Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Жанатайұлы К.

Жанатаев Көкбай ақын, ағартушы, Абайдың шәкіртіЖанатайұлы Көкбай (1864-1927) – ақын, ағартушы, Абайдың шәкірті, Алаш қозғалысына ниеттес болды.

1864 жылы Семей уезі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы), Мұқыр болысы, Тақыр өңірінде, Көкше руынан шыққан Еспай ауылында дүниеге келген. Көкбай Жанатаев – Абайдың шәкірті әрі жақын досы, қазақ әдебиетінде Абай дәстүрін жалғастырушы.

Көкбайдың балалық шағы өзі молдадан білім алған ауылда өтеді. Кейін Семей қаласындағы орыс приходскі училищесіне оқуға түседі (1878). Сонда үш сыныпты аяқтаған соң, медресеге түсіп, төрт жылдан соң, молда аттестатын алып, өз ауылына оралып, араб граматикасын оқытады. Өз қаражатына медресе салғызады (1901). Аталған медресе 1922 жылға дейін, 20 жылдан астам уақыт ауыл балаларына білім береді. Осы медреседен 300-ден астам адам сауатын ашқан. Кейбір дарынды шәкірттер тәлімгер әрі ұстаз Көкбай Жанатаевтың дәстүрін жалғастырған. Олардың қатарында көрнекті ақындар - Тайыр Жомартбаев, Есентай Бердин.

Қазан төңкерісінен кейін К. Жанатаев өз басшылығымен медресені жаңа үлгідегі мектепке айналдырады. Балаларға арнап «Араб тілінің грамматикасын» жазады.

1880 жылдан жас ақын Абаймен танысып, достасады. Бұл достық 25 жылға созылады. Абай кейбір өзінің өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялаған. Абайдың «Жаз» өлеңі 1889 жылы «Дала уалаяты» газетінің № 7 санында Көкбайдың атынан жарық көрген.

М. О. Әуезов Көкбайдың қазақ әдебиеті тарихына қосқан баға жетпес үлесін ерекше атап өткен. Көкбай Абайдың көптеген өлеңдерін жаттап, кейін қағазға түсіріп, олардың түпнұсқа мәтінін қалыптастырған. К. Жанатаевтың Абайдың ортасы мен өміріне қатысты құнды деректерге толы жазбалары үлкен маңызға ие. Бұл деректер кейін М. О. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын, «Абай Құнанбаев» зерттеулер жинағын жазу барысында пайдаланылып, Абай шығармалары жинағына енгізілген (1939, 1939-1940 және т.б.).

Көкбай Жанатаев шығармашылығы ауқымды: айтыстар, эпиграммалар, арнау-өлеңдер, «Сабалақ», «Абылай», «Құлынды», «Наурызбай-Фатима», «Һарун Рашид» поэмалары және т.б. Ақынның «Әріпке», «Төребайға», «Молдабайға», «Дүтбайға», «Ағыбайға», «Оспанға», «Салдарға» сияқты өлеңдері белгілі. «Дүтбайға», «Мұсажанға», «Семей саудагерлеріне» шығармаларында ақын тапқыр сатирамен екіжүзділер мен парақорларды әшкерелейді. Көкбай Жанатаевтың суырып салма қасиеті оның айтыстарынан байқалады. Ол ақын әрі досы Әріп Тәңірбергеновпен, Кемпірбай ақын, Мұсағали, Жүнісхан, М. Дулатов, Абайдың немересі Әубәкірмен айтысқан. Ақынның маңызды туындыларының бірі – «Сабалақ» («Абылай»). Тақырыбы – Абылай ханның басшылығымен қазақтардың жоңғарларға қарсы шапқыншылығы.

Көкбайдың «Ленинге», «Абайға», «Тоғыз көк», «Кәрілік» сияқты әндері белгілі. Көкбай Жанатаев шығармаларының басым бөлігі қолжазба түрінде сақталған. Оның Жүнісханмен айтысы, Абай туралы естелігі жарияланған. Абайдың кейбір өлеңдері Көкбайға арналған – «Көкбайға» т.б.

1925 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған.

 

К. Жанатайұлы шығармалары

Произведения Жанатаева К.

Кітаптар - Книги

Жанатайұлы, К. Шығармалары [Мәтін] / К. Жанатайұлы. - Алматы : Информ-Арна, 2001. - 192 б.

Жанатайұлы, К. Шығармалары [Мәтін] / К. Жанатайұлы . - Астана : Фолиант, 2011- ... .- (Алтай - Ертiс кiтапханасы)

Т. 1. Өлеңдер, айтыс-қағыстар, қисса-дастандар [Мәтін] / құраст. Ж. Әубәкiр. - 256 б.

 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Жанатайұлы, К. Абайға : өлең // Бес ғасыр жырлайды. Т. 3 . - Алматы,1985. - Б. 114.

Жанатайұлы, К. Сабалақ [Мәтін] : Абылай хан туралы дастан / К. Жанатайұлы // Абай. - 1992. - № 3. - Б. 59-66.

Жанатайұлы, К. Әудем жер [Мәтін] : ән / К. Жанатайұлы // Семей таңы. - 1993. - 3 шілде.

Жанатайұлы, К. Алаш көсемiнiң ақтық сәтi [Мәтін] : [Ә. Бөкейханов өмiрiнiң соңғы күндерiнен деректер] / К. Жанатайұлы // Түркiстан. - 1995. - 17 мамыр.

Жанатайұлы, К. Абай туралы естелiк [Мәтін] / К. Жанатайұлы // Абай институтының хабаршысы.- 2011. - № 1. – Б. 19-24.

Жанатайұлы, К. Абай шын мағынасындағы мұсылман едi [Мәтін] / К. Жанатайұлы // Алаш айнасы. - 2011. - 10 тамыз. – Б. 4.

Жанатайұлы, К. Абай насихатының түпқазығы - адамшылық, ақтық, әдiлет болатын [Мәтін] / К. Жанатайұлы // Жұлдыздар отбасы. - 2014. - № 15. - Б. 40-41. - Автор, Абайдың шәкiрт досы ақын туралы жазғаны берiлген.

Жанатаев К. туралы әдебиеттер - Литература о Жанатаеве К.

К. Жанатайұлы туралы әдебиеттер

Литература о Жанатаеве К.

 

Көкбай Жанатайұлы (1863-1927) [Мәтін] // Дау шешедi дана сөз. - Алматы,1996. – Б. 214-215.

Әуезов, М. О. Абайтану дәрістерінің дерек көздері [Мәтін] / М. О. Әуезов. - Алматы : Санат, - 1997. - 448 с. – Көкбай Жанатайұлы (1861-1927): б. 106-107.

Әуезов, М. Көкбайдың ақындығы [Мәтін] / М. Әуезов // Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. - Алматы : Қазақстан, 1997. - 272 б. - Б. 236-244.

Абылқасымов, Б. Көкбай ақын [Мәтін] : көмекшi құрал / Б. Абылқасымов. – Алматы : РБК, 1998. - 56 б.

Әубәкір, Ж. Шындықтан басқа жолға түсе алмаймын [Мәтін] : Көкбай мұрасы хақында / Ж. Әубәкір. – Алматы : Информ-Арна, 2002. - 195 б.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш : Ел-шежіре, 2005 - 2012.

Т. 4. Абай мұрагерлері. Естеліктер [Мәтін]. - Алаш, 2005. - Көкбай Жанатайұлы (1861-1925): б. 9-32.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш. - Семей : Талант, 2005. - Көкбай Жанатайұлы: б. 30-32.

Абылқасым, Б. Ш. Абай мектебiнiң көрнектi өкiлi [Мәтін] : Көкбай Жанатайұлының шығармашылығы жайлы / Б. Ш. Абылқасым // Шәкәрiм Құдайбердiұлының шығармашылығын зерттеудiң өзектi мәселелерi: Республикалық ғылыми-теоретикалық конференциясының материалдары (30-31 наурыз 2006 ж.). - Семей, 2006. - Б. 60-71.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш : Ел-шежіре, 2005 - 2012.

Т. 6 : Мақалалар. Зерттеулер. Пікір хаттар [Мәтін] . - Ел-шежіре, 2008. - Көкбай ақынның әншілік өнері және «Әудемжер әні»: б. 21-31.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Жантайұлы Көкбай: б. 164-165.

Ердембеков, Б. Абайтану [Мәтін] : оқу құралы / Б. Ердембеков. - Астана : Фолиант, 2012. - 432 б. - Көкбай: б. 211-216.

***

Жиренчин, А. Абай и его русские друзья [Текст] / А. Жиренчин. - Алма-Ата : Наука КазССР, 1949. - [О поэте Кокбае Жанатаеве]: с. 114-116.

Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] / Ф. А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - Жанатаев Кокбай: с. 25.

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель. - Семипалатинск : Талант, 2006. - 82 с. - Кокпай Жанатев: с. 23.

Мақалалар - Статьи 

1987

Әуезов, М. О. Көкбайдың ақындығы [Мәтін] : [Абайдың шәкірті Көкбай туралы] / М. О. Әуезов // Жалын . - 1987. - № 1. - Б. 52-56.

1993 – 1999


Бейсенбаев, М. Өлеңдері мен өмірімен [Мәтін] : Көкбай ақын күндері / М. Бейсенбаев // Семей таңы. - 1993. - 22 шілде.

Мұртазин, Т. Көкбай ақын туралы кейбір деректер [Мәтін] / Т. Мұртазин // Семей таңы. - 1993. - 11 қыркүйек.

Мұхаметханов, Қ. Көкбай Жанатайұлы [Мәтін] : [ақын туралы] / Қ. Мұхаметханов // Семей таңы. - 1993. - 14 қазан.

Есентаев, Е. Көкбай ақындар зерттеушілердің есіне [Мәтін] / Е. Есентаев // Егемен Қазақстан. - 1994. - 19 шілде.

Тілеубекова, М. Көкбай ақын күндері [Мәтін] / М. Тілеубекова // Семей таңы. - 1994. - 24 тамыз.

Қаймолдаұлы, О. Мен көрген Көкбай ақын [Мәтін] : [Абайдың тұстасы Көкбай Жанатайұлы туралы] / О. Қаймолдаұлы // Қазақстан мектебі. - 1996. - № 11. - Б. 54-58; № 12. – Б. 65-67.

Қаймолдаұлы, О. Мен көрген Көкбай ақын [Мәтін] / О. Қаймолдаұлы // Қазақстан мектебi. - 1996. - № 11. – Б. 54-58.

Зұлхаров, Ғ. Әріптікі емес,Көкбайдікі [Мәтін] : ["Қандыжап"дастаны Көкбай Жанатаевтікі екені расталып отыр] / Ғ. Зұлхаров // Қазақ әдебиеті. - 1997. - 2 желтоқсан. - Б. 6.

Сейсенұлы, Д. Көкбай ақынның мұражайы ашылды [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 1997. - 25 қыркуйек.

Әубәкiров, Ж. Көкбай шығармашылығы М. Әуезов зерттеуiнде [Мәтін] / Ж. Әубәкіров // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 1998. - № 9-10. – Б. 93-97.

Әубәкір, Ж. Көкбай ақын ұлы ұстазы хақында [Мәтін] : [Абай Құнанбаев жайында] / Ж. Әубәкір // Семей таңы. - 1998. - № 23 шілде. - Б. 11. - ақын Көкбай туралы.

Мұртаза, Т. Ж. Көкбай менiң нағашым едi [Мәтін] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] / Т. Ж. Мұртаза // Абай. - 1999. - N 4. – Б. 56-60.

 

2000 – 2008


Оразалин, К. Абайдан соңғы арыстар [Мәтін] : [тарихи роман] / К. Оразалин // Жұлдыз. - 2000. - №6. - Б. 56-103. - Романда Абайдың шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Мекайіл,Әлихан өмірлері жайында көптеген мағлұматтар берілген.

Оразалин , К. Ғасырдан озған жылдар [Мәтін] / К. Оразалин // Абай. - 2000. - № 1. - Б. 74-79. - Көкбай туралы.

Жүнiс, Қ. Көсiле жырлайтын Көкбай ақын [Мәтін] : [Абайдың шәкiртi Көкбай Жанатайұлының 140 жасқа толуына орай] / Қ. Жүніс // Дидар. - 2002. - 20 қаңтар. – Б. 4.

Әйнекбайұлы, С. Ұлы Абайдың шәкiртi [Мәтін] : Көкбай Жанатайұлының туғанына 140 жыл / С. Әйнекбайұлы // Орталық Қазақстан. - 2004. - 16 наурыз. – Б. 12.

Айсана, Қ. Шыңғыс өңіріндегі шешендік сөз өкілдері [Мәтін] / Қ. Айсана // Семей таңы. - 2005. - 28 қазан. - Б. 4. - Импровизатор ақын Көкбай туралы.

Оразғалиева, Л. М. Абайдың ақын шәкiрттерi тiлiндегi метонимияның көркемдiк-стильдiк сипаты: ақын Көкбай Жанатайұлының шығармашылық ерекшелiктерi [Мәтін] / Л. М. Оразғалиева // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2006. - № 8. - Б. 171-173.

Жандос, Ә. Шәкiртi - Абай ақын, аты Көкбай [Мәтін] / Ә. Жандос // Шәкәрiм әлемi. - 2006. - № 3. – Б. 41-46.

Әубәкiр, Ж. Дана ақынның дара шәкiртi [Мәтiн] : Көкбай Жанатайұлының туғанына 145 жыл / Ж. Әубәкір // Семей таңы. - 2006. - 14 қыркүйек. – Б. 3.

Иманғали, М. Дана ақынның дара шәкiртi [Мәтiн]: Көкбай Жанатайұлының ұрпақтары жайында не бiлемiз? / М. Имағали // Жас Қазақ. - 2006. - 26 қыркүйек. – Б. 9.

Абылқасым, Б. Абай мектебiнiң көрнектi өкiлi [Мәтiн] : Көкбай Жанатайұлы / Б. Абылқасым // Шәкәрiм әлемi. - 2006. - № 1. – Б. 76-83. - Библиогр.: 7 атау.

Ердембеков, Б. "Абайдан сабақ алдым бала жастан..." [Мәтін] / Б. Ердембеков // Абай. - 2008. - № 1. – Б. 60-68. - Абайдың шәкiртi Көкбай ақынның өлеңдерi жайлы.

2010 - ...

Ердембеков, Б. Абай айналасындағы ән өнері [Мәтін] : [Абай жанындағы ән өнерінің өкілдері Көкбай, Шәкәрім жайлы] / Б. Ердембеков // Семей таңы. - 2010. - 11 наурыз. - Б. 3.

Ибрагимов, Т. Заманды түзетпейді кісі билеп [Мәтін] / Т. Ибрагимов // Семей таңы. - 2011. - 15 наурыз. - Б. 3. ; 22 наурыз. - Б. 5 ; 29 наурыз. - Б. 5 ; 13 қыркүйек. - Б. 4. - Абай және шәкірті Көкбай ақын жайлы естелік.

Әубәкір, Ж. Жанатай - әкем аты, атым - Көкбай [Мәтін] / Ж. Әубәкір // Семей таңы. - 2011. - 30 тамыз. - Б. 3.

Әбенов, Ш. Көкбай ақын [Мәтін] / Ш. Әбенов // Семей таңы. - 2011. - 13 қыркүйек. – Б. 4.

Ердембеков, Б. Абай мен Көкбай [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ақиқат. - 2011. - № 10. - Б. 52-57.

Абайдың Көкбайға риза болуы [Мәтін] // Абай. - 2014. - № 6. - Б. 95.

***

Жунусова, М. Любимый ученик поэта и мыслителя [Текст] : [беседа с научным сотрудником музея-заповедника Абая о Кокбае Жанатаеве] / М. Жунусова; записала Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2011. - 9 сент. - С. 7.

Азмухамбетов, Ш. Возвращается то, что было утрачено [Текст] : [о Кокбайских чтениях в Абайском районе] / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2013. - 26 янв. - С. 5.

Ибраева, У. А. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. А. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля. - С. 4. - Об учениках Абая, в том числе о Кокбае Жанатаеве.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Абай шәкірттерінің өз бағасын алар кезі жетті [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

Көкбай жайлы құнды құжат табылды [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

«Cорлы Көкбай жылайды, жалайды да жырлайды...» [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

Көкбайдың мешіт-медресе ашқаны рас па? [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

Көкбай қалай қайтыс болған? [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

«Әудемжердің» әуресі [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)