Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Жақып Б. О.

Жақып Бауыржан Өміржанұлы  журналист, публицист, ақын, аудармашы.Жақып Бауыржан Өміржанұлы (1963 ж.) - филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, публицист, ақын, аудармашы.

1963 жылы 01 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Абай ауданы, Аққора ауылында дүниеге келген. Журналистика факультетін аяқтаған соң, Қазақ телеарнасы әдеби-драмалық бағдарламалардың бас редакциясында, «Жалын» кітап баспасында редактор (1985) қызметін атқарған. 1986 жылдан С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) журналистика факультетінде – зерттеуші-тағылымгер (1986-1988), ассистент (1988-1991), аға оқытушы (1991-1994), доцент (1994), деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың баспасөз орталығы жетекшісі (1992), деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1992), журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі (1995), баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, мерзімді басылымдар кафедрасының меңгерушісі (2001-2008) болған. 2009 жылдың 20 қаңтарынан «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры болып тағайындалады. Халықаралық IT университетінің медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің менеджмент және халықаралық коммуникация факультетінің диплом жұмыстарына жетекшілік еткен.

2004 жылы «Қазақ публицистикасының қалыптасу және даму жолы» атты докторлық диссертация қорғап, профессор атағын алады. Б. Жақыптың ғылыми жетекшілігімен 21 кандидаттық, 3 докторлық диссертация қорғалды.

Б. Жақып – 200-ге жуық публицистикалық очерк пен мақала, 70-тен астам ғылыми жарияланым авторы.

Қаламгердің өлеңдері «Аудитория» (1984), «Қарлығаш» (1987), «Парус времени» (1987), «Ступени» (1987), «Аралым - арым, Балқашым - бағым» (1988), «Перевалы Абыралы» (1995) т.б. ұжымдық жинақтарға енген. «Жұлдызды шақ» (1987), «Көзімнің нұры» (1990), «Айдындағы аспан» (1996), «Ақ лақ» (1997), «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қызыл қайың» (2008), «Абайдың Қасқабұлағы» (2012), «Еліккөрген» (2013), «Менің далам» (2014) поэтикалық жинақтары жарық көрген. «М. Ауэзов - публицист» (1997), «Великий художник» (1997), «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» (2004), «Публицистикалық шығармашылық негіздері» (2007) тәрізді ғылыми монографиялар авторы.

Мәскеу қаласында Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде (1989), Оклахома Мемлекеттік университетінде (АҚШ) (1997,2000) машықтанған. АҚШ-ғы халықаралық конференцияға қатысқан: Эдмонд қаласы (Оклахом штаты), Лорэнс қаласы (Канзас штаты) (1997), Мәскеу қаласындағы халықаралық симпозиумға қатысқан (2002).

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі (1991), Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі (1994), Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы Басқармасының мүшесі (2002), Қазақстан Журналистер академиясының академигі (2006), Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының мүшесі (2006), Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі академиясының корреспондент мүшесі (2007), Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық Стратегиялық Ұлттық жоба кеңесінің мүшесі (2011), Ш. Айтматовтың Халықаралық академиясының академигі (2011), Баку мүшесі (2004), түркі поэзиясының 15-фестиваль дипломанты (Түркия-Елазыг, 2007), түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты (Скопье-Македония, Приштина-Косово, 2007), «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық сайысының жеңімпазы (2009). М. Мақатаев атындағы Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының (1990), С. Сәдуақасов атындағы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының (1998), «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының (2006), «Алтын жұлдыз» Қазақстан Журналистер академиясы сыйлығының лауреаты (2014). Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2010), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған (2011).

Филология ғылымдарының кандидаты. «Жігер» жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты (1984), Алматы қаласындағы 14-жас ақындар фестиваліне қатысушы, Пицунд қаласындағы 15-жас ақындар фестивалінің дипломанты, Дарынды жас ғалымдардың мемлекеттік стипендиясының иегері (1998), «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999), «Хазар шейр ақшамдары» түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты (1994).

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «Құрмет» орденімен (2012), «Мәдениет саласының үздігі» (2013) және   «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» (2014) төсбелгісімен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Алтын» медалімен марапатталған (2014).

 

 

 

 

Б. Ө. Жақып шығармалары

Произведения Жакыпа Б. О.

 

Кітаптар – Книги

 

Жақып, Б. Айдындағы аспан [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / Б. Жақып. - Алматы : Атамұра, 1996. - 192 б.

Жақып, Б. Қолтаңба [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / Б. Жақып. - Алматы : Өлке, 2001. - 92 б.

Жақып, Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары [Мәтін] : (генезис, эволюция, поэтика) / Б. Жақып : филология ғылымдарының кандидаттық диссертация / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшi З. Қ. Қабдолов. - Алматы, 2004. - 316 б.

Жақып, Б. Уақыт ұршығы [Мәтін] : өлеңдер мен поэма / Б. Жақып. - Алматы : Жазушы, 2004. - 264 б.

Жақып, Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері [Мәтін] : оқулық / Б. Жақып; ред.: А. Шурилова. - Алматы : Қазақ университеті, 2007. - 486 б.

Жақып, Б. Қызыл қайың [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэмалар / Б. Жақып. - Алматы : Жазушы, 2008. - 216 б.

Жақып, Б. Абайдың қасқабұлағы [Мәтін] : өлендер / Б. Жақып. - Алматы : Жазушы, 2012. - 216 б.

Жақып, Б. Шығармалары [Мәтін] / Б. Жақып. - Астана : Фолиант, 2013.

Т. 1. - Еліккөрген : өлеңдер, балладалар, поэмалар - Астана : Фолиант, 2013. - 352 б.

Жақып, Б. Менің далам [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэмалар / Б. Жақып. - Алматы : Атамұра, 2014. - 256 б.

Б. Ө. Жақыптың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Жакыпа Б. О.

Оспанов, С. Сырбай Мәуленов - журналист, публицист [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Жақып. - Алматы, 2000. - 156 б.

Өзбекова, Г. С. Қазақ энциклопедиялық басылымдарының проблемалары [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Г. С. Өзбекова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2001. - 175 б. - Библиогр.: б. 163-168.

Асанов, К. Д. Е. А. Букетовтың публицистикасы [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / К. Д. Асанов; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2002. - 173 б. - Библиогр.: б. 120-126.

Баялиева, Д. Қазақ баспасөзiндегi ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдiң жазылу проблемалары [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Д. Баялиева; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Жақып. - Алматы, 2002. - 143 б. - Библиогр.: б. 135-142.

Жақсылықбаева, Р. С. Шерхан Мұртаза - публицист, редактор [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Р. С. Жақсылықбаева; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Жақып. - Алматы, 2002. - 179 б. - Библиогр.: б. 161-169.

Әшiрбекова, Г. Ш. А.Тоқмағамбетовтiң публицистикасы [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Г. Ш. Әшірбекова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2007. - 145 б. - Библиогр. : б.122 -141.

Ақсейiт, Ғ. М. Сапар Байжановтың публицистикасы [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Ғ. М. Ақсейіт; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2008. - 153 б. - Библиогр.: б.139 -153.

Мысаева, Қ. Н. Қасым Қайсеновтiң публицистикасы [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Қ. Н. Мысатаева; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2008. - 134 б. - Библиогр. : б. 125-134.

Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. 1 том : А - К / Қазақ энциклопедиясының" бас ред. Б. Ө. Жақып; бас ред. мүш-рi: Ө. А. Айтбаев, Н. Ә. Айтхожина, А. С. Аманжолов ж.б.. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 538 б.

Даңқ [Мәтін] : (энциклопедиялық анықтамалық) / бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: Сөздiк-Словарь, 2009.- 496 б.

Ақмола облысы [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Б. Ө.Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 560 б.

Балалар энциклопедиясы [Мәтін] : Ж - М. Т. 2 / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 312 б.

Қазақстан табиғаты [Мәтін] : Ж - Қ. Т. 2 / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 392 б.

Алматы қаласы көркемсуреттi тарихы [Мәтін] : ежелгi заманнан бүгiнгi күнге дейiн / бас ред. Б. Ө. Жақып; құраст.: К. Саркенова. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - 352 б.

Еңсепова, Г. Б. Фариза Оңғарсынова - журналист, публицист [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / Г. Б. Еңсепова; әл-Фараби атын. Қаз.ҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Жақып. - Алматы, 2009. - 135 б. - Библиогр. : б. 122-135.

Қасымов, А. Қ. Шығыс Қазақстан облыстық газетiнiң қалыптасу, даму кезеңдерi (1931-2006 жж.) [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Жақып. - Алматы, 2009. - 156 б. - Библиогр.: б.137-144.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы [Мәтін] / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - 223 б.

Асанов, К. Д. Айтыс өнерiнiң публицистикалық сипаты [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / К. Д. Асанов; әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2010. - 282 б. - Библиогр.: б. 274 -282.

Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. 2-ші том : Қ-Я / бас ред. Б. Ө. Жақып; бас редакция мүш.: Ө. А. Айтбаев, Н. Ә. Айтхожина, А. С. Аманжолов ж.б.. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - 544 б.

Шынғысова, Н. Т. Өңiрлiк мерзiмдi баспасөздiң даму тенденциялары (қазақ тiлдi жарияланымдар бойынша) [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты / әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ; ғылыми жетекшісі Б. Ө. Жақып. - Алматы, 2010. - 286 б. - Библиогр.: б. 260-277.

Қазақстан табиғаты [Мәтін] : Қ - М. Т. 3 / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 264 б.

Балалар энциклопедиясы [Мәтін] : Н - Я. Т. 3 / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 264 б.

Қаныш Сәтбаев [Мәтін] : энциклопедия / ред. Б. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 664 б.

Жарықбаев Қ. Психология [Мәтін] : энциклопедиялық сөздік / Қ. Жарықбаев, О. Саңғылбаев; ред.: Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 624 б.

Бөлекпаев, А. Қ. Жас шахматшы энциклопедиясы = Энциклопедия юного шахматиста [Мәтін] : энциклопедиялық сөздiк / А. Қ. Бөлекпаев, Ж. С. Мусин, В. П. Чундеров; бас. ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 556 б.

Айбын [Мәтін] : энциклопедия / ред.: Д. Махранов,Б. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 880 б.

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық : қазақша-орысша, орысша-қазақша / Тiл комитетi "Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту" бағд.; бас ред. Б. Ө. Жақып; жоба авт. О. Жиреншин. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 640 б.

Атамекен [Мәтін] : географиялық энциклопедия / Тiл комитетi "Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту" бағд.; бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 648 б.

Қазақстан табиғаты [Мәтін] : М - С. Т. 4 / ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - 304 б.

Уолперт, С. Джинна-Пәкістанның негізін қалаушы [Мәтін] / С. Уолперт, ред.: Б. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012.

Қадырғали Жалайырдың "Жамиғ-ат тауарихының" тезаурус сөздiгi [Мәтін] / бас ред. Б. Ө. Жақып; жауапты ред. Р. С. Сыздық; құраст.: Г. М. Мамырбекова, А. А. Сейтбекова. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - 392 б.

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық . 1-том: А-К / бас ред. Б.Ө. Жақып; бас редакция мүш.: Ө.А. Айтбаев, Н.Ә. Айтхожина,Т.Балақаев ж.б.. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - 616 б.

Түрiк поэзиясы [Мәтін] / бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - 400 б. - (XXI ғасыр : түркi халықтары поэзиясы).

Түрiкмен поэзиясы [Мәтін] / бас ред. Б.Ө. Жақып.– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 400 б.- (Түркi халықтарының поэзиясы: ХХI ғасыр).

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. 2-том : Қ-Я / бас. ред. Б. Ө. Жақып; бас ред. мүшелерi: Ө. А. Айтбаев, Н. Ә. Айтхожина, Т. Балақаев ж.б.. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 616 б.

Қазақстан табиғаты [Мәтін] : энциклопедия. 5-шi том : С-Я / Ақпарат және мұрағат комитетi; "Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерiн басып шығару" бағд.; бас ред. Б. Ө. Жақып. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 336 б.

Абылай хан[Мәтін]: энциклопедия / бас ред. Б.Ө. Жақып; ред. алқа мүшелерi: М. Асылбеков, Б. Аяған, Х. Әбжанов; құраст.- авт.: Б.К. Жұматаев, К.Ә. Нұрпейiсов, Ғ. Жандыбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013.- 656 б.

Балаларға базарлық [Мәтін] : көркемсуреттi энциклопедия / бас ред. Б. Жақып, құраст. авт. Б. Жұматаев. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 480 б.

***

Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства [Текст] / ред. Б. О. Жакып; Институт истории государства. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - 225 с.

 

Б. Ө. Жақыптың мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации Жакыпа Б. О. в периодических изданиях и сборниках

Жақыпов, Б. Баспасөз тарихын байытқан [Мәтін] / Б. Жақыпов //Қазақ әдебиетi. -1996. -16 қаңтар. - Б. 14.

Жиренше мен әкесi [Мәтін] / ел аузынан жазып алған Б. Жақыпов // Солтүстiк Қазақстан. - 1996. - 25 қазан.

Омашұлы Н. Нұртөре және оның командасы [Мәтін] / Омашұлы Н., Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2001. - 29 сәуір. - Б. 6.

Жыл басталды... [Мәтін] : [БАҚ өкiлдерiнiң газет сауалнамасына жауаптары] // Алтын орда. - 2002. - 4-10 қаңтар. - Б. 10, 11. - Соның ішінде, Б. Жақыптың жауабы.

Жақып, Б. БАҚ туралы заң жобасы әлі де шикі [Мәтін] / Б. Жақып // Қазақстан - ZAMAN. - 2003. - 28 қараша. - Б. 4.

Жақып, Б. Шешендік сөздердегі публицистикалық белгілер [Мәтін] / Б. Жақып // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая . - 2004. - № 1. - Б. 27-30.

Жақып, Б. "Қазақ әдебиеті" газетіндегі публицистикалық шығармалардағы тақырыптық, проблемалық ізденістер (90-шы жылдар) [Мәтін] / Б. Жақып // ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы = Вестник КазНУ. Серия журналистики. - 2006. - № 1. - Б. 30-39.

Жақып, Б. Теория мен тәжірибені ұштастырған қос томдық [Мәтін] / Б. Жақып // ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы = Вестник КазНУ. Серия журналистики. - 2006. - № 2. - Б. 83-86.

Жақып, Б. Дос едік құлын-тайдай шұрқырасқан... [Мәтін] / Б. Жақып // Түркістан. - 2010. - 26 тамыз. - Б. 9.

Жақып, Б. Күн астындағы күнекей қыз [Мәтін] / Б. Жақып // Түркістан. - 2010. - 8 сәуір. - Б. 10.

Жақып, Б. От жүректi ақын [Мәтін] / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2011. - 13 сәуір. - Б. 5.

Жақып, Б. Ғабеңнің қаламгерлік жолы төрт жол өлеңнен басталған [Мәтін] / Б. Жақып // Аңыз адам. - 2012. - № 18. - Б. 49.

Жақып, Б. Өлеңді түнде жазғанды жақсы көремін [Мәтін] / Б. Жақып // Дидар. - 2012. - 8 қараша. - Б. 8.

"Жыр қағаны" - Жұматай Жақыпбаев [Мәтін] / дайынд. Б. Мұратқызы // Халық сөзi. - 2012. - 20 қаңтар. - Б. 9, 10. Ақын Ж. Жақыпбаев туралы естелiк-әңгiме. Соның ішінде, Б. Жакыптың естелігі.

Жұматай Жақыпбаевтан ақындық дәрiс алған Бауыржан Жақып [Мәтін] / дайынд. Б. Мұратқызы // Халық сөзi. - 2013. - 6 желтоқсан. - Б. 7, 9. - Ақын Б.Жақыптың шығармашылығы туралы әдебиеттанушылар пiкiрi.

Ысмайылов Т. Шығармалары [Мәтін] / Т. Ысмайылов. - Астана : Фолиант, 2013 - 201....

Т. 1. - Мәңгілік жас рухым-өлеңдерім : өлеңдер, поэмалар, сын-сықақтар және естеліктер. - Астана : Фолиант, 2013. - 344 б. - Жақып Б. Арманда кеткен есіл ақын: б. 5-16.

Қазақтың 100 поэмасы [Мәтін]. - Алматы : Жазушы, 2013.

Т. 6. - Алматы : Жазушы, 2013. - 376 б. -Жақып Б. Жаңғырық: б. 266-275.

"Жыр қағаны - Жұматай Жақыпбаев" [Мәтін] / әңг. Ж. Қорғасбек // Алқа. - 2013. - № 10. - Б. 55-69. - Ақын туралы жары З. Елғондинова және ақын Б. Жақыппен сұхбат.

Жақып, Б. Ауылдықтармен ашық әңгіме [Мәтін] / Б. Жақып // Семей таңы. - 2014. - 16 қыркүйек. - Б. 3.

Жақып, Б. Барқытбелдің баурайындағы қос мереке [Мәтін] / Б. Жақып // Семей таңы. - 2014. - 7 қазан. - Б. 4.

Базарбайқызы, М. Жүрек сөзi [Мәтін] : жыр кiтабы / М. Базарбайқызы; алғы сөз: Б. Жақып. - Алматы : Мектеп, 2014. - 126 б.

Жақып, Б. Тірі энциклопедия [Мәтін] / Б. Жақып // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 22 - 28 мамыр. - Б. 9.

Жақып, Б. Қазақ поэзиясы - 2014 [Мәтін] / Б. Жақып // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 29 мамыр - 4 маусым. - Б. 6.

Жақып, Б. Қайталанбас нар тұлға [Мәтін] / Б. Жақып // Айқын. - 2015. - 27 мамыр. - Б. 5.

Жақып, Б. Даниял Рақымханұлы Мусинов [Мәтін] / Б. Жақып // Семей таңы. - 2015. - 13 қазан. - Б. 1.

Жақып, Б. Жұмағұл-Шора азан сап қойылған аты... [Мәтін] / Б. Жақып // Түркiстан. - 2015. - 29 қазан. - Б. 11. - Ақын Жұматай Жақыпбаевтың туғанына - 70 жыл.

Жақып, Б. Абырой биігінде [Мәтін] / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2016. - 19 ақпан. - Б. 9.

Жақып, Б. Жалындап жанған жыр... [Мәтін] / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2016. - 19 қаңтар. - Б. 7.

 

Б. Ө. Жақып өлеңдері - Стихи Жакыпа Б. О.

Жақып, Б. Алтай [Мәтін] : "Шығыс шынары" ІІ халықаралық мүшәйрасының бас жүлдесін алған өлең / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2011. - 3 қыркүйек. - Б. 4.

Жақып, Б. Алтайдан ұшқан ақиық (Т. Ахметжанның рухына арналады) [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Түркістан. - 2009. - 2 шілде. - Б. 13.

Жақып, Б. Қасымның қызыл үйі [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Түркістан. - 2011. - 14-21 шілде. - Б. 11.

Жақып, Б. Өлеңіммен ұсынамын гүлдесте [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2012. - 8 наурыз. - Б. 1.

Жақып, Б. Аңыз қала [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 шілде. - Б. 5.

Жақып, Б. Алакөл; Толқындар; Алакөлдiң ақша бұлттары; Жағажайда; Мен бiр сұлу қыз көрдiм [Мәтін] : өлеңдер / Б. Жақып // Дидар. - 2014. - 21 тамыз. - Б. 22.

Жақып, Б. Қайталанбас нар тұлға [Мәтін] / Б. Жақып // Айқын. - 2015. - 27 мамыр. - Б. 5.

Жақып, Б. Қағанат [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Түркiстан. - 2015. - 29 қазан. - Б. 11.

Жақып, Б. Қазақстаным [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Ана тiлi. - 2015. - 15 - 23 желтоқсан. - Б. 2.

Жақып, Б. Тұғыр [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2015. - 16 желтоқсан. - Б. 14.

Жақып, Б. Алаштың бақытына туған ағам... [Мәтін] : өлең / Б. Жақып // Семей таңы. - 2016. - 26 қаңтар. - Б. 3.

Жақып, Б. Айналып кеттiң өзiң де; Өлмейтiн ғажап дастанға; Ақындардың қаласы; Алатау; Алматының сиренi; Алматы; Жаңбыр әнi [Мәтін] : өлеңдер / Б. Жақып // Алматы ақшамы. - 2016. - 31 наурыз. - Б. 31.

Жақып, Б. Көктем келдi, алма ағаш гүлiн төгiп...; Алғашқы жаңбыр; Неткен көктем; Достарды аңсау; Қазақ елi; Жер басып жүру бақыты; Сарыағаш; Найзақ [Мәтін] : өлеңдер / Б. Жақып // Қазақ әдебиетi. - 2016. - 1 - 7 сәуiр. - Б. 8.

 

Б. Ө. Жақып туралы әдебиеттер - Литература о Жакыпе Б. О.

Кітаптар – Книги

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - Жақып Бауыржан: б. 122.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - Жақып Бауыржан: б. 198.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Жақып Бауыржан: б. 29-31.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Жақып Бауыржан: б. 154.

Рамазан, Д. Көктамыр [Мәтін] : көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және сыр-сұхбаттар / Д. Рамазан. - Астана : Фолиант, 2013. - 312 б. - Асығы алшысынан түскен ақын : [Бауыржан Жақып туралы]: б. 252-263.

Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - Жақып Бауыржан: б. 181-183.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Жақып Бауыржан: б. 339.

***

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - Жакып Бауыржан: с. 176.

                                                              

Мақалалар – Статьи

Әлiмов, А. Табиғатпен егiздей [Мәтін] : [1996 ж. "Атамұра" баспасынан жарыққа шыққан Б. Жақыптың "Айдындағы аспан" атты жыр жинағы туралы] / А. Әлімов // Қазақ әдебиетi. - 1996. - 12 қараша. - Б. 11.

Қалқа, Н. Шықтай мөлдiр жырлары [Мәтін] : [ақын Б. Жақыптың 1996 ж. "Атамұра" баспасынан жарыққа шыққан "Айдындағы аспан" атты өлеңдер жинағы туралы] / Н. Қалқа // Жас Алаш. - 1997. - 7 қаңтар.

Ниязбек, Р. Жұлдыздан тамған сәуле [Мәтін] : ақын Б. Жақыптың шығармашылығы жөнiнде / Р. Ниязбек // Қазақ әдебиетi. - 2004. - 3 қыркүйек. - Б. 10.

Оспан, С. Таңғы шықтай тұнық [Мәтін] : [1996 ж. "Атамұра" баспасы жарыққа шыққан Бауыржан Жақыптың "Айдындағы аспан" атты жыр жинағы туралы] / С. Оспан // Егемен Қазақстан. - 1997. - 6 желтоқсан.

Нұрахметов, С. Бiр өлеңiм құсқа айналып, құйқылжып [Мәтін] : Б. Жақып жырлары хақында / С. Нұрахметов // Ана тiлi. - 2005. - 23 маусым. - Б. 11.

Оралбай, Ә. Публицистика парасаты [Мәтін] : Б. Жақыптың "Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары" атты еңбегi туралы / Ә. Оралбай // Нұр-Астана. - 2006. - 17-24 мамыр. - Б. 7.

Мәдениет және ақпарат министрлiгi журналистердi марапаттады [Мәтін] // Заң газетi. - 2006. - 28 маусым. - Б. 1. - Марапаттау қоса алғанда Б. Жақып.

Ахмади, Ж. Бауырмал жырдың бұлағы [Мәтін] : ақын Бауыржан Жақыптың "Уақыт ұршығы" жыр-жинағы хақында / Ж. Ахмади // Әдебиет айдыны. - 2006. - 3 тамыз. - Б. 10.

Райымбекұлы, М. Жалғыз жирен [Мәтін] / М. Райымбекұлы // Алтын орда. - 2006. - 3 - 9 қараша. - Б. 24. - Ақын Б. Жақып шығармашылығы туралы.

Ыдырысов, Ә. Көсемсөз өнерi [Мәтін] / Ә. Ыдырысов // Ана тiлi. - 2008. - 17 сәуiр. - Б. 11. - Б. Жақыптың "Публицистикалық шығармашылық негiздерi" оқулығы туралы.

Мұқанов, Д. Публицистиканың тамыры мен тарихы [Мәтін] / Д. Мұқанов // Әдебиет айдыны. - 2008. - 15 мамыр. - Б. 4. - Ғалым Б. Жақыптың "Публицистикалық шығармашылық негiздерi" атты ғылыми зерттеу еңбегi туралы.

Ыдырысов, Ә. Қазақ көсемсөз өнерi болмысының бар қыры тұңғыш рет тұтас ғылыми терең зерделенген тұғырлы туынды [Мәтін] / Ә. Ыдырысов // ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы = Вестник КазНУ. Серия журналистики. - 2008. - № 1. - Б. 60-67. - Б. Жақыптың "Публицистикалық шығармашылық негiздерi" атты оқулығы жайында.

Бекболатұлы, Ж. Сөз өнерiнiң сырына үңiлген [Мәтін] / Ж. Бекболатұлы // Ақиқат. - 2008. - № 11. - Б. 235-238. - Профессор Бауыржан Жақып "Публицистикалық шығармашылық негiздерi" зерттеуiне сын.

Есали, А. Энциклопедия кез келген мемлекеттiң бас кiтабы болып саналады [Мәтін] / А. Есали // Егемен Қазақстан. - 2009. - 27 қаңтар. - Б. 3. - "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС ұжымына жаңа басшы болып профессор Б. Жақып тағайындалды.

"Қазақ энциклопедиясына" Бауыржан келді [Мәтін] // Түркістан. - 2009. - 29 қаңтар. - Б. 12. - Б. Жақып туралы.

Сейхуни, Қ. Энциклопедияны ендi Бауыржан Жақып басқарады [Мәтін] / Қ, Сейхуни // Жас Қазақ үнi. - 2009. - 6 ақпан. - Б. 2.

Нұрбаев, С. Ыстық сезiм, сағыныштың самалы белгiлi ақын Бауыржан Жақыптың жыр кешiнен сезiлдi [Мәтін] / С. Нұрбаев // Семей таңы. - 2009. - 12 қараша. - Б. 2.

Ниязбек, Р. Жұлдыздан тамған сәуле жырлар [Мәтін] / Р. Ниязбек // Сын. - 2009. - № 4. - Б. 27-35; Жұлдыз. - 2009. - № 11. - Б. 196-202. - Ақын Б. Жақыптың шығармашылығы жайында әдеби сын.

Ниязбеков, Р. Жұлдыздан тамған сәуле жырлар [Мәтін] / Р. Ниязбеков // Жұлдыз. - 2009. - № 11. - Б. 196-202. - Ақын Бауыржан Жақыптың шығармашылығы жайында.

Көркембаев, Р. "Болмасаң да ұқсап бақ, бiр ғалымды көрсеңiз..." [Мәтін] : (Бауыржан Жақып туралы бiр үзiк сыр) / Р. Көркембаев // Семей таңы. - 2010. - 14 қаңтар. - Б. 9.

Байдәулетова, Қ. Үлкен жолға балалық шақта адаспай түстiм [Мәтін] / Қ. Байдәулетова // Айқын. - 2011. - 2 наурыз. - Б. 8. - Ақын Б. Жақып туралы.

Берiкболова, М. Бас бәйгенi Бауыржан алды [Мәтін] / М. Берікболова // Айқын. - 2011. - 2 қыркүйек. – Б. 5. - Халықаралық мүшәйра жеңiмпазы Б. Жақып туралы.

Қасым, А. "Шығыс шынары" Бауыржан Жақыпқа бұйырды [Мәтін] / А. Қасым // Алаш айнасы. - 2011. - 3 қыркүйек. - Б. 1, 3.

Қасым, А. "Шығыс шынарының" бас жүлдесi - Бауыржан Жақыпта! [Мәтін] / А. Қасым // Семей таңы. - 2011. - 6 қыркүйек. - Б. 1.

Жанайтқызы, Қ. "Шығыс шынарының" жеңiмпаздары [Мәтін] // Президент және Халық. - 2011. - 9 қыркүйек. - Б. 2. - Шығыс Қазақстан облысында Б. Жақыптың қатысуымен II халықаралық "Шығыс шынары" атты ақындар мүшәйрасы өттi.

Кемелбаева, А. "Көмейден төккен көркем үн" [Мәтін] / А. Кемелбаева // Қазақ әдебиетi. - 2012. - 30 наурыз - 5 сәуiр. - Б. 10. - Ақын Б. Жақыптың шығармашылығы туралы.

Әбушахман, Т. "Елім менің" - елдің назарында [Мәтін] / Т. Әбушахман // Түркістан. - 2012. - 8 қараша. - Б. 15. - Б. Жақып туралы.

Қасым, А. "Шығыс шынарының" бас жүлдесі - Бауыржан Жақыпта [Мәтін] : жоғары марапатты иеленді / А. Қасым // Семей таңы. - 2011. - 6 қыркүйек. - Б. 1; Семей таңы. - 2013. - 11 қаңтар. - Б. 2.

Ақынмен өткен әсерлi кеш [Мәтін] // Айқын. - 2013. - 26 сәуiр. - Б. 5. - Алматыдағы № 15 гимназияда ақын Бауыржан Жақыптың қатысуымен өткен әдеби кеш жайлы.

Майкотова, Ғ. Бауыржандардың осалы жоқ [Мәтін] / Ғ. Майкотова // Айқын. - 2013. - 27 сәуiр. - Б. 5. - Журналистика факультетiнiң деканы Б. Жақып туралы.

Ошанова, О. Ақын. Ғалым. Ұстаз [Мәтін] / О. Ошанова// Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 мамыр. -Б. 7. - Ақын Бауыржан Жақып туралы.


Ниязбек, Р. Жүрегiнен жұлдызды жырлар саулаған [Мәтін] / Р. Ниязбек // Ана тiлi. - 2013. - 23 - 29 мамыр. - Б. 9. - Ақын Б. Жақып туралы.

Жайлыбай, Ғ. "...Табиғатқа өлең айналар" [Мәтін] / Ғ. Жайлыбай // Қазақ әдебиетi. - 2013. - 24 - 30 мамыр. - Б. 11. - Ақын Б. Жақып поэзиясы туралы.

Бекмұратұлы, С. Әженiң әлдиi бар құлағында [Мәтін] / С. Бекмұратұлы // Алматы ақшамы. - 2013. - 25 мамыр. – Б. 15. - Ақын Б. Жақыптың "Уақыт ұршығы" кiтабын оқығаннан кейiн туған ой.

Ыдырысов, Ә. Көсемсөз зергерi [Мәтін] / Ә. Ыдырысов // Дала мен қала. - 2013. - 27 мамыр. - Б. 14. - Ақын, профессор Б. Жақыптың "Публицистикалық шығармашылық негiздерi" атты кiтабы туралы.

Медеубекұлы, С. Ақындық пен ғылымды ұштастырған талант [Мәтін] / С. Медеубекұлы // Алаш айнасы. - 2013. - 29 мамыр. - Б. 5. - Ақын Б. Жақып жайында.

Әлiмбекова, С. "Таны менi, ашып көр құпиямды..." [Мәтін] / С. Әлімбекова // Айқын. - 2013. - 20 қараша. - Б. 5.; Класс Time. - 2013. - 27 қараша. - Б. 6. - ҚазҰУ-да ақын Б. Жақыппен кездесу кешi өттi.

Жұматай, А. "Таны менi, ашып көр құпиямды..." [Мәтін] / А. Жұматай // Ана тiлi. - 2013. - 21 - 27 қараша. - Б. 5. - Ақын, "Қазақ энциклопедиясы" баспасының директоры Б. Ө. Жақыппен кездесу туралы.

Ерман, Ж. Бауыржанға [Мәтін] : өлең / Ж. Ерман // Қазақ әдебиетi. - 2013. - 24 - 30 мамыр. - Б.11.

Елеукенов, Ш. "Бұл өлке өлең-жырдың сарайы еді" [Мәтін] / Ш. Елеукенов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 3 маусым. - Б. 7 . - Ақын Бауыржан Жақыптың жаңа жинағынан туған ойлар.


"Уақыт ұршығы" [Мәтін] // Қазақ әдебиетi. - 2014. - 5 - 11 желтоқсан. - Б. 2. -
Ақын Бауыржан Жақыптың "Уақыт ұршығы" атты жыр кiтабы жарық көрдi.

Рамазан, Д. Асығы алшысынан түскен ақын [Мәтін] / Д. Рамазан // Ақиқат. - 2014. - № 2. - Б. 94-98. - Ақын Б. Жақып шығармашылығы жайында.

Әлiқожа, Б. "Абайдың Қасқабұлағы" [Мәтін] / Б. Әлқожа // Қазақ әдебиетi. - 2015. - 4 - 10 желтоқсан. - Б. 4. - Қазақ саз аспаптар мұражайында ақын Б. Жақыптың "Абайдың Қасқабұлағы" атты шығармашылық кешi өттi.

***

Ермухан, Д. Прозрачность мысли, хрустальность языка [Текст] : в Усть-Каменогорске состоялся Международный фестиваль литературы и искусства - мушайра "Шыгыс Шынары"" с участием Б. Жакыпа / Д. Ермухан, Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2011. - 2 сентября. - С. 1, 2.

 

Аудармалар - Переводы

Акбаш, Ә. Қазақ мазарлығы; Аралды жоқтау (Якуб Демирелоғлына); Сахара: өлеңдер / Ә. Акбаш; ауд. Б. Жақып // Әлем әдебиетi. - 2009. - № 5. - Б. 137-140.