, М. Кроссвордист из Зайсана [Текст]: [об Алтыбаеве К.] / М. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 1997. - 2 августа.