Известные имена

Баймұратов Н.

Баймұратов Н. ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесіБаймұратов Нұрлыбек (1887-1969) - ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл Жабаев шәкірттерінің бірі.

1887 жылы 06 желтоқсанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Бесқарағай ауданында, Балапан шатқалына таяу зәйімкеде, Баймұрат деген кедейдің отбасында дүниеге келген. Күзетші болған, орыс, неміс тілдерін үйренген. Домбыра, балалайкада ойнап, ән мен өлеңдерді сол тілдерде орындап, өзі де өлең құраған. Медреседе білім алып, алдыңғы қатардағы оқушылардың бірі болады. Араб тілінде жазуды меңгеріп, көп оқып, бос уақытында музыкалық аспаптарда ойнайды.

Әкесі қайтыс болған соң, Баймұратовтар отбасы әкесінің туған жері Павлодар облысына қоныс аударады.

Кеме шаруашылығында жүк тасушы болып, Ертіске саяхат жасайды.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Нұрлыбек Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. Оқуын аяқтаған соң, Ақтөбе болысына ревком төрағасы болып тағайындалады. Партия мектебінен соң, оны Семейге жауапты жұмысқа жібереді. Сол кезде қаламгер М. Әуезовпен жақын танысады.

Алғаш рет өлеңімен көпшілік алдына 1939 жылы қазақ жазушыларының 2-съезінде Семей делегаты атынан шығып, сонда КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне алынады. 1939 жылы қарашада Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағы берілген.

Қаламгер ең алдымен ақын ретінде танымал. Ол Қазақстанның Мәскеудегі өнер және мәдениет декадасына қатысқан. 1957 жылы өлең, ән және айтыс жинақтары - «Месть народа», «Счастливая эпоха», «Айтысы», Бесқарағай ауданындағы азамат соғысы жайлы «Кровавый поход» (1962) поэмасы жарыққа шыққан.

1969 жылы 08 қарашада Бесқарағай ауданы Новониколаевка ауылында қайтыс болды.

 Н. Баймұратовтың шығармалары

Произведения Н. Баймуратова

 Кітаптар-Книги

 Баймұратов, Н. Ер Төлеген [Мәтін] : [Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаровқа арналған поэма] / Н. Баймұратов. - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1945. - 77 б.

Баймұратов, Н.Өлеңдер мен поэма [Мәтін] / Н. Баймұратов. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1957. - 140 б.

Баймұратов, Н. Қанды жорық [Мәтін] : поэма / Н. Баймұратов. - Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1962. - 124 б.

Баймұратов, Н. Қазына [Мәтін] : өлеңдер мен поэмалар / Н. Баймұратов. - Алматы : Жазушы, 1982. - 140 б.

Баймұратов, Н. Қазына [ Мәтін ] : өлеңдер мен поэмалар / Н. Баймұратов; құраст. А. Бұлдыбаев. - Алматы : Жазушы, 1982. - 237 б.

Н. Баймұратовтың мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар

Публикации Н. Баймуратова в периодических изданиях

 Мақалалар – Статьи

 Баймұратов, Н. Иса туралы менің білетінім [Мәтін] : [естелік] / Н. Баймұратов, Ж. Сұрағанқызы // Абай. - 2000. - № 4. - Б. 40-41.

Баймұратов, Н. Иса туралы бiлетiнiм [ Мәтін ] : [ақын Иса Байзақов туралы] / Н. Баймұратов // Жас Алаш. - 2000. - 26 қыркүйек.

Баймұратов, Н. Абай [ Мәтін ] : поэмадан үзiндi / Н. Баймұратов // Абай мұражайының хабаршысы. - 2010. - № 1. - Б. 115-116.

 Өлеңдер - Стихи

Баймұратов, Н. Астанаға [ Мәтін ] : өлең / Н. Баймұратов // Лениншiл жас. - 1939. - 3 июль.

Баймұратов, Н. Жарлыға жарық iздедi [ Мәтін ] : өлең / Н. Баймұратов // Социалистік Қазақстан. - 1960. - 22 апрель.

Баймұратов, Н. Заман үнi [ Мәтін ] : өлең / Н. Баймұратов // Қазақ әдебиетi. - 1961. - 1 декабрь.

Баймұратов, Н. Ұлы көш [ Мәтін ] : өлең / Н. Баймұратов // Социалистік Қазақстан. - 1962. - 18 февраль.

Баймұратов, Н. Арайлы таңға асығам [ Мәтін ] : өлең / Н. Баймұратов // Мәдениет және тұрмыс. - 1964. - № 8. - Б. 12-13.

Н. Баймұратов туралы әдебиеттер

Литература о Н. Баймуратове

 Кітаптар-Книги

 Қожахметов, А. Берекелі өлке, Бесқарағай [Мәтін] / А. Қожахметов. - Семей : Полиграфия, 2001. - 194 б. - Баймұратов Н. туралы.

Түкісов, У. Асылдың сынығы [Мәтін] : [Ертіс өңірінің аты аңызға айналған адамдары туралы] / У. Түкісов. - Павлодар, 2002. - 480 б. - Баймұратов Н. туралы.

Қазақстан жазушыларыХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - Баймұратов Н.: б. 68.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Баймұратов Н.: б.21.

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары [ Мәтін ] : (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2006. - Баймұратов Н.: б. 316.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Баймұратов Н.: б. 81.

Қапанов, Б. Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров [Мәтін] : / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - Баймұратов Н. : б. 71.

Түкісов, У. Елім деп еңбек еткендер [Мәтін] : [еңбек ардагері, журналист У. Түкісовтың очерк, дастан, өлеңдері мен жеке азаматтардың өмір жолы топтастырылған] / У. Түкісов. - Астана : Нұр-Астана, 2012. - 368 б. -Баймұратов Н. туралы.

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : "Біржан-Сара айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б. - Баймұратов Н. туралы.

Шығыс Қазақстаноблысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Баймұратов Н.: б. 239.

 Мақалалар-Статьи

 1963

Қорабаев, Р. Жорық жыры [Мәтін] / Р. Қорабаев // Қазақ әдебиетi. - 1963. - 20 сентябрь.

2000 - 2010

Сәрсеке, М. Ақындардың құлжасы [Мәтін] : [ақын Нұрлыбек Баймұратов туралы бір үзік сыр] / М. Сәрсеке // Абай. - 2000. - № 4. - Б. 44-46.

Сәрсекеев, М. "Ақылды адам арманмен егеспейді" [Мәтін] : [Cемейде жазушы М. Сәрсекеевтің "Бес тұғыр" кітабы жарық көрді. Жинаққа Т. Көбдіковтың, Н. Баймұратовтың, С. Әлімбетовтың, Ш. Әбеновтың, К. Тұрғанбаевтың өлеңдері енген / М. Сәрсекеев // Семей таңы. - 2000. - 1 қыркүйек. - Б. 4.

Снегин, Д. Нұрлыбек пен Балқия [Мәтін] : [айтыс ақыны Н. Баймұратов пен оның жары Балқия туралы] / Д. Снегин // Түркiстан. - 2000. - 17 қараша.

Ақындардың құлжасына құрмет [Мәтін] : Н. Баймұратов туралы // Егемен Қазақстан. - 2001. - 26 қыркүйек. - Б. 7.

Бәделхан, А. Қараңғы түнде қамығып, қаламымды алайын, жүрегiмнiң қанына қаламымды малайын [Мәтін] : [алғаш рет ашаршылық туралы поэма жазған ақын Нұрлыбек Баймұратов жайлы сұхбат] / А. Беделхан // Жас Алаш. - 2002. - 30 мамыр. - Б. 1, 5.

Бәделханұлы, А. Нұрлыбек - төкпе ақын [Мәтін] : ақындардың сүлейi Н. Баймұратовтың туғанына 115 жыл / А. Бәделханұлы; әңг. А. Әбiш // Сарыарқа самалы. - 2003. - 28 қаңтар. - Б. 4-5.

Кәкенұлы, Т. Ақтаңгер ақынның мұражайында [Мәтін] : Нұрлыбек Баймұратовтың туғанына - 100 жыл / Т. Кәкенұлы // Дидар. - 2003. - 25 қазан. - Б. 5.

Бекбосын, О. Дарындыны болар ма ұмытуға? [Мәтін] : Н. Баймұратов туралы / О. Бекбосын // Дидар. - 2003. - 23 қараша. - Б. 3.

Қасымұлы, А. Тараздан келген хат [Мәтін] : Н. Баймұратов туралы / А. Қасымұлы // Дидар. - 2004. – 1 маусым. - Б. 28.

Түкісов, У. Нұрлыбек ақын [Мәтін] / У. Түкісов // Дидар. - 2005. - 6 желтоқсан. - Б. 4.

Әбдiлманатқызы, Ә. Нұрлыбек Баймұратұлының "Ер Төлеген" поэмасындағы фольклорлық дәстүр мәселесi [Мәтiн] / Ә. Әбдiлманатқызы // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 2006. - № 10. - Б. 75-78.

Иман-Жапар, М. Бір суреттің сыры [Мәтін] : Н. Баймұратов туралы / М. Иман-Жапар // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. - Б.12.

Жұмабекова, Г. Халық ақыны [Мәтін] : Н. Баймұратов туралы / Г. Жұмабекова // Бесқарағай тынысы. - 2009. - 12 қыркүйек. - Б. 4.

Нұрлыбек Баймұратов Ұлы Отан соғысы кезінде [Мәтін] // Бесқарағай тынысы. - 2010. - 25 тамыз. - Б. 4.

2011 - ...

Қожахметұлы, А. Жемісті жиырма жыл [Мәтін] : тәуелсіздікке жиырма жыл : Н. Баймұратов туралы / А. Қожахметұлы // Бесқарағай тынысы. - 2011. - 9 ақпан. - Б. 4; 19 ақпан. - Б. 4; 23 ақпан. - Б. 4; 26 ақпан. - Б. 4; 19 наурыз. - Б. 4; 23 наурыз. - Б. 4; 9 сәуір. - Б. 4; 6 сәуір. - Б. 4.

Қожахметұлы, А. Әуезов құрметтеп, Аймауытов ардақтаған ақын [Мәтін] : [ақын Н. Баймұратовтың туғанына 125 жыл] / А. Қожахметұлы // Дидар. - 2012. - 18 мамыр. - Б. 13.

Құсанбаев, С. Николайдың ауылы Нұрлыбек деп аталса... [Мәтін]: [ақын Н. Баймұратовтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2012. - 15 маусым.- Б.5.

Сейсенұлы, Д. Баймұратов бесқарағайлықтарға ғана керек пе? [Мәтін] : [айтыс өнерінің дүлдүлі Н. Баймұратовтың есімін мәңгілік есте қалдыру туралы] / Д. Сейсенұлы // Дидар. - 2013. - 6 мамыр.- Б.5.

Сейсенұлы, Д. Осы жұрт Нұрлыбек ақынды біле ме екен? [Мәтін]: [айтыс өнерінің дүлдүлі Н. Баймұратовтың есімін мәңгілік есте қалдыру туралы] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 31 мамыр.- Б.9.

Құсанбаев, С. Әуезов пен Аймауытов жоғары бағалаған жыр дүлділі [Мәтін] : [айтылмай жүрген ақын Нұрлыбек Баймұратов туралы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2013. - 26 қыркүйек.- Б.15.

Түкісов, У. Сертте тұрған семсер сөз [Мәтін] : Н. Баймұратов туралы / У. Түкісов // Егемен Қазақстан. - 2014.- 9 мамыр. -Б. 5.

Қожахметұлы, А. Мәңгілік елдің арқауы-елорда [Mәтін] : Н. Баймұратов туралы / А. Қожахметұлы // Бесқарағай тынысы. - 2014. - 17 мамыр. - Б. 4; 21 мамыр. - Б. 4.